«Стилистика және әдеби редакциялау» – болашақ журналистердi дайындау бағытындағы ең маңызды практикалық дәрiстердiң бiрi


«Стилистика және әдеби редакциялау» курсы екi бағытта оқытылады



бет4/11
Дата04.02.2022
өлшемі32,92 Kb.
#130672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Стилистика және әдеби монтаж
Тныштыбаева Аружан мінездеме, Видео түсіруге 100 идея, Еліміздің болашағы- жастардың қолында тәрбие сағаты (9 сынып), Еліміздің болашағы- жастардың қолында тәрбие сағаты (9 сынып), Еліміздің болашағы- жастардың қолында тәрбие сағаты (9 сынып), СӨЖ 2 курс
«Стилистика және әдеби редакциялау» курсы екi бағытта оқытылады. Теориялық сабақтарда баспасөз материалдарын әдеби өңдеудiң қағидалары мен тұжырымдары, оның лингивистикалық тетелес пәндермен байланысы, қарым-қатынасы үйретiлсе, практикалық (лабораториялық) сабақтарда студенттер қолжазбаны редакциялау мен рецензиялау тәжiрибесiне дағдыланады, газет тiгiндiлерiмен танысып, пiкiркөзқарастарын бiлдiредi. Әр студент жеке-жеке атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасап, мерзiмдi басылым беттерiнен тапқан мағыналық-логикалық қателерiн, өңдеген материалдарын талқыға салады.


Студент сабақтан тыс уақытта өз бетiнше даярлана отырып, лекцияда ұсынылған негiзгi және қосымша әдебиеттердi конспектiлеп, жазба жұмыстарын (бақылау жұмысы, реферат, т.б.) орындайды.
Курстың негiзгi мәнi әдеби редакциялау iсiмен тiкелей айналысатын, баспа мен газеттегi қолжазбамен жұмыс iстейтiн әдеби қызметкердiң (әдеби редактордың) қызметiне жан-жақты талдау жасау.
Қолжазбаны баспаға әзiрлеу iсiне газетте жауапты хатшы мен әдеби қызметкер (тiлшi), кiтап баспасында бөлiм меңгерушiсi мен әдеби редактор қатысады. Қолжазба мен түпнұсқаның сапасына ең алдымен, мiне, солар жауап бередi. Әдеби қызметкерлер (редакторлар) материалды баспаға әзiрлеу барысында алдымен тiлге, сосын тақырыбына, ең соңында сюжетiне мән бередi. Демек, әдеби өңдеушi материалды тек сыдыртып оқып шықпай, автордың айтпағы не, тақырып толық ашылған ба, келтiрiлген айғақ-деректер дәлелдi ме, пайымдары қисынды ма, мiне, соларды да егжей-тегжейлi шұқшия тексередi.
Кейде өткiр тақырыпта жазылған дүние дұрыс өңделмей, оқырман жүрегiне жетпей жатады. Керiсiнше, оқырман қажет етпейтiн тақырыпты әп-әдемi өңдеп, ұсынатынымыз бар. Редакциялау процесiне тiкелей жауапты әдеби қызметкер, мiне,. осы тұста шеберлiк танытуы тиiс. Заман ағымымен iлесiп отырғаны жөн.
Ол кемшiлiк iздемуi керек, сол кемшiлiктi түзетуге жәрдемдесуi тиiс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет