Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы



бет26/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация
141-150 экология, instr regkz (1), Сарышұнақтар (лат. Spermophilus) — кеміргіштер отряды, Демография
Сол сәтте бұлттан шыққан күндей болып
Қаламын тіршілікке жайнап қарап. (М.С. Хаттар. 1-21)
Ақын өзінің жадыраған, жайнаған, қуанған шағын теңеу тәсілін қолдану арқылы бұлттан шыққан күндей деп бейнелейді.
Бұлт лексемасын анықтайтын сөздер: ақ бұлт, бұлтсыз Алатау, астан-кестен көшкен бұлт, шығын бұлт. Ақ бұлташық аспанның, бұлтсыз Алатау – көңілсіздіктің, астан-кестен көшкен бұлт – арпалыстың, толассыз қозғалыстың, шарасыздықтың, шағын бұлт – уақыттың, өмірдің өткіншілігін көрсететін ақ жаңбырдың бейнесі ретінде суреттеледі.
Табиғат лирикасында тау, бұлт лексемаларының қатарын толықтыратын сөз – жаңбыр. Өлеңдерді жаңбыр, нөсер синонимдері бір-бірінің орын алмастырып жиі қолданыла береді. Лирикада жаңбыр – жаңарудың, тазалықтың, шексіздіктің бейнесі.
Ақындар жаңбырды былайша жырға қосады:
Еңкей аспан, төменде бұлт, төк жаңбыр, (Ж.Н. Еңкей аспан. 2-31)
Аспан жерге түскендей күркірейтін
Күркіресе-ақ болғаны – қыр түлейтін. (С.Ж. Ақ жаңбыр. 1-64)
Қара нөсер құяды мүлде бұзық,
Қыр төсінде қураған гүлдерді үзіп. (М.С. Күзгі көңілсіздік. 1-185)
Жетсе егер құдіретім туған жердің
Айналып кетер едім нөсеріне. (А.Б. Ақ сазан үркіп кеткен Жайықтаймын. 2 – 266)
Бірінші шумақта ақын мағыналас еңкей, төменде сөздерін қатар қолдану арқылы төк жаңбыр сөзіне баса назар аудартып тұр. Ал «қара жерді қақ айыра толғандыр» деген тармақ пен «қара нөсер құяды мүлде бұзық, қыр төсінде қураған гүлдерді үзіп» деген тармақ жаңбырдың мінезін аңғартады. Ақындар жаңбырды суреттеу арқылы оның бойындағы күштілікті, ерекше қуатты бейнелейді. Бұл жерде қара жерді қақ айыру тұрақты тіркесі – күш-қайратын жасау, маңдай терін төгіп бейнеттену деген мағынаны береді. (Ф.С. 417)
«Аспан жерге түскендей күркірейтін, күркіресе-ақ болғаны – қыр түлейтін» деген тармақта жаңбыр немесе нөсер сөздері мүлдем қолданылмаған. Оқырман күн күркірегеннен кейін жаңбырдың жауатындығын, жаңбыр жауғаннан кейін қырдың түлейтінін бірден түсінеді. Бұл жерде халық дүниетанымымен жақсы таныс ақынның ерекшелігі – құбылысты сырттай суреттеу арқылы болған оқиғаның астарын оқырманға жеткізу.
Лирикада адам көңілінің құбылмалылығын, оның ашуын, толғанысын суреттеген кезде боран, жел, дауыл лексемалары қолданылады.
Мысалы:
Сал сайранды, жел – табиғат еркесі,
Шөп қалтырап, дір-дір етті жер төсі
Бұдан бұрын жел көрмеген секілді... (Ж.Н. Шығыс жақтан келсе дағы таң күліп. 3-6)
Бұл жерде метафора: жел – табиғат еркесі. Шөптердің қозғалуын «бұдан бұрын жел көрмеген секілді» деп теңеу арқылы ондағы көріністің бірінші рет болып тұрмағандығын суреттейді.
Келесі шумақтағы ақын ойы да бірінші ақынның ойымен сәйкес келеді:
Жайықтың жазғы самалыменен,
Желкілдеп тұрды жасыл бақ.
Жаутаңдап өткен қыздарға қарап,
Жапырақ қалды бас ырғап. (М.С. Биде. 1-60)
Алайда бұл жерде метафора немесе теңеу емес, кейіптеу қолданылған. Көрініс жел туралы болғанымен, ақын желді тура суреттеймей, оның айналаға тигізер әсерін жапырақтың көзімен суреттейді. Жел сөзін синоним самал сөзімен алмастырады. Самал сөзінің мағынасы – жанға жайлы қоңыр салқын жел.
Ал келесі ақындардың өлеңдерінде жел сөзі былайша суреттеледі:
Ұшырды жапырақты жел екпінді. (С.Ж. Күз. 2-81)
Жел құтырды сілкілеп шаң-тозаңды,
Ұйқы-тұйқы аласұрды құм-дауыл. (М.С. Жел. 1-114)
Даланың тентек дауылы-ай.(А.Б. Ақтүтек. 2-53)
Алдымнан шықшы, ақ боран. (А.Б. Ақ боран. 2-59)
Осылайша, табиғат лирикасында жиі жырланатын жел, дауыл, боран бейнелері келесі сөздердің лексикалық топтары арқылы көрініс тапқан: жазғы самал, екпінді жел, жел құтырды, тентек дауыл, ақ боран.
Лирикада адам жанының тынышсыздығын, бойындағы ерекше күшті суреттегенде жел лексемасымен қатар толқын лексемасы да жиі қолданылады. Мұндай суреттеулер біз қарастырған ақындардың шығармашылығында да көрініс табады.
Ақындар толқынды былайша жырға қосады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет