Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы



бет15/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация
141-150 экология, instr regkz (1), Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды, Демография
Ине-шаншу іліп түйреп өкпемді
Көрпе қабып жүр ғой біреу, көп болды. (Ж.Н. Қопарылып, қоймай ұрып. 1-55)
Ақын суыққа ұшыраудан болатын сырқат, науқас – шаншуды ине деп бейнелейді. Бұл ақынның жеке қолданысы болғанымен бұл екі нәрсенің арасында өзара ұқсастықтың барын жоққа шығара алмаймыз.
Салбырап тұр тылсым аспан
Тау түнерді бұлты басқан.
Таза желдің бауырында
Күшік – жапырақ қыңсыласқан. (Ж.Н. Салбырап тұр тылсымп аспан. 1-62)
Ал бұл шумақта жапырақ – күшік. Жапырақтың желмен гуілдеуі мен күшіктің әлсіз қыңсылауы бірдей құбылыс ретінде суреттелген.
Қолыңның үсті – қара жол
Қиыр да шиыр,
Қым-қиғаш. (С.Ж. Ана қолы. 1-19)
Мына шумақтағы қолыңның үсті – қара жол деп отырғаны – әже қолындағы әжімдер.
Көркем әдебиетте ер азаматтарды болатқа, құрышқы теңеу бұрыннан қалыптасқан дәстүр болса, келесі өлең жолында көпті көрген қарттарды былайша сипаттайды:
Құрыштан құйған құдірет
Қарттарым аман-саумысың? (С.Ж. Ауыл қарттары. 1-20)
Ал келесі шумақта жазық дала, көгілдір аспан сәби секілді суреттеледі:
Мына жер де, аспанның алабы да
Бәрі сәби – үйірілген жанарыңа. (С.Ж. Адам. 1-218)
Қазақ әдебиетінде өмірді өзенге, ағынды суға, тулаған толқынға теңеу дәстүрлі құбылыс болса, келесі өлең шумағында өмір – бабындағы тұлпар, ақын – тұлпардың тізгінін ұстаған шабандоз.
Бұл өмір тұлпар бабында
Оздырман, сірә, бекер күн.
Мен оның ойнап жалында
Шабандоз болып өтермін. (М.С. Өзім бір өз боп өтпесем. 1-44)
Ал келесі өлеңдерде адамның көрген қиындығы – бөрі секілді, киелі, қасиетті мекен Маңғыстау – жолбарыс секілді жырланады:
Бөрі – бейнет тісінде,
Кетсе де алты қабырғам. (М.С. Менің көрген бейнетім. 1-44)
Маңғыстау деген – толғаныс,
Ұйқыда жатқан жолбарыс. (А.Б. Маңғыстау. 1-78)
Байқағанымыздай, метафоралардың көбісі жан-жануарлармен қатысты болып келеді. Мысалы: мен – елік, күшік – жапырақ, өмір – тұлпар, бөрі – бейнет, Маңғыстау – жолбарыс. Жануарлар атауының ауыс мағынада қолданылуын Т.Мықтыбаева былай түсіндіреді: «Жануарлар атауларының ауыс мағынада келіп, өзіне тән емес ұғымдарда қолданылуын адамзат баласының тұрмыс-тіршілігінің ұзақ уақыт бойы жануарлар әлемімен тығыз байланыста болып келуімен байланыстыруға болады. Ал дүниедегі алуан түрлі құбылыстар жөніндегі түсінігін халық өзін қоршаған ортадағы танымына етене жақын, ертеден танымал ұқсас бейнелер арқылы білдіретіне мәлім. Тілдегі қандай да бір сөздің мағынасында таным обьектісі болып отырған болмыстың ерекше сипатын білдіретін элементтер қаншалықты басым болса, сол болмысты осы сөздің көмегімен бейнелеу мүмкіндігі соншалықты арта түспек» [65, 9-б.]. Осылайша, бір затты немесе құбылысты басқа нәрсеге теңеп қана қоймай, оны басқа атаулармен алмастыра қолдану арқылы да өлеңді көркемдік, мағынасын тереңдетуге болады.
ХХ ғасыр лирикасында кірме сөздер арқылы жасалған метафоралар кездесетін шумақтар:
Моторөмір өрге тартып тұрғанда
Барьерден, барьерден әрі бас! (Ж.Н. Ғұмыр ертегісі. 4-102)
Ес білмеген, естілмеген күй де көп,
Нотасызықтарға қонған үймелеп. (Ж.Н. Сол үйде. 4-16)
Қағаз бомба бұрқ етіп жүр жарылып,
Жүріп жатқан сықылды майдан әлі.
Қағаз-танкі жапырып балаусаңды,
Жүріп жатыр, ал бірақ, майдан әлі. (Ж.Н. Қағаз тірлік. 4-87)
Жігіт үшін өмір деген – формула,
Машинада да – формула,
Еңбегі де – формула.
Ақша, атақ жоқ,
Формула бар, формула. (Ж.Н. Ақша. 4-142)
Әйел сұлу:
Көздифицит,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет