Срс тақырыбы: Көз ауруларының жіктелуі, балауы және емі (глаукома) Орындаған: Төлеу Мерхат


Конъюнктива аурулары, клиникалық белгілері және емдеу шаралары



бет15/25
Дата27.04.2022
өлшемі5,05 Mb.
#141066
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
көз аурулары срс

2.3. Конъюнктива аурулары, клиникалық белгілері және емдеу шаралары

Конъюнктиваның жарақаты. Конъюнктива көз қабағының ішкі кілегейлі қабығы екені белгілі. Қабақтың терісі мен конъюнктива созылғыш болса да олардың жарақаттары жиі кездесіп тұрады. Себептері әртүрлі. Конъюнктива сыртқы жағынан көздің қабағының жарақаттануынан, ішкі жағынан көзге бөгде заттар түсуінен жарақаттанады. Көбіне бір жақ көздің конъюнктивасы жарақаттанады. Конъюнктиваның созылғыштығы оны қатты жарақаттанудан қорғайды. Механикалық әсерлерден көбіне оған жеңіл жарақаттар, сызаттар түседі, қанталайды. Көзге түскен бөгде зат конъюнктиваны алғашында жарақаттамайды. Бірақ, қатты аурушаңдық туғызып, жануарды қатты мазасыздандырады. Соның салдарынан жануарлар көзін алдыңғы аяғына немесе басқа заттарға үйкеп, бөгде заттың конъюнктиваны жарақаттауына әкеледі. Сонымен бірге бөгде зат көздің қасаң қабығын және ақ қабығын қоса жарақаттайды. Жарақат арқылы көзе инфекция түсуіне жол ашылады. Белгілері. Сырттан болған жарақатта қабақ жарақаттанған, домбығып ісінген. Жануар жарыққа қарай алмайды. Қабағын ашпайды (блефароспазм). Көзден жас ағады. Бөгде заттар түссе конъюнктиваны ашып қарағанда бетінен қатты микробөлшектер (шаң, құм, кейбір ши тәрізді өсімдіктердің ұрықтары) анықталады. Конъюнктива аздап ісінген, қызарған, ноқатты қан құйылу болады. Сонымен қоса конъюнктива сызылған, тілінген. Жарақат терең болса ол жері қанайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет