Срс тақырыбы: Көз ауруларының жіктелуі, балауы және емі (глаукома) Орындаған: Төлеу Мерхат


қабынуларының конъюнктиваға ауысуы



бет18/25
Дата27.04.2022
өлшемі5,05 Mb.
#141066
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
көз аурулары срс

қабынуларының конъюнктиваға ауысуы

салдарынан болуы да кездеседі. Бұған

қабақтардың, қасаң қабықтың,

жас аппаратының қабынуларының

конъюнктиваға шабуын айтуға болады. 

Конъюнктивиттің жіктелуі: 

Конъюнктивит ағымы бойынша жіті және созылмалы,

ал қабынуда пайда болған эксудаттың сипатына қарай

катаральді және іріңді деп жіктеледі. Жіті конъюнктивит

өз кезегінде: жіті катаральді конъюнктивит, жіті іріңді

конъюнктивитке жіктеледі. Созылмалы конъюнктивиттің

жіктелуі: іріңді конъюнктивит, фибрионозды конъюнктивит,

флегмонды конъюнктивит, фолликулярлы конъюнктивит.


4 – ші сурет. Иттердегі фолликулярлы конъюнктивит.

Жіті катаральді конъюнктивит – конъюнктивиттің жиі кездесетін түрі. Дамуы тез, конъюнктиваның беткі эпителий қабаты мен базальды жарғағы (мембранасы) қабынады. Катаральді конъюнктивит әсіресе ит обасы, тұмау сияқты жіті өтетін инфекциялық ауруларға тән. Белгілері. Конъюнктива ісінген, ашық қызыл түсті. Оның қан тамырлары айқын көрінеді. Көз аумағы аурушаң, жергілікті қызуы көтерілген. Жануарлар жарықтан жасқанып, көзін аша алмайды (блефароспазм). Иттің, терісі бағалы аңдардың және мысықтың ауру көзі қышып, олар оны тырмалап, үйкелеп ауруын одан әрі өршітеді. Көздің ішкі бұрышынан сулы сұйық ағады. Ол жастан, кілегейлі сұйықтан тұрады және кірпіктерді жабыстырып тастайды. Конъюнктиваның қабынуы жиі қасаң қабыққа ауысып, керато - конъюнктивит дамиды. Созылмалы катаральді конъюнктивит. Катаральді конъюнктивиттің баяу дамитын түрі. Пайда болуының негізгі себебі конъюнктиваға физикалық, химиялық факторлардың жағымсыз әсер етуі. Мал қорасы ауасында аммиак мөлшері мен шаң - тозаңның шамадан тыс көптігі көзді созылмалы катаральді конъюнктивитке шалдықтыратыны белгілі. Ыстық, ылғалды немесе құрғақ қорада ұсталған малдардың көзінде де бұл ауру дамиды. Келесі себептері тітіркендіргіш дәрілердің әсері (формалин), витаминдердің жетіспеуі (құстарда А витамині). Кәрі немесе өте арық малдарда көз алмасының солып көз шарасына түсуіне байланысты конъюнктива кеуіп, конъюнктивит дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет