Срс тақырыбы: Көз ауруларының жіктелуі, балауы және емі (глаукома) Орындаған: Төлеу Мерхат



бет16/25
Дата27.04.2022
өлшемі5,05 Mb.
#141066
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Байланысты:
көз аурулары срс

Емі. Конъюнктиваның жарақаты салыстырмалы түрде жеңіл жарақатқа жатқанмен, емдемесе микроорганизмдер түсіп асқынады. Ем жарақаттың сипатына қарай жасалады. Егер конъюнктиваның жарақаты қабақтың жарақатының салдары болса, оның көлемінің үлкендігі мен тереңдігіне байланысты емдер жасалады. Жеңіл жарақаттарды емдеу дезинфекциялық дәрілердің ерітінділерін, көз тамшыларын қолданып өңдеумен шектеледі. Ал, көлемі үлкен және терең жарақаттарға механикалық тазалау мен залалсыздандырудан соң хирургиялық тігіс салынады. Ары қарайғы емдеу кәдімгі асептикалық жарақатты емдегендей жүргізіледі. Қабақтығы жарақатқа әртүрлі асептикалық ұнтақтар, майлар, аэрозолдар (септо – спрей) қолданылады. Бұл дәрілердің өткір иісі (камфора, скипидар майлары, Вишневскидің бальзамды майы) мен тітіркендіргіш қасиеттері болмауы тиіс. Конъюнктива қапшығына 5 % синтомицин, 1 % тетрациклин сияқты көзге арналған майларды салып жарақат толық жазылғанша емдеу керек. Көзге бөгде заттар түскен болса, малды мықтап бекітіп, конъюнктивасын жылы физиологиялық ерітіндімен немесе 0,02 % фурацилинмен инесіз шприцті пайдаланып ағындата жуып тазалау керек. Оған болмаса ауырсындырмау жасау үшін көзге 2% новокаин тамызып, қабақтарды кезек – кезек ашып, бөгде затты іздеп тауып, оны физиологиялық ерітіндіге батырылған стерильді кішкене мәрлі тампонға жабыстырып алып тастайды. Бөгде зат ірі болғанда оны көзге арналған қысқышпен алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет