«Стилистика және тіл мәдениеті»


-дәріс. Радио, теледидар тілінің стильдік ерекшеліктері



бет9/12
Дата10.03.2023
өлшемі166,5 Kb.
#171703
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
«Ñòèëèñòèêà æ?íå ò³ë ì?äåíèåò³»
ИКТ. Лекция 9, Әл-Фараби дұрыс (1), 305 список, abay, Пікір, (Lesson study) зерттеу сабақтары бойынша талдауы Оқу сапасын арттыру үшін топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету және оқу үдерісін зерделеудегі дағдыларын қалыптастыру (9 сынып), Áà?äàðëàìàñû î?ó ïðàêòèêàñû Ò?é³íäåìå Àòû-æ?í³,òåã³ Ê?ê³ì À?á³ë
13-дәріс. Радио, теледидар тілінің стильдік ерекшеліктері.
1.Радио,теледидар тілінің стильдік мүмкіндіктері жайлы
2.Фунционалдық стиль түрлерінің радио,теледидар тілінде қолданылу ерекшеліктері

Журналистикадағы,соның ішінде радио,теледидардағы тілдік, стильдік шеберліктің маңызы. Баспасөз бетінен тілдік қолданыстың лексикамен, грамматикамен, фонетикамен байланыста дамитынын түсіндіріп, тілдік құрылысты, оның қызметін, стилистикалық жан-жақтылылықты үйрету.Телебағдарлама материалдарының тілдік, стильдік ерекшеліктерін ажырата білу, әрі игеру көзделеді. Негізінен тілдік, стильдік құралдардың қолданылу жолдары қарастырылады.


Радиохабарлардың тілі мен стилі . оларда сөйлеу тіліне сай ерекшеленген, сұрыпталған әуезді, әуенді, сазды, интонациялы, мәнерлі, айшықты фразаларға құрылған сөз тіркестері пайдаланады.
Әрбір аудиторияға терминнің түсінікті түрін ескеру мен фразалардың түсіну мен айтуға қолайылығын ескеру - стильді радиоға бейімдеу.
Бақылау сұрақтары:
1. Баспасөздің тілі мен стилі туралы жалпы түсінік.
2. Радио тілінің стильдік ерекшелігі
3. Телебағдарламалар тілінің стильдік ерекшеліктері


14-дәріс.Синонимдік қатарлардың стильдік мүмкіндіктері.
1. Синонимдік қатарлардың стильдік ерекшеліктері.
2. Синонимдік қатарларды орынды қолданудың талаптары.
«Синонимдер – тіл байлығы» дегенде, біз сөздердің жеке тұрғандағы жай тізбегі деп түсінбейміз, солардың кең қолданысқа түсіп, көңілдегі көрікті ойды мүлтіксіз шебер жеткізудегі мәнді қызметін айтамыз. Мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Синоним – грек тілінің sinonimon (мағынасы – «қатар атау») деген сөзі бойынша жасалған термин. Синонимдер – омонимдерге қарама-қарсы құбылыс.Омонимдер мағыналары әр басқа, дыбысталуы бірдей сөздер болса, синонимдер мағыналары бір-біріне жуық (өзара мәндес), дыбысталуы әр түрлі сөздер. Омонимдер де, синонимдер де сөздерден құралады. Ал әр басқа сөздердің синонимдер ретіндер танылуы үшін, олардың мағыналық жақтан бір-біріне жуық, өзара мәндес болуы шарт. Өзара мәндес сөздерден синонимдік қатар құралады.
Синонимдік қатардың құрамына екі, кейде одан да көп сөздер енеді.Синонимдік қатарды құрастырушы сөздер бір-бірімен мағыналық жақтан жақын, өзара мәндес болуымен бірге, барлығының бір сөз табына қатысты сөздер жасалуы шарт. Әр түрлі сөз табына қатысты сөздерден синонимдік қатар жасалмайды. Белгілі бір синонимдік қатардың жасалуы үшін , оның құрамына енетін сөздердің барлығы да не бірыңғай зат есім сөздерден, не бірыңғай сын есім сөздерден немесе бірыңғай етістік сөздерден болуы керек.Синонимдік қатарлар әр сөз табының құрамында бар. Әсіресе зат есім, сын есім, етістік, үстеуден болған синонимдер жиі кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет