Статистикалық Болжамдарды зерттеуді Тексерудің параметрлік емес әдістері



бет3/3
Дата16.03.2023
өлшемі178,11 Kb.
#172697
1   2   3
Байланысты:
Каукарбек Диана 5сро 207б
Модель схема научного текста, 1-nuska 4, Жумагулова Асылай, Культура проф.речи (3), анализ текста

Таңбалар критерийі

  • Таңбалар критерийінің жұптасқан бақылауларды (мысалы, емдеуге дейін және кейін) бағалағанда қолданылатын t критерийінен өзгешелігі ол өзгеріске ұшыраған шамаларды емес, ал тек қана олардың бағыттарын ескереді. Сондықтан бұл өзгерістердің сипаты балама түрде ескеріледі (ұлғайған - кеміген, нашарлаған – жақсарған және с.с., қысқарту үшін әдетте «+» және «–» таңбаларымен белгіленеді,осыдан келіп критерийдің атауы шыққан). Айырмасы жоқ жұптасқан бақылаулар (=таңбасымен немесе 0-мен белгілеуге болады) әрі қарай салыстырылудан шығарылып тасталынады. Осыған байланысты осындай нөлдік айырмалар санын мейлінше аз болдыруға тырысу қажет(сандық және жартылай сандық бақылаулардың өлшеу дәлдігін жо-ғарылату арқылы таңдама деректердің үзіліссіздігін қамтамасыз ету).

Таңбалар критерийін практикада қолдану төмендегідей түрде жүзеге асады:


салыстырылып отырған жұптасқан бақылаулардағы өзгерістердің бағыттары анықталады және бақылаудың әр жұбы үшін + немесе – таңбаларымен,ал өзгерістер жоқ болған жағдайда 0-мен белгіленеді;
Айырмашылығы бар (яғни, + және – таңбаларымен белгіленген) жұп бақылаулардың жалпы саны (n) саналады;
Салыстырудың бірдей нәтижелерінің (яғни, + немесе –таңбалары санының) аз саны есептеледі де Zәрпімен белгіленеді;
Алынған Z саны берілген жұп бақылаулар саны үшін арнайы кестедегі сыни мәндермен (Z05, Z01) салыстырылады;
Егер Z саны Z05 (5% мәнділік деңгейіне сәйкес келетін) сыни кестелік мәнге тең немесе одан үлкен болса, онда орын алған өзгерістер кездейсоқ, статистикалық мәнді емес (нөлдік жорамал дұрыс) деген қорытынды жасалады.

Есептің шарты: 10 науқастың өттеріндегі билирубиннің мөлшері антибиотик енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейін өлшенді. Тапсырма. Билирубин санының айырмашылығының маңыздылығын анықтау қажет.

Есептің шешуі

  • 1) Билирубиннің көбеюі 7 науқаста, ал азаюы 2 науқаста байқалды.
  • 2) Жұп бақылаулар саны 10-ға тең болды. Бір жұпта нәтижелер теңдей болды.
  • 3) Бағалау бір бағыттағы нәтижелердің ең аз саны бойынша жүргізіледі. Берілген жағдайда бұл қандағы билирубин мөлшері азайған 2 науқаста болды.
  • 4)Өзара байланысқан екі жиынтықтың арасындағы айырмашылықтың шынайылығы кесте бойынша жүргізіледі. Кестені пайдаланғанда жалпы жұп бақылаулар санынан дейінгі және кейінгі әсерде нәтижелері бірдей болған, яғни өзгерістер болмаған жағдайларды алып тасталынады. Сонымен, біздің мысалда n=9(10-1), Z=2 (бір бағыттағы нәтижелердің аз саны). Кесте бойынша Z05 = 2, Z01 = 1.
  • Қорытынды: 95% үлкен, бірақ 99% аз ықтималдықпен антибиотиктерді енгізу өттегі билирубиннің мөлшерін көбейтеді деп айтуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • tps://melimde.com/statistikali-boljamdardi-tekserudi-parametrlik-emes-edisteri-j.html
  • https://kk.eferrit.com/%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0-%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5/
  • А.А.Раманқұлова 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет