Срм тақырыбы: География ғылым ретінде Орындаған: Седенов Ш. Т. Қабылдаған: Калиаскарова З. К. Алматы, 2022 жыл. МазмұНЫ



бет3/7
Дата24.02.2022
өлшемі91,87 Kb.
#133034
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мухаметхан макпал СРМ
1 глоссарий п н бойынша глоссарий Педагогика, f9711b58-b3aa-11e4-bd4b-f6d299da70eeГлоссарий, месяц, 1 тема, тесты, Текст, 8-сабақ. Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды
Ұлы географиялық ашылулар
ХVI ғасырдан бастап география аса маңызды ғылымға айналып, жеке салаларға бөліне бастады. Осы кезеңдерге географияның ерекше ғылыми тілі картография қалыптасты. Ұлы географиялық ашылулардың ғылыми қорытындылары голланд ғалымы Бернхардус Варениустың “«Жалпы география»” атты еңбегінде (1650 ж.) жинақталды. Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды. Мұндай ізденістің басты себептері: 15 ғ-дың ортасына қарай Еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан (Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт. Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен Испания бастады [3].

Экспедициялар кезеңі


XVII — XVIII ғасырларда түрлі елдердің табиғат жағдайларын зерттеуге және оларда өтіп жатқан табиғи процестерді түсіндіруге қызығушылық арта түсті (Г. Лейбниц, Ж. Бюффон, М. В. Ломоносов). Ресейде экономикалық географияның қалыптасуына И. К. Кирилов, В. Н. Татищев, М. В. Ломоносов зор үлес қосты. Жаратылыстану ғылымының XVIII — XIX ғасырлардың I жартысындағы аса көрнекті жетістіктері бұрынғы натурфилософиялық жорамалдардан бас тартуға, "табиғаттағы процестердің бәрінің өзіне тән себептері бар" деген ғылыми тұжырым жасауға мүмкіндік берді. Бұл кезеңде география жөнінде екі түрлі пікір туды: XIX ғасырда неміс саяхатшысы А. Гумбольдт өзінің “Космос” (1845—1862) атты еңбегінде "Физикалық географияның міндеті — табиғат құбылыстарының жалпы заңдарын және олардың ішкі өзара байланыстарын зерттеу", — десе,[10] неміс географы Карл Риттер өзінің “«Dіe Erdkunde іm Verhalt-nіs zur Natus und zur Geoschhіchte des Menschen»” (1822 — 1859) еңбегінде "Географияның басты міндеті — табиғаттың адамға тигізер әсерін зерттеу ғана", — деп түсіндірді [4].

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басындағы ғылыми экспедициялар мен теориялық ашылулар


XIX ғасырдың аяғында Ресейде B.В. Докучаев комплексті физгеографиялық зерттеулердің негізін қалап, бұл зерттеулердің міндетін халық шаруашылығы мәселелерін шешумен байланыстырды.[11] География өзара байланыстылықты тануға А. И. Воейков зор үлес қосты. XX ғасырдың басында Л. С. Бергтің, А. А. Борзовтың т. б. еңбектерінде ландшафт туралы ұғым қалыптастырылды. Географиялық ғылыми зерттеулердің дамуына Орыс географиялық қоғамы (1845) үлкен еңбек сіңірді. 19 ғасырдағы және 20 ғасырдың басындағы экспедициялар Азияның бұрыннан беймәлім ішкі аймақтарын (П. П. Семенов-Тян- Шанский, Н. М. Пржевальский, Г. Н. Потанин), Жаңа Гвинеяны (Н. Н. Миклухо-Маклай) зерттеді, Антарктиданы (Ф. Ф. Беллинсгаузен, М. П. Лазарев) ашты [5].
География өзінің одан әрі даму сатысында (XVIII ғ.) геологияға, XIX ғасырдың I жартысында экономикалық (алғашында “статистикалық”) және физикалық географияларға жіктелді. Географияның зерттеу объектілері мен тәсілдері күрделене түсіп, XX ғасырдың басында география ғылымдарының жүйесін қалыптастырды [5].
Бүгінгі таңда Жер шарында ашылмаған жер жоқ деуге де болады, бірақ онымен географиялық ашулар тоқтады деген ұғым тумау керек. Жаңа географиялық зерттеулерде ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері: ғарыштық және аэро кескіндеулер, геофизикалық зерттеулер, ақпаратты компьютерлік өңдеу және т.б.пайдаланылады. Қазіргі заманғы география ғылымы табиғи ортаны қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдалану, мұхит табиғатын жаңа құралдар мен әдістер көмегімен танып-білу, адамзат пен табиғат арасындағы байланыс, табиғат апаттарын болжау және оларды болдырмау бағытында зерттеулер жүргізуде [6].




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет