Степной орта мектебінің 2016-2017 оқу жылындағы тәрбие жұмысының I жарты жылдық есебі Мақсаты



бет2/2
Дата20.06.2018
өлшемі8,32 Mb.
#44071
1   2

II-орын 2А сынып

III- орын 1А сынып


5-11 сыныптар бойынша:

I орын 5А сынып

II-орын 8А сынып III- орын 7А сынып

Сайыс жүлдегерлері мектепішілік жиында мадақтау қағазымен марапатталды

Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

Адамның мәдениеті тіл, сөйлеген сөзі арқылы көрінеді, сондықтан тіл мәдениетін оқушыларға қалыптастыру мақсатында тілдер күні мерекесіне орай онкүндік іс-шаралары ұйымдастырылды.

Степной орта мектебінде өткен іс-шара жұмыстарына оқушылар мен ұстаздар белсене қатысты. Негізгі мақсаты:  оқушыларға  өз ана тілінің қадір-қасиетін, құдіретін ұғындыру, тіл мәртебесін көтеру және білім деңгейлерін сарапқа салу. Басқа тілдерге де құрметпен қарап, әрбір ұлттың  ана тілі баға жетпес мұра екенін сезіндіріп, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру. Апталық барысында мынадай іс шаралар жүргізілуі жоспарланып, олар дер мерзімінде жүргізіліп отырды.

13 –і қыркүйекте  салтанатты түрде онкүндіктің ашылуы жарияланды.  Салтанатты жиында тіл туралы шағын ақпараттар үш тілде оқылып, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері онкүндіктің жоспарымен таныстырып өтті. Үш тілде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабырға газеттері шығарылды.

15-17-і қыркүйекте қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Серикбай Надя, Нұрманғали Ләззат «Мәңгілік еліміздік тілі» тақырыбында 5-9 сыныптар аралығында шығармалар байқауын өткізді.

13-20 қырқүйек аралығында «Тіл – әр халықтың байлығы» атты кітап көрмесін мектеп кітапханашысы Мауит Жанар ұйымдастырды.

15 қыркүйекте 7 «А» сыныбы мен 7 «Б» сыныбы аралығында ағылшын пәні мұғалімі Вайцеховская А.Н Қызықты жарыстарды жүргізді.



16 қыркүйекте 5-7 сыныптар аралығында қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Шарипова Ш.Б, Алдабергенова А.Г, Серикбай Н, Нұрманғали Л.Қ мен орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Рецлав С.В ұйымдастыруымен «Тіл аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз » атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бұл сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды – Амангелді Роза, Амангелді Гүлмира, ІІ орынды – Мұрат Назым, І орынды– Сәулетай Ақжүніс иеленді.

16 қыркүйек күні 5-8 сыныптар арасында қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Шарипова Ш.Б, Алдабергенова А.Г. «Мемлекеттік тіл-менің тілім» полиглот іс –шарасын өткізді.

Қыркүйектің 18-і күні «Бала тілі-бал»  тақырыбында мәнерлеп

оқудан сайыс1-4 сыныптар арасында өтті. Мақсаты: оқушылардың ана тілі туралы өлеңдерді нақышына келтіре орындауын қадағалау, тілге деген құрметін, сүйіспеншілігін арттыру.

Іс-шараға белсене ат салысқан сыныптар, өз білімімен көзге түскен оқушылар мақтау қағазымен марапатталды.

Қазан айының 3-і күні «Ұстаздар күніне» арналған «Ұстазыма мың алғыс» мерекелік бағдарламасы әзірленіп, мұғалімдерге арналған қарсы алу салтанаты мен негізгі мерекелік концерт ұйымдастырылды. Негізгі мерекелік бағдарлама барысында мектеп директоры мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаздар арнайы мадақтамалармен марапатталынды. 11 сынып оқушыларымен дайындалған мәжіліс залында мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарламада ұстаздарға арналған өлеңдер оқылып, ән-арнаулар айтылды.Мерекелік іс-шара соңында әр мұғалімге гүл шоқтары сыйға тартылды.

Қазан айында 5-11 сынып оқушыларының арасында «Алтын күз» мерекесі аталынып өтті. Мерекеде «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атағына иеленуге 5-7 сынып оқушылары сайысқа түсті. Сайыс барысында қатысушылар өздерін таныстырып, әр түрлі табиғи материалдардан дайындалған сәнді киімдер үлгісін көрсетіп, түрлі жемістер мен көкөністерден көркем безендіріліп дайындалған күзгі мерекелік дастарханды дайындап, өнерлерін паш етті. Байқау нәтижесінде 5-7 сынып оқушыларының арасында Нұрланұлы Жасұлан мен Жигерхан Айдана І-орынға ие болып, «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» атағын жеңіп алды. Қатысушылар арасынан сән үлгісімен ерекше көзге түскені үшін, «Күзгі дастарханды» ерекше дайындағаны үшін және өз өнерімен көзге түскені үшін оқушылар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды.8- 11 сынып оқушылары арсында өткен «Алтын күз» сайысында әр сыныптан шыққан жұптар номинация бойынша марапатталды. Атап айтар болсақ, Белялова А.,Ескендір Н. «Жарасымды жұп», Төлеухан Ә., мен Шәкен А. «Жұлдызды жұп» номинациясын жеңіп алды.

Мектеп-жастарға құқықтық тәрбие беруде және құқық бұзушылықтың алдын алудағы мүмкіндігі зор әлеуметтік мекеме. Сондықтан мектепте ұстаздар шәкірттерге қоятын талаптарын айқындап, оларға лайықты мінез-құлық ережелерін жасап, адамгершілік қасиеттерді бойларына дарытуға тәрбиелеп, жағымсыз әрекеттерден аулақ болуға баулиды. Мектеп қабырғасындағы әрбір оқушы құқықтық тәрбие ала отырып, сондай-ақ 9-сыныптан бастап құқық пәнімен танысады. Ол балалардың жас ерекшелігіне сәйкес орындалады.

Құқықтық тәрбиедегі негізгі мақсатымыз – болашақ азаматтарымызды құқықты демократиялық мемлекетімізде өмір сүруге дайындау, мемлекет пен қоғамның, адам қожа иеліктерінің ара қатынасын айқындауға үйрету.

Мектепте қазан айында «Құқық айлығы» атты іс-шаралары өткізілді. Айлық аясында тәрбие жұмысының орынбасарлары Нұрманғали Л.Қ, Дрогоруб Т.Н. «Құқық балалар көзімен» атты тақырыпта дәліздегі тақтаны безендірді.

Мектеп тәлімгерлері Билал Е, Захарова Л.С мектепішілік жиында оқушылардың құқығы мен мәндеті және үзіліс кезіндегі оқушының міндеті, сабақ кезіндегі тәртіп, оқушылардың сабаққа дейін, сабақтан кейін өзін-өзі ұстау ережесімен таныстырды.

5-11 сыныптар арасында «Мен және менің құқығым» атты плакаттар сайысы өткізілді.

Мектеп кітапханашысы Мауит Ж. «Бала құқығы» атты кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Жоспар бойынша келесі іс-шаралар атқарылды:

Бастауыш мұғалімдері 2-4 сыныптар арасында «Адам құқығы күні» атты іс-шара жүргізді.

Тарих мұғалімдері Анацкая И.Г, Ибраева Ш.Б 5-7 сынып оқушыларымен «Қазақстан Республикасының рәміздері» атты сынып сағаттарын өткізді.

Тарих мұғалімдері Анацкая И.Г, Ибраева Ш.Б 8-11 сынып оқушыларымен бірге «Бала құқығы » атты келіссөз шараларын жүргізді.

Оқушылардың бос уақыт уақытын тиімді пайдалану мақсатында 2 спорт секциясы және де домбыра, би үйірмелері жұмыс атқаруда. Оқушыларды түрлі үйірмелерге тарту олардың бос уақытын тиімді пайдалану , сол арқылы қылмыстың алдын-алу таптырмас құрал болып табылады.

Мектепішілік ата-аналар жиналысында мектеп медбикесі Майкен Ж. «Жеке бас тазалығы» тақырыбында баяндама оқыса, «Бала тәрбиесінің маңыздылығы» тақырыбында мектебіміздің балаларды қорғау инспекторы Ибраева Ш.Б баяндама оқып берді..

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күніне орай апталық жарияланды. Мақсаты: Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ете отырып, оқушыларды өз Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президен күніне арналған салтанатты жиын аптаның бірінші күні өтті . Мектебіміздің директоры Аубакирова Қ.Б Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы екенін атап өтті. 7 «а»сынып оқушылары «Нұр аға»әнімен салтанатты жиынды жалғастырды

«ҚР Президентінің ғылыми еңбектері,кітаптары» тақырыбында көрме,

« Тәуелсіздік белестері» дөңгелек үстел ұйымдастырылды. « Президент жолы» тақырыбында сынып сағаттары, «Елін сүйген, елі сүйген -Елбасы» тақырбында концерттік бағдарлама өтті.



Сонау  1986  жылдың  ызғарлы  желтоқсанында  азаттық  үшін    жандарын  қиған боздақтарымызға  арналған  Тәуелсіздігімізді  тәу  еткен  бұл  мерекені  барша Қазақстандықтар тойлап  жатыр Бұл  күнге  біздің  мектеп  ұжымы  да  жұмыла  атсалысты. 

Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік іс-шаралар желтоқсан айының басынан басталып кетті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл мерей тойын  мектеп салтанатты жиынмен  ашып,  он  күндік  іс шарамен  таныстырылды.  Мектеп  директоры  оқушылар  мен  ұстаздарды  құттықтады. Мектеп кітапханашысы Мауйт Ж «Тәуелсіз елім менің – Қазақстан!» тақырыбында кітаптар көрмесін ұйымдастырды. 1-11 сынып жетекшілері

«Тәуелсіздікке 25 жыл» атты тақырыпта сынып сағаттарын өткізді.

Мектеп тәлімгерлері Билал Е.,.Миронова Л.С. «Тәуелсіз елім менің – Қазақстан!» тақырыбында тақтаны безендірді

Тіл мамандары Нұрманғали Л.Қ, Серикбай Н.8-11 сыныптар аралығында «Тәуелсіз елім менің – Қазақстан!» тақырыбында шығарма жазды.

15 желтоқсан «Тәуелсіздік тірегім» атты тақырыпта мерекелік концертпен аяқталды.

14 желтоқсан күні 1 сынып оқушылары «Жас қыранға» және 5 сынып оқушылары «Жас ұланға» қабылданды.

Қыс мезгілінің керемет мейрамы- Жаңа жыл мерекесі мектебімізде өте жақсы өтті. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жаңа жылдық бағдарлама құрылды.

Ескі жыл есіркеп жаңа жыл келді  төрімізге .Өткен 2016 - шы жылды тек жақсы естеліктермен артта қалдырдық. Бұл күні айнала нұрға, шаттық қуанышқа бөленіп, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Барша адамзат осы күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап жаңа жылға таза ниетпен ,болашаққа деген мол сеніммен қадам басады. Аталмыш мерекені  әсіресе балалар асыға күтеді .   Биыл мектебімізде жаңа 2017 жылды жақсы көңіл- күймен қарсы алдық. Оқушыларымыз түрлі кейіпкерлерге еніп, жаңа жыл мерекесін атап өтті. Мерекеге мектептің кәсіподақ ұйымы мен ұстаздар, ата- аналар комитеті  балалардың  қөңілін көтеруге барынша тырысты. 1-4 сынып оқушылары «Қыс кереметі»тақырыбында сурет салды.

Ең алдымен жаңа жыл мерекесіне орай жоспар құрылып. жоспар бойынша 26-желтоқсанда шағын орталық , бастауыш сынып пен орта буын оқушыларының мерекелік кеші 26-желтоқсанда өткізілетін болса, ал жоғары сынып оқушыларының мерекелік кеші 28- 29-желтоқсан деп бекітілді.  27-желтоқсан күні Бастауыш сыныптар арасында жаңа жыл мерекесі ұйымдастырылды. Мерекеге жауапты 4-сынып  жетекшісі Хавдолда Г. тағайындалып мереке ойдағыдай өтті. Бүлдіршіндеріміз  Аяз-атаға өлендерін айтып , сыйлықтар алып жатты .Түрлі ертегі кейіпкерлеріне енген аңдар мен сайқымазақтар , мерекенің шырайын келтірді Би де биленді, ән де айтылды, ойын да ойнатылды, өлең де оқылды, балалар барлық өнерін ортаға салып аяз ата мен ақшақардан жаңа жылдық сыйлықтарын алды. 

Ал 5-7 сыныптар арасындағы жаңа жылдық мерекеге жауапкершілікк 7-сынып жетекшісі Билал Е. тағайындалып мереке ойдағыдай өткізілді. Бұл мереке «Ақшақардың қонақ күту» ертегісімен басталып, аяз атаның адасып келуімен мерекелік кеш одан әрі қыза түсті. Мерекелік шыршада әндер шырқалып мен билер биледі. Ал жоғары сынып оқушылары арасында өткізілген мерекелік сайыс қызықты да көңілді өтті. Бұл  сәнді кешті ұйымдастырған 9-сынып жетекшісі Асаби И.. және 9 -сынып оқушылары болды.  Осылайша Степной орта мектебінд жаңа жыл мерекесі қызықты әрі көңілді ұйымдастырылды.         

Сонымен қатар, 23 желтоқсан күні Шортанды Мәдениет үйінде өткен «Әкім шыршасына» 5 «а» сынып оқушылар Азат Арайлым мен Мұрат Саяжан қатысты. Онда әр түрлі кейіпке енген жануарлар, аяз ата мен ақшақарды көріп, олармен бірге шырша жағып, ән айтып, би билеп қайтты.Келе жатқан жаңа жыл мерекесіне орай  қысқы қалашыққа мектеп жанынан орын бөлініп. Әр сынып мүсіндерін уақытында жасап аяқтады.7-8 сынып оқушылары 1 орынды ,6-9 сынып оқушылары 2 орынды, 5-10 сынып оқушылары 3 орынға ие болды Осылайша Степной орта мектебінің  жаңа жыл мерекесіне арналған «Қысқы қалашығы» дайын болды. 



Степной орта мектебінің ата-аналар комитеттері ойдағыдай жұмыстар атқарды. Атап айтқанда, жаңа жылдық іс –шараларға аса жауапкершілікпен тәмамдады. Бастауыш сынып ата-аналар комитеттері жаңа жылдық шыршаға өздері қатысып, балалардың көңіл-күйлерін көтеруге тырысып бақты. Орта буынның және жоғарғы буынның ата-аналар комитеті жаңа жылдық шыршаға балаларға арнайы сый әкеліп, оқушыларды қуантты.
Каталог: 0B5D37B2B884247A
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ Сабақтың типі: Жаңа білім беру
0B5D37B2B884247A -> «Биофизика» курсы
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген I жарты жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Мазмұны І. Кіріспе бөлім
0B5D37B2B884247A -> Оқу жылындағы гуманитарлық бағыт бойынша әдістемелік бірлестігінің жүргізген жылдық қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының қорытынды есебі
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығының есебі
0B5D37B2B884247A -> Сабақтың мақсаты: Ақмола бекінісінің салынуының себебін ашу, Ақмола бекінісінің салынып, ондағы жаңалықтарды оқшыға анықтау
0B5D37B2B884247A -> Сабақ тың тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»
0B5D37B2B884247A -> Степной орта мектебі бойынша қазақ мектебіндегі жаратылыстану – математика бірлестігіндегі пәндерінің жүргізілуі туралы жартты жылдық анықтама


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет