Студент: Ильясқызы Әсел


Редакторлық талдаудың негізгі қағидаттары



бет4/4
Дата10.12.2023
өлшемі20,92 Kb.
#196179
1   2   3   4
Байланысты:
Ильясқыз Әсел 8-билет
CANBERRA, 2 күн тапсырма, 2 күн тапсырма, Жалпы зәр (несеп) анализі Қазақша медицина
Редакторлық талдаудың негізгі қағидаттары.Редактор ең алдымен әдеби – көркем шығармалардың қалай топтастырылатынын білуі қажет. Олар былайша топтастырылады:
-функцияналдық маңызы;
-оқырман мекен-жайы;
-ақпарат мінездемесі;
-құрылым;
-мәтін дайндау мінездемесі;
-басылым құрылымы.
​Функционалдық маңызды белгісі бойынша әдеби көркем шығармалар ғылыми және бұқаралық басылымдар болып бөлінеді. Оған аудармалар, пікірлер, толықтырулар жатады. Олар тек оқылуға ғана арналған. Бұл ең көп кездесетін көркем әдебиет түрі. Оқырман мекен-жай белгісі бойынша, әдеби-көркем әдебиет былайша бөлінеді: Оқырман мамандығы, білімділігі, жасы. Яғни, үш басты белгі бойынша бөлінеді:
-жас ерекшелігі
-кәсіби
-психологиялық-педагогикалық ерекшелік
​Автор қолжазба-редактор-баспа-оқырман жүйесінде жеке пікірлер редакторлық жеке талғам, тілдік және стильдік белгілер, автор стилі баспаның коммерциялық бағыты, оқырман сұранысы, тағы басқа факторлар үлкен рөл атқарады. Редакторлық талдау ең алдымен, мәтіннің баспаға жарамдылығын бағалай отыра, редакторлық талдаудың обьектісі анықталады.
​Әдеби шығарма редакторлық талдаудың обьектісі бола тұра, көптеген басқа да мысалы, логика, психология, лингвистика, кітап типологиясы салалары тұрғысынан да зерттеу жұмыстардың обьектісі болып табылады.
​Осы ғылыми салалардың әрқайсысы тек өз тұрғысынан мәтіннің редактор мәтіннің тек иедологиялық немесе логикалық жақтарын ғана зерттеумен айналысуы мүмкін. Сонымен ғана шектелуі мүмкін.
​Оқырман талғамына сәйкес келетін және қоғам игілігіне жарар дүниені редактор қашанда жоғары бағалайды. Мәтін қандай болып шығады, қоғамның сұранысына қарай қандай болу керек деген жайттарды айтуға болады. Не болмаса мәтін ішіндегі белгілі бір фактор да зерттеу нысанына айналады.
​Баға дегеніміз - қалыптасқан қағидаларға жауап беретін обьектіні бағалаудың қосымша процесі. Сапасы деп те айта аламыз. Редактор обьектінің мазмұнындағы және жазылуындағы белгілерді салыстыра отыра, қолжазбаға баға береді. Сондай-ақ, қоғамда қалыптасқан қағидаларға қаншалықты сәйкес екендігін, жалпы қатысын зерттейді. Алайда қоғамда қалыптасқан қағидалар жалпыға ортақ емес, бір ғана топ мүддесіне бағытталуы мүмкін. Бағалау көрсеткіштері оқырманға әсер ету болса, ол әдеби сын және кітаптану принциптеріне негізделеді. Бұл дегеніміз, редактор әлеуметтік қоғамдағы әдебиеттерді жалпы бағалау әдісіне сүйене отыра, қолжазбаға мінездеме береді, сол тұрғыдан обьектіні анықтап, зерттеу жұмыстарын бағдарлайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет