Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы



бет24/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация

Тау мен бұлт көк жүзінде дидарласып,
Сусылдап тастан сырғып ағады сел.
Қыс пен күз бір-бірімен тұрды арбасып
Арада ұйтқып жүрді әзәзіл жел. (Ж.Н. Осы ма қарашаның айы деген. 3-10)
Бұл шумақта тау мен бұлт жанды нәрсе ретін суреттеліп, олардың аспанда тоғысуы, бұлттың тау басына үйірілуі дидардасу етістігімен берілген. Дидарласу – қимыл есімі негізінен адамдарға қатысты қолданылып, жүздесті, кездесті деген мағынаны береді. Дәл осылай күз мезгілінің аяқталып, қыз мезгілінің келгенін де ақын адамға қатысты жұмсалатын арбасу етістігі арқылы суреттейді. «Қыс пен күз бір-бірімен тұрды арбасып», деп, алай-дүлей табиғатты, күннің қатулы қабағын бейнелейді.
Ұшырды жапырақты жел екпінді,
Қашан да сыйлаған ол елеп кімді?
Жоғалтқай ойыншығын жас баладай
Ыңылдап үй жанында терек тұрды. (С.Ж. Күз. 2-81)
Қара нөсер құяды мүлде бұзық,
Қыр төсінде қураған гүлдерді үзіп.
Қайтқан құстың ілесіп қанатына,
Кете барған секілді күндер қызық. (М.С. Күзгі көңілсіздік. 1-185)
Қиқулап қаздар қайтқан күз келгенде,
Көлдің де өткен бастан көктемдері. (А.Б. Ақбақай көлдің жағасы. 2-200)
Бұл өлең жолдарында күз суретін беруде ақындар эпитеттерді көп қолданған. Эпитеттер: әзәзіл жел, екпінді жел, қара нөсер, қыр төсінде қураған гүлдер, қайтқан құс, қиқулап қаздар қайтқан күз. Бұл эпиттердің ішінде көп қолданыла бермейтін тіркес «әзәліл жел» тіркесі. Әзәзіл сөзіне түсіндірме сөздікте былайша анықтама берілген – дiни мағынасы: Ібiлiстiң көктен құлап, қуылғанға дейiн перi болған кезiндегi бұрынғы аты, азғырушы шайтан (Т.С.). Осылайша желдің күз мезгіліндегі қатты соғуын, ессіз, есер деп бейнелеуі деп түсінеміз. Ақын қара нөсер құяды мүлде бұзық деп толассыз жауған жаңбырдың бейнесін оқырманның көз алдына алып келеді.
Сонымен қатар жапырағынан айырылып, жалаңаштанған теректер суретін теңеу арқылы «Жоғалтқай ойыншығын жас баладай, ыңылдап үй жанында терек тұрды» деп суреттейді. Қызық, сайран күндердің өткендігін де теңеу арқылы «қайтқан құстың ілесіп қанатына, кете барған секілді күндер қызық» деп сипаттайды.
Негізінен әр қаламгер күз тақырыбын әртүрлі жырлайды. Біреулер үшін күз – сағыныш, біріне – көңілсіздік, біріне – жалғыздық. Алайда біз қарастырған ақындардың лирикасындағы күз – өмірдің өткіншілігін, қаталдығын, адуындығын бейнелейтін күз. Бұл келесі сөздер мен сөз тіркестерін қолдану арқылы жүзеге асқан: әзәліл жел, екпінді жел, ыңылдаған терек, қара нөсердің бұзықтығы, гүлдердің үзілуі, қайтқан құстар.
Жел ұшырған жапырақтар, күн көзінің дәрменсіз сәулелері, толыссыз жаңбыр, қоңыр аспан, бұлттар – бәрі-бәрі көңілсіздікті, сағынышты суреттейді.
ХХ ғасырдағы табиғат лирикасындағы жырланатын келесі жыл мезгілі – қыс мезгілі. Қыс – бір жағынан тыныштықтың, әдеміліліктің көрінісін беретін болса, екінші жағынан қиын қыстау заманды суреттейді. Мысалы:
Аяз, аяз,
Бозарды бет шымырлап,
Үлпек қарда ізім қалды қыбырлап.
Қыс келгенін, мұз басқанын даланы,
Суық жел тұр құлағыма сыбырлап. (Ж.Н. Аяз – жеңгем. 4-10)
Қар жауып тұр, асықпайды ол бірақ,
Қонып жатыр жаймен ғана қалғып-ақ.
Алатаудың құшағына енгенде
Ақ денесі кететіндей балдырап.
Ұйытқып соғып аласұрған көңілдей,
Бір-ақ түнде ақтарылып төгілмей.
Қара жерге түседі ылғи жасқанып,
Қалыңдық боп жаңа түскен келіндей. (С.Ж. Қар туралы жыр. 2-332)
Моп-момын дала дүлейден кенет дүрлікті,
Көкті де жұтқан түтігіп тұрған бір мықты.
Желтоқсан жетті қақпақыл ойнап, құтырып,
Құртқысы келіп күркедегі жүдеу тірлікті. (М.С. Боран. 1-107)
Алаулап екі бетің оттай жанып,
Қызынып іңкәр жүрек шоққа айналып.
Сен тұрдың құшағында дүниенің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет