Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы



бет13/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация
141-150 экология, instr regkz (1), Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды, Демография
Жүректегі армандармен жақынбыз.
Жолықпайтын метеоридтер тәрізді
Әр бағытпен ағып бара жатырмыз. (А.Б. Жұлдызды әлем. 2 – 227)
Аккардеон тілі сынды баспалдақ.
Днепрдің жағасынан басталған. (Ж.Н. Баспалдақ. 4-181)
Хрустальдің сыңғырындай мөлдір жас
Жарылса егер «нейтроннан» күштірек. (Ж.Н. Көз жасы. 4-79)
Айдын көл аэродромдай,
Құс келіп жатыр ағылып. (С.Ж. Бүгінгі дала суреті. 1-15)
Жанып біткен планета сияқты
Шаша алмадық, басқаларға мейірім. (А.Б. Жұлдызды әлем. 2 – 227)
Бұл шумақтардағы теңеулер: метеоридтер тәрізді, аккардеон тілі сынды, хрустальдің сыңғырындай, аэродромдай, планета сияқты. Бұл сөздердің ішінде метеорид, аккардеон, хрусталь, аэродром сөздері қазіргі кезде де сол күйі пайдаланылса, планета сөзі ғаламшар деп аударылған.
Уақыт өткен сайын жеке авторлар қолданыстарындағы теңеулердің тұрақты теңеулер қатарына қосылуы да мүмкін. Бұл әдеби тілдің үздіксіз дамып, көркейіп отыратындығының айқын дәлелі бола алады.
ХХ ғасыр лирикасында көркемдік, бейнелілік тудыратын сөздердің үлкен тобының бірі – эпитет сөздер. Кезінде А.Байтұрсынов «Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтуынсыз келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөзді қосып айтамыз» [60, 155-б.], – деп жазған. Айқындау, яғни, эпитет – көркем әдебиеттің бейнелілік тудыратын аса мол ресурстарының бірі.
Эпитеттің көркем әдебиетке қажеттілігін, оның ерекшелігін М.Балақаев былайша түсіндіреді: «Суреткердің өз-өзіне тән тіл шеберлігін, сөздік көркемдік қасиетін, аша білу қасиетін талдағанда сөз бен образ арасындағы осы бір стильдік нәзіктікті, яғни жеке сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктердің бәрі жиналып келіп тұтас контекстік мән алатындығы ойды бейнелі, нақты, шынайы көрсету үшін эпитетсіз елестету мүмкін емес» [61, 80-б.]. Ақындар белгілі бір затты немесе құбылысты суреттеген кезде оның табиғатын аша түсу үшін эпитеттерді үнемі пайдаланады.
Эпитет арқылы тіркестер жасау ақындар лирикасында негізінен алғанда табиғат көркін берумен байланысты. Жалпы, бұл – дәстүрлі ерекшелік. Табиғат лирикасында эпитеттер қашан да көбірек қолданылған. Мысалы: Жүр, міне, ақ самайлы таң қылаңдап; Сайқымазақ самал жүр ауламда әне; Зеңгір көктен қарағанда жылып күн; Бұлақ мөлдір, сыр терең, жан асыл ма?; Сорлы көңіл үмітке жүр алданып (Ж.Н.); Қырат та аяйтындай ерке гүлді, есер жел жұлқылады етегімнен, ақ дауыл ала қашты телпегімді; Сыртта боран ұлып тұр, қырық жамау терезені ұрып тұр, қоңыр кеште қоңыр үйдің ішінде (С.Ж.); Жасқамайды қаңтардағы ақ боран, өр толқын да сәтке толас таппаған; Көгілдір көлдер көп мұнда; Көк майса жапқан белдер де, сыйғызды сендік кең кеуде; Сен жайлы ақ бесікте күй тыңдадым, тыңдадым сандуғаштың сүйкімді әнін. (А.Б.); Өмірдің абат бағында, балауса балғын шалғында, қырмызы қыздың алдында; Бозжайнақ дүние, мен саған балғын кезімнен, Ынтызар едім едім, зәмзәмнан мөлдір, ләззатым қанбай көз ілмен. (М.С.);
Осы өлең жолдарында қолданылған эпитеттерді алдымен жасалу жолына қарай талдасақ, ақындар лирикасында эпитеттер үш түрлі жолмен жасалғын:
1. Сын есімдер ешбір жұрнақсыз түбір күйінде тұрып, зат есімнің сипатын, сынын айқындайды. Осы жерде ақындардың өлеңдерінде осы үлгі арқылы жасалған эпитеттердің басқаларына қарағанда көбірек екенін атап өту керек. Мысалы: сайқымазақ самал; асыл жан, терең сыр, зеңгір көк; мөлдір бұлақ; ерке гүл; есер жел; ақ дауыл; қоңыр кеш; қоңыр үй; ақ боран; көгілдір көл; кең кеуде; абат бақ; қырық жамау терезе, балауса балғын шақ; қырмызы қыз; бозжайнақ дүние; мөлдір зәмзәм; балғын кез; ақ бесік;
2. Туынды сын есімдер арқылы. Мысалы: ақ самайлы таң; сорлы көңіл; сүйкімді ән.
3. Заттың не құбылыстың айрықша белгісін көрсетуде есімше тұлғалы етістіктер қолданылады. Мысалы: толас таппаған өр толқын; көк майса жапқан белдер.
Осы эпитеттердің көбі тілімізде бұрыннан қолданылып, орныққан эпитеттер болса, кейбіреулері ақындардың жеке қолданыстарында ғана көрініс табады. Сол эпитетердің мағынасын талдап көрсек: сайқымазақ самал – келеке еткен, ойнақшыған; қырық жамау терезе – тозығы жеткен; бозжайнақ дүние – құлпырған дүние; ақ самайлы таң – таңғы уақыттың бейнесі.
Ғалым А.Н. Веселовскийдің «егер мен эпитеттің тарихы қысқаша басылымдағы поэтикалық стиьдің тарихы десем, бұл артық айтқандығым болмас еді» [62, 77-б.], деген пікірін негізге алсақ, поэтикалық стильдің эпитетсіз қалыптасуы, дамуы, көркеюі де мүмкін еместігін аңғарамыз.
Келесі сөз ететін дәстүрлі бейнелеуіш құрал – метафора. Акамедик З.Ахметов метафораға былай деп анықтама берген: «Метафора – екі нәрсені, құбылысты салыстыру және жанастырып жақындату арқылы астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі. Поэзияда не нәрсені болсын көбінесе жалпыға түсінікті, күнделікті өмірде неғұрлым көп ұшырасатын, халық ұғымына әбден сіңіскен заттармен салыстырады. Сондықтан астарлы сөздер, салыстырмалы бейнелер, әр түрлі көркем баламалар халық өмірінің шындығы мен еліміздің арғы-бергі тарихынан елес береді». [63, 111-б.]. Ғалымның бұл пікірі өте орынды. Себебі ақындар метафораны қолданған кезде оның халық дүниетанымына жақындығына, түсініктілігіне ерекше мән береді.
«Метафораның ең басты стильдік ерекшелігі – бейнелілігі, ойды бейнелі түрде жеткізетіндігі. Ол сондықтан да көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады» [64, 50-б.]. Метафораларды қолданған кезде ақындар кейде халыққа бұрыннан таныс нәрселерді қолданса, кейде өзінің ойынан, шығармашылығынан жаңа метафораларды дүниеге алып келеді. Осылайша метафораларды шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады. Олардың бірі жалпыға ортақ болса, екіншісі автордың жеке қолданысында ғана көрініс табады. Бұл ойды бірнеше ғалымдар жақтайды. Атап айтсақ, С.Асқарова: «Кез келген көркем туындыда метафораның екі түрі кездеседі, бірі – бүкіл халыққа түсінікті, тұрақты дәстүрлі метафоралар болса, екіншісі әлі халықтық сипат алмаған жеке қолданыстағы метафоралар. Яғни жеке ақын немесе жазушының тілдік қызметіне жаратқан, жанынан шығарған метафоралар. Халықтық сипат алған дәстүрлі метафорада образдылық айқын әрі айшықты, күнделікті өмірде жиі пайдаланылатын сөздер тұрақтылық сипатқа ие болады. Дәстүрлі метафорада халықтың өз тұрмыс-тіршілігіндегі, табиғатындағы өзінің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты тұтынатын, пайдаланатын заттарына, табиғатына, ұлттық дәстүріне байланысты сөздер қолданысқа кіреді. Дәстүрлі метафора поэзияда жиі көрініс табады» [41, 105-б.], – дейді.
Біздің жұмысымызда негізге алынған ақындардың өлеңдерінде де метафора жиі көрініс табады. Оларды жоғарыда аталған екі топқа бөліп қарастырар болсақ:
Дәстүрлі метафоралар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет