Срм тақырыбы: География ғылым ретінде Орындаған: Седенов Ш. Т. Қабылдаған: Калиаскарова З. К. Алматы, 2022 жыл. МазмұНЫ



бет4/7
Дата24.02.2022
өлшемі91,87 Kb.
#133034
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мухаметхан макпал СРМ
1 глоссарий п н бойынша глоссарий Педагогика, f9711b58-b3aa-11e4-bd4b-f6d299da70eeГлоссарий, месяц, 1 тема, тесты, Текст, 8-сабақ. Неліктен ІІ Александр патша «Халық еркі» ұйымының құрбаны болды
Географияның зерттеу объектілері

География жер бетін құрастыратын күрделі территориялық жүйелерді зерттейді. Бұл жүйелер: табиғи, әлеуметтік және табиғи-қоғамдық болып бөлінеді. География ғылыми байланыстардың екі сферасының (табиғи және қоғамдық) арасында орналасқан, сол себепті оның зерттеу обьектілері алуан геожүйелер мен оның компоненттері саналады [6].
Дегенмен, ғылым дамуының барысында географияның зерттеу обьектілері сан рет өзгерді. Жалпы қалыптасқан ұғым бойынша көптеген ғалымдар география ғылымының негізгі обьектісі ретінде жер бетін қарастырады. Бұған байланысты Карл Риттер географияның зерттеу объектісі ретінде Жер бетін, Э.Мартонн - Жер бетіндегі адамзат қызметіне байланысты физикалық, химиялық, биологиялық құбылыстармен олардың таралу себептерін, О.Пешель - Жер табиғатын қарастырады [7].
Көптеген физик-географтар П.И.Броунов ұсынған «географиялық қабық» обьектісімен келіседі. Географияның зерттеу обьектісі ретінде бірнеше терминдер ұсынылды: географиялық қабық, ландшафт қабығы, геосфера, ландшафтық сфера, биогеосфера, эпигеосфера тағы басқа. Ең дұрыс дел қабылданғаны: «географиялық қабық». Бұл бірнеше бірімен-бірі байланысты жер сфералары мен олардың элементтерінен литосферадан, гидросферадан, атмосферадан, биосферадан тұратын күрделі құрылым - географиялық қабық болып табылады. Географиялық қабықтың компоненттеріне ауа, су, тау жыныстары, тірі заттар жатады. Сондықтан географиялық қабықтың барлық компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Географиялық қабықтың біртұтастығы - оның ең маңызды қасиеті [1].




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет