Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және



Дата16.10.2019
өлшемі53,81 Kb.
#49970
Байланысты:
Эссе

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның

бәрін жете түсінген, көрген, естіген және

аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы

сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да

аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен,

өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ

және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да,

жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне…

жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану

дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.



Әл-Фараби

Ұрпақ… Бала … Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні. Қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде- ұрпақ тәрбиесі.Ал сол ұрпақтың азамат болып шығуына бағыт- бағдар беріп, үнемі қадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысы деп білемін.

Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Әр бала-жеке тұлға. Біріне – бірі ұқсамайды, жаңалықты асыға күтетін талант иесі.

Сол талантты бала жүрегіндегі ізгілікті шынайылықпен тани білетін қазіргі заманғы ұстаз қандай болуы керек? деген өзекті сұрақ өз жауабын күтуде.

Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – басшы. Басшы басқару үдерістерінің табиғатын түсінуі, басқару тиімділігін арттыру тәсілдерін, персоналдарды басқаруға қажетті ақпараттық технологиялар мен құралдарды білуі тиіс, ол үшін басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің, әртүрлі жағдайлар мен ортада басқарушылық шешімсдерді қабылдаудың, адамдармен жұмыс істеудің психологиялық ерекшеліктерін ескеруі қажет. Басшылардың психологиялық басқарушылық мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, қызметкер тұлғасының ерекшеліктері, тұлғааралық қарым қатынастар мен еңбек ұжымының қызмет ету заңдылықтарын теоретикалық түсіну мен басқаруда қолдануға қажетті негіздерді құруға бағытталған ғылым мен іс-тәжірибе ретінде басқару психологиясы көмек көрсете алады.

Педагогикалық ұжымды басқару ісі ерекше еңбекті қажет етеді. Қызметтестеріңмен тығыз қатынаста болу, олардың күшті немесе әлсіз жақтарын білу, болып жатқан жағдайды түсіну қатаң басқару стилінен арылтады. Байсалдылық пен өзіңе деген сенімділік басшыны тартымды етеді, айналасындағы адамдардың қалыпты еңбек етуіне жағдай жасайды. Қандай жағдай болмасын, істің жалғыз дұрыс шешімін табуға жұмсаған еңбегіңді ешкім білмегені абзал. Себебі, проблеманы шешу барысында өз ой-өрісіңді дамытасың, шыдамдылыққа үйренесің.

Білім беретін мекеменің заманауи басшысы – ерекше шешім таба алатын, ақылымен, мәдениеттілігімен, кәсіби біліктілігімен, тіпті келбетімен де өзіне тартатын, шығармашылық идеялардың, инновациялардың генераторы. Ол халықтың мұқтажын өзінікіндей көреді, адамға қолдау көрсетіп, керек жерде ескертіп, қатаң сұрау сала алады, сонымен қатар мақтау, мадақтау лайық жерде одан да қалыспайды. Сондай атмосферада әріптес ұстаздар өздерінің тәжірибесі, энергиясы, білімі пәрменіне сай бағаланатынына сенімді болады, сондықтан толықтай жұмысына беріліп еңбек етеді.

Заманауи басшы – бұл, ең алдымен, басқару психологиясын меңгерген өз ісінің маманы. Әрбір ұжымда даулы жағдайлар тууы мүмкін. Мұндай кезде жетекші ата-анаға да, тәлімгерлерге де тиімді, қызықты әрі бірегей шешім табуы тиіс. Уақыт өте кәсіби және жекебас мәселелері ажырағысыз болып кетеді. Мектеп  өміріңнің жартысына, сүйікті үйіңе айналады, жұмыс уақыты мөлшермен реттелмейді. Ал басшының ең басты жетістігі деп педагогикалық ұжымның жоғарғы кәсіби біліктілігін атауға болады.

Заманауи басшы — өз әріптестерін жетістіктерге, инновацияларға жетелейтін, балалардың дүниетанымын арттыратын, ата-аналарды ортақ шығармашылыққа шақыратын адам. «Табиғат ана әр адамға әуестігіне қарап қабілет береді. Әуестігі болмаса, күші де болмайды. Өз мүмкіншіліктеріңді көру үшін көрегендік қажет». Оған қосарым – көрегендік басқалардың да мүмкіншілігін бағалауға, олармен ортақ жетістіктерге жетуге септігін тигізеді. Менің ойымша, білім беру мекемесінің басшысы қазіргі өмірдің қойған талаптарын ескере отырып, өзіндік педагог моделін құруы тиіс. Сондағы алдыңғы шарттардың бірі болып педагогика мәселелері шығады.

Табысты көшбасшы алдына мақсат қоя білу керек. Ол болған жағдайды тек ақылға сүйеніп емес, ішкі түйсігімен сезінуі керек. Ішкі түйсігі басшыны алдамайды, себебі ол жылдар бойғы тәжірибесінен жинақталады.

Дегенмен, ішкі түйсігінен басқа, басшы мектептің қалыпты жұмыс істеуі үшін, көбіне қаржы мен шаруашылық қызметке көңіл аударуы тиіс. Бұл да — басшы қызметінің маңызды құрамдас бөлігі. Биік көрсеткіштерге жету үшін, басшының оқушыларға, қызметкерлерге қолайлы тұрмыстық жағдай жасауы қажет. Мектеп ұжымын басқару деген – бұл қырлары көп, қиын, сонымен қатар қызықты әрі шығармашылыққа толы жол.

Осындай қиыншылығы мен қызығы мол мамандықты таңдап келгеніме биыл    24   жыл болды. Еңбек жолымды №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебінде информатика пәні мұғалімі болып бастадым.    2003 жылы мектебімізде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып, оқушылардың мінез-құлық, тәрбие үрдісінің даму жолында талмай еңбек еттім.  2011 жылдан қара шаңырағымыздың басшылық қызметіндемін. Осы жылдан үлкен ұжымды бағыттап басқару-менің басты міндетім болды.

Мектеп басшысы қандай болу керек? Жауапкершілігі зор, өз әрекетінде істі аяқтауға деген ұмтылысы, мақсатқа жетуге деген табандылығы, мәселелерді шешуде сенімділігі, айналасындағыларға әсер ету қабілеті бар, өзгелерге жол көрсете алатын, қиындықты жеңе білетін белсенді тұлға. Осы қасиеттерге сай болуым үшін көп тер төгіп, еңбек етудемін.

Өткен істер мен бүгінгі жұмысыма талдау жасасам,


білім беру мекемеміздің қарамағында 90-ға жуық  ұстаздар қызмет атқарып, 700 шақты оқушылар білім алуда. Осындай үлкен контингентті басқаруда олардың жай-күйі, жағдайлары мектеп басшысы ретінде мені көп толғандырады. Үлкен ұжымды айрандай ұйытып басқару, оқушыларды сапалы біліммен қаруландыруға жағдай жасау-менің басшылық қызметімдегі ең негізгі міндеттерімнің бірі.

«Бүгінгі күн – кешегінің жемісі, ертеңгінің болмысы», — дейді дана халқымыз. Қай мемлекеттің болсын ертеңi – бiлiмдi жастардың қолында. Алдыңғы толқын аға буынның орнын басар, ізін жалғастыратын кейінгі толқын жастар. Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызы санайтын ұрпақ тәрбиелеуді білім беру саласы қызметкерлеріне жүктеді. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай да жасалуда.

2014 – 2015 оқу жылында Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауында баса назар аударылған үш ауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында 85 жылдық тарихы бар мектебіміз жаңадан бой көтерді. Жаңадан салынған зәулім мектептегі үлкен ұжымға басшылық жасау жауапкершілігі маған жүктелген еді.

Ұжымымның арқасында әр оқу жылын сәтті аяқтайтын табысты басшының бірімін. 2015-2016 жылдан бастап мектебіміз Республика бойынша 30 пилоттық мектептер қатарында. Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, олардың білім жүйесіне бірте-бірте енудеміз. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр. Оқыту жүйесі өзгерді. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім қажет. Осы орайда көптеген ұстаздарымыз жаңартылған білім беру бойынша семинарларға қатысып, оқуларды оқып келді. Жаңартылған білім беру бойынша мектебіміз семинарлар өткізіп, аудан көлеміндегі ұстаздармен өз тәжірибелерін бөлісу-табысты мектептің нәтижелі іс-әрекетіне айналды.



Мен үшін адам баласына берген «бақыттың» бірі осы басшылық қызметтің ұжыммен бірлесе еңбек етуінде деп білемін.

Басшы – ұжымға өмірлік азық боларлық пайдалы білім мен жанына ізгіліктің нәрін себуші, жақсы мен жаманды үйретіп, адамгершілік қасиеттерді сіңіруші, ең жақын жанашыры әрі ақылшысы. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі қоғамды ертең алға сүйрейтін озық ойлы адам және жаңашыл педагог мамандарды тәрбиелеуші, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаушы.        

Халқымызда «Көп жас жасағаннан емес, көп игілікті ісі бардан сұра»-демекші ұжымды жетістікке жеткізуге дем беретін басшының ықпалы мен бала тәрбиесіне үлкен мән беретін жаңа жобалар дүниеге келіп педагогтардың қызу қолдауына ие болуда.



Ал, мен – заман ағысына сай біліммен қаруланған, ой-өрісім жоғары, үздіксіз ізденісте жүрген, жан-жақты дамып келе жатқан қатардағы басшымын. Мақсатым мен міндетімді айқын білетін қарапайым адаммын. Күш-жігер, талабымның арқасында көш басында жүруді және үнемі үш қасиетті бойыма сақтауды мақсат еттім. Олар:талап, еңбек, терең ой… Талабым дұрыс шешім қабылдауға, еңбекқор болуым басшылыққа алып келді, терең ой жаңашыл болуға үйретті.

2011 жылдан бері басқарып, тынымсыз еңбегімнің нәтижесінде көптеген жетістіктерге жеттім. «Білім берудің мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің функционалдық құзіреттілігін дамыту» облыстық сайысында ІІ дәрежелі диплом; «Білімді Қазақстан» атты облыстық дөңгелек үстелде іс-тәжірибесімен бөліскені үшін диплом;  2017 жылы «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» ІХ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушысы; 2015-2016 оқу жылында дарынды балалармен жұмысты тиімді ұйымдастырғаны үшін ІІ орын иегері; 2016 жылы «Ең үздік сырттай оқу мектебі» номинациясы; 2016 жылы жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша аудандық «Жаз-2016» конкурсында «Жаңашыл алаң-2016» номинациясы;  2017 жылы АО «Самұрық Қазына» — Менің елім» компаниясының ұйымдастырылуымен өткізілген «Биіктерге бірге» ең үздік спорттық жоба конкурсында спорттық құрал-жабдықтар алу сертификатына ие болды. Мектеп 2015 жылдың 01.09 бастап  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы №159 бұйрық негізінде пилоттық мектеп болып табылады.

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Бізге ой-өрісі жоғары дамыған зерделі, жан-жақты, парасатты, дені сау ұрпақ керек екені бұлтартпас шындық, бұлжымас ақиқат. Тәрбие мен оқу бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын үрдіс. Жаңа заманның жаңашыл басшысы екі үрдісті бірдей теңестіріп алып жүруі оның шеберлігі мен іскерлігін көрсетеді.

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ғұлама, ойшыл Әл-Фараби айтқандай, «басшыға ынталылық пен табандылық қажет. Өйткені бұлар, жұрт айтқандай, тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді».

Халқымызда «Жас келсе  іске» деген керемет сөзі бар. Демек, мен бойымдағы жігерімді, күш қуатымды, жаңашылдығымды ұжымды көтеруге жұмсауым керек. Болашақта өз ұжымымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты басшы, бақытты адам деп білемін.

 

Заманауи басшы: табыс формуласы


«Мектептің жаны-мұғалім.

Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы»

Ахмет Байтұрсынұлы
Ұстаздық – ұлы іс. Ұстаз болу – адамгершілік пен ұлы еңбектің ұшар басы десек, сол биікке жету – талаптың асқар шыңы. Адам баласы Алланың аманаттап берген 12 мүшесіне ие болғаннан соң, екі қолынан күрек тайып түскенше, қажыр-қайратың қашқанша ерінбей еңбек ету керек. Ол үшін еңбекті сүю керек. Еңбекті сүю деген не? Ол асқақ армандардың жолында төселу, өз жұмысыңнан бақыт тауып, қиыншылықтармен шыңдалу. Осылайша еңбекпен бірге жеңіске жету. Мен – Ұстазбын. Ұлт тағдырын жүрегіне түйген, шәкірт жанының дүрсілін сүйген, мен – Ұстазбын. Әрбір оқушыға сара жол көрсетіп, білім нәрімен сусындатып, бүгінгі күннің жаңа мазмұндағы білім баспалдағына мінгізіп, кешегі қолына қылыш ұстаған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбайлардың ұрпағының қолына қалам ұстатып, білімімен әлемді тербеткен аяулы ұстаз болғаныма мақтанамын.

Бұл - менің армандаған және армандай беретін, сүйген және мәңгілік сүйіп те өтетін мамандығым

Мектептегі көшбасшылықты жүзеге асыруда ұлы Абай Құнанбаевтың «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» деген даналық сөзін әрдайым өзіме ұстаным етіп, білім үдерісінің нәтижелі әрі табысты болуы үшін, 48 мұғалім деңгейлік оқу курсын аяқтаған маманның заманауи көшбасшысы болуы үшін Орал қаласында Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша сертификатталып, жоғары нәтиже көрсеткенім үшін «Алғыс хатпен» марапатталдым.

Менің басшы болудағы мақсатым:

Оқушылардың санасының саңылауына білім нәрін құю. Болашаққа білімді, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар мен азаматшалар дайындау, тал бесігінен тәрбие беру. Мұның өзін екі түрлі бағытпен саралап жүзеге асырып келемін.

Біріншіден, ұлттық болмысымыздан ажырамай, ата-бабаларымыздың тәрбиесінен қанымызға сіңген адамгершілік, ізет пенен ізгіліктің нұрынан алыстамай тәрбиелеу.

Екіншіден, жаңашыл көзқарастағы қоғам көшінен қалыс қалмай, оқушыларға жаңаша тәрбие беру. Жүйрік уақытпен жарыса жүріп, ескі сүрлеу мен жаңаша бағытты сабақтастырып қазақи болмысын сақтай отырып бір ағысқа түсіру, сондықтан мектепті басқаруда ұжыммен жасалатын жұмыста басшылық мақсаты айқын әрі нақты болуы керек. Сонда ғана межелерге сүрінбей жете алатынымыз хақ.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.

Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген тұжырымын түйіндей келе, менің басшылық етіп отырған білім мекемесінің қаншалықты табысты екеніне көз жеткізгім келді.

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамына» қадам жасадық.

Нақты мақсаттардан құрылған баспалдақтан сүрінбей өту арқылы біз жастарымыздың тәрбиесінің оңды болуы үшін тың жобаларды іске қостық.

Алғашқы жоба –«Табиғатпен үндес мектеп» жобасы. Бұл жобаның мақсаты- мектеп оқушыларына табиғаты қатал Маңғыстауда көгалдандыру мәселесін шешу, өсімдіктердің өсу процессін білу, олардың жетілу дәрежесін анықтау. Осыны негізге ала отырып, біздің мектебімізде жасыл желек жұмысы өте жоғары дәрежеде жүргізіліп келеді. Мектебімде оқушылардың қамқорлығы мен баптауының нәтижесінде жайқалып өсіп тұрған фойелерде, сынып кабинеттерінде, баспалдақтар жиегінде 4000-ға жуық құмыралар өсіп тұр.

Бүгінде мектебіміздің жанынан оқушылардың ғылыми-тәжірибелік іс жүргізу үшін 2017 жылдың қаңтар айында жылыжай ашылды. Онда мектеп оқушылары түрлі өсімдіктердің өсіп-жетілуі үшін тәжірибе жұмыстарын жүргізіп, біліктіліктерін арттырады. Сонымен қатар, жылыжайда бақша өсімдіктері, көкөністер өсіріліп, мектеп асханасында оқушы балалар үшін азық-түлік ретінде пайдаланып келеді. Мектеп дәлізінде «Табиғатым – тал бесігім» атты табиғат бұрышы бар. Табиғат бұрышындағы балықтар мен тотықұстарды оқушылар өз қамқорлығына алып үнемі қадағалайды. Мен осылайша, олардың табиғатқа деген таңданысын, оны сүйе білуге сезімін оятамын.

Балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік болса, ол ертеңгі күні өз Отанын сүйетін, туған жерді аялайтын азаматқа айналады. Табиғаттың тіршілік иесі екенін сезінген сәби жандарынан оған ешқандай қастандық жасамайтын, қатыгездіктен бойы адал ұрпақ өседі. Оқушылардың санасында «Табиғат пен адам» - егіз ұғым деген ой қалыптасады. Олар өздерінің табиғаттың айнымас бір бөлшегі екенін түсіне отырып, қоршаған ортаға өз көмектерін тигізеді. Мұндай көмектің нәтижесінде мектебіміздің табиғатпен үндестігі қалыптаса түсті, мектепте гүлдің, гүлзарлардың саны күннен-күнге артуда.

Екінші жобамыз: «Мәңгілік ел» мұражайы мектебімізде қазақ дәстүрінің көрнісіне бай, кешегі ата-бабаларымыз тұтынған көнекөз жәдігерлермен толықтырылған, есігін ашсаң қазақтың исі аңқып, күре тамырымыз үзілмей, әлі де болса болмысымызды сақтап тұрған киіз үй бой көтерді. Бұл үй – «Мәңгілік ел» мұражайы. Мұражайда экспонаттар саны өте көп. Атап айтар болсам, кешегі бабалар тұтынған майшамдар, қамшы секілді бұйымдар және Маңғыстау марқасы Әбіш Кекілбаевтың өмірінің соңғы күндерінде жазып кеткен мақаласы, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Сайын Назарбектің үйіне келгенде 43 минут отырған орындығы сақталған. Бұл біз үшін бір тарих, оқушылар осы орындыққа отырып армандайды. «Елбасы секілді бізде елдің біртуар азаматы болсақ қой»,- деп тілейді.

Бұл мұражайды ашудағы мақсатымыз - жоғарыда айтқандай тәрбие берудің алғашқы бағыты бабалар жолынан тамырымызды үзбеу. Олардың қиыннан қиыстырып, жоқтан бар жасаған осы қасиетін үнемі ұрпақтарына баяндау, көзбен көріп, қолмен ұстату. Нәтижесінде мектеп оқушылары «Бабалар мұрасын сақтаймыз, дамытамыз» деген айдармен өз қолдарынан шыққан дүниелерден көрме ұйымдастырылды.

Үшінші жоба: «Абай әлеміне саяхат» клубы мектепте осындай атаумен клуб өз жұмысын жүргізіп жатыр. Бұл ретте айтарым, қазаққа Абайдан артық айтқан адам жоқ. Сондықтан Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқушылардың жүрегіне сіңіру- менің басты мақсатым. Абай атамыздың өлеңдерімен сусындаған ұрпақ ешқашан жамандыққа бармайды, ешқашан еңбектен қашпайды. Біз Абай өлеңдері мен қарасөздерін Елбасымыз айтқан үштілділік саясатының шеңберінде жаттап, балалардың өзге тілге деген тілін бастауыш сыныптан бастап сындырудамыз.
Өзге ұлт өкілдерінен аралас-құралас болмағандықтан, бұл балалар үшін орыс, ағылшын тілдерінде сөйлеу қиынға түскендіктен, мен үшін бұл тығырықтан шығудың жолы осы аталмыш клуб болды. Клуб президенті жазушы, ақын, сәулетші Сайын Назарбекұлы. Нәтижесінде оқушыларымыз білім көкжиегін кеңітіп, үш тілде тілін сындырып, көштен қалмай заман талабына ілесуде.

Энергия тиімділігі саясатын іске асыру - қазіргі таңда өнеркәсіп, тұрғын-үй коммуналдық және басқа салаларды жаңғыртудың басты құралдарының бірі. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың табысты саясаты елдің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондықтан да «Энергия үнемдеу – 2020» бағдарламасы негізінде мектеп ауласына 6 дана күн коллекторын орнаттық.

Төртінші жобам: «Мың кітап» жобасы. Бұл жобаны іске қосудағы мақсатым мектептегі кітапхана қорын байыту. Сол арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту. Жоба бойынша жасалатын жұмыс ауызбен айтылып қана қоймай іспен дәлелденді. Оған дәлел: кітап қоры толықтырылу үстінде.

Сонымен қатар, кітапхананы үш бөлімге бөлдік. Алғашқысы - қызыл бөлме. Бұл жерде балалар қызу дайындық жасап, кітапты қызығушылықпен отырып оқиды. Психологтардың дәлелдеуінше, қызыл түс қызуқандылықтың көрінісі іспетті. Ал келесі сары бөлмеде оқушылар қажетті білімін интернет іске қосылған компьютерден алады. Сары түс – іздену түсі болғандықтан балалар психологиясына да дұрыс әсер етпек. Ал жасыл бөлмені балалардың өз үйлері секілді сезіну үшін, емін-еркін, сабақтан соң шаршаған кезде, ертегі кітаптарын оқып отыруына, жағдай жасадым. Нәтижесі: үйде оқылмай жатқан әдеби кітаптар мектеп қызметкерлері, демеушілер арқылы мектепке сыйға тартылып, сол кітаптардың ішкі мазмұнына хабар беріліп, оқушыны қызықтырып, рухани жан дүниесін байыту. Осы жоба негізінде онкүндік шара өткізіліп, шара оң нәтижесін берді.

Бесінші жобам: «Мың ағаш» жобасы. Бұл жобаны іске қосудағы мақсат, ауылды көркейту. Әрбір жоба оқушылардың қатысуымен ғана іске асатындықтан, бұл жобадан да балалар тысқары қалған жоқ. Әрбір оқушы

1 ағаштан күзде отырғызып, жыл бойы әрқайсысы өз талына ерекше күтіммен қарайды. Осылайша олар туған жерге деген өз махабаттарын молайтады. Тал егу арқылы біз табиғатқа көрік береміз, ауа тазарады және шаң-тозаңның жолын байлайды. Бұл жоба өз жұмысын ешқашан тоқтатпақ емес.

Алтыншы жобам: «Үштік одақ», бұл жобада қоғам – оқушы – мұғалім бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Әр ай сайын қоғам, мұғалім тарапынан оқушыларға қазіргі таңдағы өзекті тақырыпқа айналған мәселелерді қозғап, дін туралы, мамандыққа қатысты, туған тіл, мәңгілік ел тақырыптарында қызу пікірталас өтіп, лекциялар оқылды. Мұның оқушыларға берері мол. Сондай-ақ олардың қоғаммен араласуы, өз ойын ашық жеткізу ерекше жоғарылайды. Осы жоба аясында біз әр сыныптан ұл балалардан бір-бір көшбасшы президент таңдадық. Ол оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болып, олардың пікірін жинақтап ортаға салдық және айына бір рет «Сынып лидері» атты сайыс өткізіледі.

Мектебімнің білім саласында жетістіктері өте көп. Нәтижесінде кеше ғана ашылған мектеп болғанымызға қарамастан, қашықтық-интернет олимпиадасынан аудан бойынша І орын, облыс бойынша ІІ орын, республика бойынша 31 орында тұрмыз. Бұл - біздің мектеп үшін үлкен мәртебе. Осы орайда, мен тиімді идеялар мен ойға қонымды ұсыныстарымды әкімшілік құраммен, ұстаздар қауымдастығымен бірлесе, ақылдаса отырып шешемін. Көреген басшы көш басында жүретіні анық. Міне, осындай ауызбіршіліктің нәтижесі менің жұмысым мен жетістігімнің шыңы болды және бола бермек, өз нәтижесін береді. Қорыта келе, жаңа жоба, жаңа идея мені жарқын болашаққа жетеледі. Толағай табыстарға жеткізді, мол мүмкіндіктерге жол ашты.

«Адамзат жетім болмайды – халықтан болса панасы,

                                                халық жетім болмайды – басшысы болса данасы»

                                                                                                            Сырым Датұлы

            Басқару – ұжымның мақсатын анықтап, оны жүзеге асыру үшін қажетті жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, талдау және бақылау-бағалау үдерісі. В.Сухомлинскийдің айтуынша «Басқару – адамтану, адамның күрделі және қызықты, рухани жан-дүниесіне үңіле білу. Басқарушылық шеберлік пен басқарушылық өнер – даналықты жүрекпен ұға білу».

Біздің қоғамымызда мектепті басқару жалпы басқару жүйесінің бөлігі бола тұра оған ерекше міндеттер жүктелген. Өйткені мектеп білім беру үдерісінде қазіргі кезең мен болашақтың талаптарын ұштасыра отырып, тұлғаны қалыптастыру мақсатында қызметін іске асырады.

М.Поташниктің айтуынша «Басқару – мектептің қалыптасуын, тиімді қызмет етуін және үнемі дамып отыруын қамтамасыз ететін барлық субъектілердің мақсатты іс-әрекеті».  Олай болса, мектепті басқару іс-әрекетінде ең алдымен мақсат қойылады. Мақсат мектептегі тұлғаның қалыптасуымен тікелей байланысты. Бүгінде мектеп халықтық тәрбие тағылымын игерген, білімді, парасатты, денсаулығы мықты, ел болашағын ойлайтын, өз бетінше ойлайтын  шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуі тиіс. Осындай түлек мектептен үлкен өмірге аттанады. Сондықтан басқару мақсаты, міндеттері осы жауапты, абыройлы іспен тікелей ұштасады.

Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы бағдарламаларды іске асыру үшін мұғалімдерді біліммен, дағдылармен қамтамасыз ету және олардың пікірлерін өзгертуге ықпал ету жеткілік-

ті емес екендігін көріп отырмыз. Мектепке өзгеріс енгізіп, оны басқаруда инновациялық қадам жасау үшін жаңа мәдениет құру қажеттігі туындады. Осы орайда, мектеп басшыларының алдында «XXI ғасырда нені оқыту керек?», «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?» және «XXI ғасырда мектебімді табысқа қалай жетелеймін?» деген сұрақтарға бірлесіп жауап іздеу мәселесі тұрғаны айдан анық. Себебі, өткен ғасырдағы жүйе мен тәуелсіз қазақстандық білім беру саласындағы айтулы айырмашылықтар туралы айтатын бол­сақ, бұл Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінде балаларды «қалай оқы­ту керектігі» туралы өзекті мәсе­леге басымдық беру қажеттілігін те­рең тү­сінуді көздеп отыр. Ал «XXI ғасыр­­да табысты болу үшін мектеп оқушы­сы қандай дағдыларды меңгеруі керек?» деген сұрақтың жауабын еліміз­дегі білім саласында болып жат­қан жаңалықтардан іздегеніміз жөн болар. Жаһандану заманында өз тілін, салт-дәстүрін жоғалтып алмай, жаңа ғасыр бәсекесіне түсе алатын, «өз­гер­­мелі өмірге икемді» бала оқы­тып, тәрбиелеу – жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі идея­сы. Сондықтан жаңартылған білім беру жағдайында директор көш­басшылығына қойылатын талаптар да күшейіп отыр.

Осыдан бұрынғы басшы мен қазіргі басшының айырмашылығын салыстырсақ, қазіргі мектепті басқаратын адамды басқару үдерісін кәсіби, сауаты жүргізуші, білікті басшы-менеджер деп айтуға әбден болады.

Мектепті басқару мазмұны, құрылымы, жаңа амалдары, жүзеге асырылуы және бүгінгі басшыларға қойылатын талаптарға сәйкес мектеп директоры, менің ойымша, біріншіден, басқарушы, ұжымға жетекшілік жасаушы.

Екіншіден, көшбасшы – өзінің абыройы, жоғары кәсіпкерлігі, жағымды көңіл күй қасиеттері негізінде ұжымды ұйымдастырушы. Біздің мектепте ұстаздардың көбі жас маман, болмаса тәжірибесі аз, сондықтан әрдайым көш бастап жүру менің міндетім деп есептеймін. Былтырғы оқу жылында Педагогикалық шеберлік орталығының базасында «Тәжірибедегі рефлексия» курсын оқып, мектеп тренері қызметін атқарып келемін. Педагогтарға оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту бағытында жұмыстанудамын. Мектепте деңгейлік бағдарламасын меңгерген тек 2 мұғалім болғандықтан және жылма-жыл мұғалімдер ауысып, орындарына жас мамандар келуінің салдарынан үнемі тренерлік жұмысты басынан бастауға тура келіп, көптеген жоспарланған жұмыстарымыз кейінге ысырылып қалу қаупі бар.

Үшіншіден, дипломат, әріптестері мен жоғары басқару органдары, ата-аналар, қоғамдық ұйымдармен байланыс орнатушы. Әрине, ауылымыз аудан орталығынан шалғайда және округ әкімшілігі де басқа ауылда орналасқандықтан, үнемі екі араны жалғастырушы , байланыс орнатушы болу да – үлкен міндет.

Төртіншіден, тәрбиеші, ұжымды қалыптастыратын және оның дамуына дұрыс бағыт беретін, жоғары  адамгершілік иесі. Осы бағытта үнемі алдыма келген жас мамандардың бойларындағы қабілеттерін, жақсы қасиеттерін анықтап, оларға жұмыс жасауға жағымды жағдайлар туғызып, тәрбиелеп, көмек көрсетуге тырысамын. Сонымен қатар, оқушыларымның бойынан да жақсы қасиеттерді анықтап, ұстаздық мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беріп келемін. Қазіргі таңда оқу  орындарын тәмәмдап, өз алтын ұясында 4 маман қызмет атқаруда. Жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарында 5 оқушымыз ұстаздық мамандықты игеруде.

Бесіншіден, жаңашыл, қазіргі кездегі ғылымның рөлін түсінетін, бағалай алатын, білім беру үдерісінде үнемі жаңалық енгізуші. Қазіргі таңда мектепте 1,2,5,7-сынып оқушылары жаңартылған бағдарламамен оқуда. 2014 жылы 1 (бірінші) деңгей бағдарламасын оқып сертификатқа ие болдым, 2016 жылының мамыр айында өз пәнім бойынша білім беру мазмұнын жаңарту аясында  білімімді жетілдірдім. Сонымен қатар, Алматы қаласында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептерді басқару  курсынан өттім.

Алтыншыдан, болжаушы, білім ұйымының болашағын ойлаушы, оның дамуын жүзеге асырушы. Осы мектебімнің болашағын болжау – менің ең басты бас ауруым деп айтсам қателеспеймін. Олай дейтінім, қазіргі таңда мектепте білім алушылар, әупірімдеп 41-ге толса, ендігі жылы мектепалды даярлық сыныбына келетін тек 2 бала ғана. Сонда  болашақта мектепке келетін балалар саны азаяды. Жылда алдағы 5 жылға болжам жасаймыз, мектепті сақтап қалуды үнемі басты назарда ұстауға тырысамын.

Жетіншіден, қарапайым, жоғары білімді, қабілетті, мәдениетті, адал, өз бетінше шешім қабылдайтын, айналасындағы адамдар үшін тек үлгі болатын адам.

«Жақсы басшы анық нұсқаулар береді және қол астындағылардың проблемаларға төтеп бере алулары үшін, жігерлі әрі батыл болуларына көмектеседі» деп Мәсіх Көсем айтқандай, алдыма келген  ұстаздарға алғашқы күннен көңіл бөліп, сабақтарына қатынасып, дұрыс бағытқа жол сілтеу – менің борышым деп есептеймін. Өйткені, олар жаңа ғана қиын да қызығы мол ұстаздық жолға бет бұрған жас шыбықтар тәрізді. Шыбықты қалай исең, солай өсетіні анық.  Сондықтан мен Мәсіх Көсем айтқандай, тек жақсы басшы атану үшін емес, алдымыздағы болашақ ұрпағымызға қиянат жасамайтын, дұрыс білім, нағыз тұлға етіп қалыптастыратын жігерлі батыл ұстаздар болуын қалаймын.

XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын, оқушының  өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Қазіргі мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық қабілеттері болуы тиіс.Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды, яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек. XXI ғасыр ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім – қоғам  айнасы. Бүгінгі мұғалім – ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Сондықтан мектептерде мұғалімге кәсіби шеберлігі, мәдениеті жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: “Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында” дегені бәрімізге белгілі. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздардың еңбегінің жемісі. Олай дейтін себебіміз, ақынды да, батырды да, алыпты да, дананы да ұстаз тәрбиелейді. Мұғалімі қандай болса, қоғамы да сондай болмақ делінген бұлжымас заңдылық ерте уақыттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет қана озып шыққан.

Қасиетті қара шаңырақтың білім нәрімен сусындап, мұғалім деген атақты алып шығу, оқушыларға жақсы тәрбие мен білім беру – үлкен ерлік. Себебі біз тәрбиелеген ұрпақ ертеңгі күні еліміздің тірегі болмақ. Тәуелсіздіктің тұғырын, еліміздің тыныштығын сақтап қалатын да солар. Сондықтан ұстаз болу – жүректің батырлығы!



Қолданған материал немесе құралыңыз – табысқа жетудің кілті емес. Шындығына келгенде, бәрімізде де кемшілік бар. Біз соны түрлі сылтаулармен жасырғымыз келеді. Жұрт көзінен жасырған кемшілігіміз өзімізге тіпті де ұмыт бола бастайды. Қашан да өзімізге сұрақ қоя білуіміз қажет.  «Бұл бір сылтау емес пе?..», міне, осы арқылы үздіксіз ізденуге болады. Өзіңе көп сұрақ қоя білу – талантыңды жасырып тұрған «ең үлкен сылтаулардан» құтылудың жолы. Өзіңе сұрақ қоюды ұмытқан күнің – табысқа жетуден соншалықты алыстаудың бастамасы.

 



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет