Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы



бет17/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация
141-150 экология, instr regkz (1), Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды, Демография
Шуақ жүр жапыраққа тайғанақтап,
Тайғандарды аласың қайдан ақтап.
Ал, қуаныш біраздан біле алмай жүр
Қонарын қайсы бетке, қай қабаққа.
Таудың үстін жүз талғап он ақтарып,
Бұлт жүр білмей қай шыңға қонақтарын.
Емен отыр біле алмай: жапырағын
Қайсы желге, қай кезде тонатқанын. (Ж.Н. Шуақ жүр жапыраққа тайғанақтап. 1-23)
Бұл өлең жолдарындағы окказионал қолданыстар:
Шуақ жүр жапыраққа тайғанақтап – шуақ төгіліп деген мағынада;
Қуаныш қайсы бетке, қай қабаққа қонарын біле алмай жүр – аяқ асты болған қуанышқа деген ақынның таңданысы;
Бұлт таудың үстін жүз талғап он ақтарып қай шыңға қонақтарын білмей тұр – көшкен бұлттың бейнесі.
Сақтан!
Бір күн
Мына дүние кірпігін
Қағып-қағып жіберуі мүмкін ғой... (Ж.Н. Көз жасы. 1-70)
Бұл шумақтағы окказионал қолданыс:
Дүние кірпігін қағып-қағып жіберуі мүмкін – дүниеде кез келген уақытта ойламаған, күтпеген кедергілер жолығуы мүмкін деген мағынада.
Шыға қашты ақ түтін мұржалардан
Шөп басында ақ түбіт үлбірейді. (Ж.Н. Қисық бұта. 1-115)
Бұл жердегі ақ түтіннің мұржалардан қашуы – жоғары көтерілуі, ал шөп басындағы ақ түбін – мөлдір шықтың бейнесі.
Ал келесі өлеңде ауызекі тілде жүйкелері жұқарып деп қолданылатын тіркесті ақын былайша береді:
Жұмыс дедік, бермедік жұмысқа ерік,
Жүр-ау содан жүйкелер жіңішкеріп. (Ж.Н. Бейбітшілік майданы. 1-121)
С.Жиенбаев өлеңдерінде кездесетін окказионал сөздер мен сөз тіркестері:
Жанарда тұрды жаудырап,
Жалғыз-ақ ұрттам тіршілік (С.Ж. Ана қолы. 1-20)
Жалғыз-ақ ұрттам тіршілік деген өткінші өмір, жалған дүние, қамшының сабындай қысқа ғұмыр дегенді білдіреді.
Жамылып жұлдыз толы көк аспанды,
Ұйықтаушы ек ұмар-жұмар дәнге оранып (С.Ж. Дән жұпары. 1-30)
Бұл жерде ұмар-жұмар дәнге орану – дәнге толы алқапты суреттеуі.
Ал мына өлең жолында адам қолының тамырлары тағдырдың тарам жолдарына теңеледі:
Тарам-тарам тамырлар ұқсап кетті
Тарау-тарау дүниенің жолдарына. (С.Ж. Адам. 1-218)
Келесі шумақтың әр тармағынан окказионал қолданысты көре аламыз:
Ай нұрына тосамын уысымды,
Толтырамын қалайда қуысымды.
Көк жиекті жастанып құлағанша
Қалдырмаймын бітпеген бір ісімді. (С.Ж. Қазір керек дүниенің бәрі маған. 1-216)
Ақын дәстүрлі қолданыстағы алақан жаю тіркесін уысымды тосамын деген тіркеспен алмастырып, көңілімді, жүрегімді толтырамын дегенді қуысымды толтырамын деп қолданып, күннің батуы деген мағынаны көк жиекті жастану деп суреттейді.
М.Сатыбалдиев та өлеңдерінде окказионал сөздерді жиі қолданған:
Сипай берші толқынның көк шаштарын,
Көкірегі толып тұрған күй, аңыз. (М.С.Шағала. 1-14)
Бұл жерде толқынның көк шашы – толқынның әрбір толқынысы, қозғалысы, жарға ұмтылған мазасыз бейнесі.
Тістенем мен солардың сұрап құнын,
Дүниенің құлағынан бұрап бүгін. (М.С. Бүлінді қала сарнап. 1-18)
Дүниенің құлағынан бұрау – өз есесін, өз сыбағасын жан ұшыра сұрау.
Сағыныш мені өмірге құштар қылды,
Қырық қапшық қиял еттім қысқа күнді. (М.С. Сағындым. 1-21)
Қырық қапшық қиял дегендегі қырық – көп деген мағынада жұмсалған. Ақын қырық қапшық қиял деп өзінің таусылмас арманын, бітпес, шексіз қиялын өлеңге қосады.
Уа, адам!
Құдіретіңе жүгінемін,
Тұлғаңды биіктетті бүгін елім!
Жет бетін әжімдеген жолыңды іздеп,
Тарихқа куә тұтып үңілемін. (М.С. Адам. 1-29)
Бұл шумақтағы жер бетін әжімден жол деп отырғаны – жүріп өткен, ұрпаққа қалдырған, бүгінде аңызға айналған барлық тіршілігінің көрінісі.
Көңілімнің кірпіктері шықтағанда
Қаншама ой кешемін құтханамда. (М.С. Әке бейіті басында. 1-165)
Ал мына өлең жолындағы көңіл кірпіктері шықтаған дегені – көңілге бір ойдың келуі, құтханама деп отырғаны – ақынның жеке, рухани мекені іспеттес.
Келесі ақынымыз А.Бақтыгереева өлеңдерінен де жеке қолданыстағы сөздерді көп кездестіреміз. Мысалы:
Үлгермей қалдым айтуға жүр деп жайлап-ақ,
Құласаң қайттім қатыгез мұзға тайғанап? (А.Б. Медеу мұз айдыны. 1-86)
Мынау жаздың аптабы қиын соғып
Шөлдеп тұрды қайыңның балтыры да;
Бір тамшы су аспанға телміртеді
Қақыратқан жүректі сағыныштай. (А.Б. Қайың күйі. 1-91)
Ең қызық романның беттеріндей,
Қыз дәурен өте шықты парақталып. (А.Б. Сүмбіле. 1-96)
Осы өлең жолдарындағы окказионал сөздер мен сөз тіркестерін талдасақ, ақын қатты мұзды қатыгез мұз деп суреттеп, оның тек суықтығын емес, адам бойына өз қасіретін беретіндей етіп бейнелейді; қайыңның тамыры дегенді экспрессивтік тұрғыдан өзгертіп, қайыңның балтыры деп өлеңге қосады; жүректі ауыртқан дегенді жүректі қақыратқан деп бейнелейді; адамның ең қызық, балғын шағын ең қызық романның беттеріндей деп, оның тез оқылып кететіні сияқты қызықты өмірдің тез өтіп кететіндігін жыр етеді.
Қолына қалам алғанның барлығы бірдей өз ойын беруде окказионал сөздер мен сөз тіркестері арқылы жеткізбейтіндігі белгілі. Окказионал қолданыстарды көркем әдебиетпен толық таныс, халықтың дүниетанымы мен ойлауын түсінетін, өзінің жазу стилі қалыптасқан қаламгерлердің ғана өмірге алып келетіндігі белгілі. Олай болса, ХХ ғасыр лирикасына өз үлестерін қосқан ақындарымыздың қазақ әдебиетіндегі орындары ерекше екендігін де аңғарамыз.
Қорытындылай келгенде көркемдегіш-бейнелегіш құралдарды дүниеге әкелетін адамның дүниеге деген көзқарасы, ойлау жүйесі, таным-түсінігі. Себебі көркемдегіш құралдар – бейнелі сөздер адамдардың өз ойын бір нәрсені екінші нәрсеге, бір құбылысты екінші бір құбылысқа ұқсату, теңеу, салыстыру, кейіптеу, айқындау арқылы білдіруден туатыны белгілі, яғни ақын немесе жазушы айналасындағы нәрселерді, құбылыстарды, жағдайдарды қаз-қалпында бейнелеп, баяндамай, көркемдегіш құралдар арқылы бейнелейді. Сол арқылы лирика тілі көркемделіп, ақын ойын өз оқырманына бейнелі түрде жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет