Сулейменова Алия Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы


Сөйлеу тілінің лексикасы, оның өзіне тән ерекшеліктері. Жалпыхалықтық және шектеулі лексика, ерекшеліктері. Бейтарап лексика



бет16/22
Дата07.02.2022
өлшемі76,38 Kb.
#84825
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.

17. Сөйлеу тілінің лексикасы, оның өзіне тән ерекшеліктері. Жалпыхалықтық және шектеулі лексика, ерекшеліктері. Бейтарап лексика.
Жауап. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекцияда, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әр түрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жат-пайды. Мысалы қай тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын,»тіпті көркем әдебиет пен публицисти-калық стильдердін, өздерінде де онша көп кездеспейтін, қайта бұ-ларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Алайда мына жағдай есте болуы керек. Сөйлеу стиліне тән бұл сөздер басқа стильдерде қолданылады деуге болмайды. Бірақ сөйлеу стиліндегідей дәрежеде емес. Олардың өз алдына сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы міне осы жағдайға — қолданылу аясына байланысты. 
Тілде стиль түрлерінің (ғылыми, ресми-кеңсе, публицистика-лық, көркем әдебиет) екеуінде не үшеуінде бірдей қолданылатын сөздер де, немесе барлығында кездесетіндері де бар.
Бейтарап лексикаға жататын сөздер қай тілде де сан жағынан біраз бар. Оған ең алдымен жоғарыда аталған аспан, жер, су, ауа, жел, өзен, тау тәрізді табиғат құбылыстары жатады. Осы сөздер көркем әдебиет стилінде де; ғылыми, ресми-кеңсе, публицистика-лық стильде де қолданыла береді. Олардың әр түрлі стильдерде жұмсалуына бірер мысал келтіре кетейік. Тау басында жел тұрды білем (М. Әуезов). Ең қызығы Шолпандағы жел ылғи бір-ақ жаққа, яғни планетаның айналуымен бағыттас соғады екен (Физика). Денеге жерден шығып кетуге мүмкіндік беретін жылдамдық осын-дай болады (сонда). Бұнда қалың боп көпсіп жататын құм мен боз топырақтан аяқ алып жүру бір жүк (М. Әуезов). Фосфорит, құм және көмірдің ұсақталған қоспаларын электр пешіндеауа жібермей жоғары температурада қыздырады. Сондай-ақ абстракт мағыналы сөздер де бейтарап лексикаға жатады. Өйткені олар да белгілі бір ғана стильде емес, әр түрлі стильде жұмсалып отырады. Мысалға қасиет деген сөзді алып көрейік. Бұл ресми-кеңсе стилінде де, ғылыми және публицисти-калық стильде де қолданылады. Дәл осындай ерекшелік анықтау деген етістіктен де аңғарылады. Ол да ресми-кеңсе және ғылыми стильдің екеуінде бірдей келе береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет