Ж. Тапсырма: «Төрт бұрыш» әдісі. Фильмнен берілген үзіндіні мұқият тыңдаңдар.
- Кімнің әрекеті дұрыс?
Осы сұрақ бойынша өздеріңе жақын бұрыштағы пікірлерге барып тұрыңдар. Берілген тірек сөздер арқылы өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.
Тірек сөздер: Менің ойымша..., менің білуімше,меніңше, біріншіден, сеніңше, екіншіден, қорыта айтқанда Дескриптор:
пікірлерін қорғайды.
ҚБ. «Бас бармақ» тәсілі бойынша бағалайды.
ЖЖ. Тапсырма. «Кім жылдам?». Үстел үстінде төңкеріліп жатқан қағаздан бір тақырыпты таңдап ал. Жылдамдатып сұрақ-жауап түрінде сөйлесіңдер. Шарты: жағдаятты өздерің ойлап табыңдар. Талап: сұрақ қоюшы одағай сөздерді пайдалансын, жауап беруші қыстырма сөздерді қолдансын. Диалог кемінде 8-9 тілқатымнан тұрсын.