Сулейменова Алия Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы


Неологизмдер, оның түрлері. Неологизмдер, жасалу жолдары



бет19/22
Дата07.02.2022
өлшемі76,38 Kb.
#84825
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы Сулейменова А.

22. Неологизмдер, оның түрлері. Неологизмдер, жасалу жолдары.
Жауап. Неология – неологизмдер туралы ғылым, лексикологияның бір саласы. Ол лингвисттен тек жаңа сөздерді тіркеуге алуды ғана емес, олардың пайда болуы мен қалыптасуын, тілде жүйеленуін толық зерттеуді талап етеді. Бұл зерттеу тілдің қызметтік аспектісі қырынан келгенде мүмкін болады. Неологияның негізгі проблемасына мыналар енеді: — жаңа сөздерді және олардың мағыналарын тану жолдарын анықтау; — қоғамның прагматикалық қажеттілігіне сай олардың пайда болуына әсер еткен факторларға талдау жасау; — жаңа сөздердің қолданылу шегі мен құрылу модельдерін зерттеу; — олардың әлеуметтік-кәсіби, жас ерекшелігіне сай не т.б. топтарда қабылдануы не қабылданбауына қатысты ұстанымдарды саралау
Жаңа сөздер не неологизмдер жаңа түсініктерді атау қажеттілігінен туындаған. Олардың пайда болуына әсер еткен сыртқы жағдайлар сипатына сай жаңа сөздердің де тілдегі өмір сүруі мен қолданылуы түрліше болады. Олардың кейбірі әлеуметтік мәселелерге қатысты болып, тарихи жағынан құндылыққа ие бола алса (мысалы, мемлекеттің жаңа түрінің пайда болуына байланысты: жариялылық, қос палаталы т.с.с.), енді бірі қысқа мерзімдік болады (мысалы, киім не шаш, аяқ киімге қатысты сән үлгілерінің атаулары).
Қолданыста жүрген неологизмдер жіктеліміне нақты тоқталамыз:
1.Тілдік бірлік түрі бойынша неологизм түрлері: Тілдік бірлік түріне байланысты неологизмдер неолексемалар, неофраземалар, неосемемалар (сөздер мен фразеологизмдер) болып бөлінеді. Неолексемалар деп өзге тілден енген жаңа сөздерді не жаңа құрылымдарды атайды. Мысалы: имидж, киллер, рейв, рэп, чизбургер, туалет, биотуалет, бомж т.б. Неофраземалар деп идиомалық семантикаға ие жаңа тұрақты сөз тіркестері мен фразеологизмдерді атайды. Мысалы, қайта құру кезінде қалыптасқан тұрақты жаңа сөз тіркестері мыналар: Ақ үй, сенім несиесі, құқықтық мемлекет, табыс туралы декларация, жарнамалық үзіліс т.с.с. Неосемемалар дегеніміз — көнерген сөздер мен фразеологизмдердің жаңа мағыналары. Мысалы, экология сөзінің «тазалық, дұрыстық, үндестік, тазалыққа қамқорлық» деген жаңа ауыспалы мағынасы пайда болды. Мысалы, рух экологиясы, тіл экологиясы, мәдениет экологиясы т.с.с.
2.Тілдік бірліктердің жаңалану дәрежесіне байланысты неологизм түрлері: Тілдік бірліктердің жаңалану дәрежесіне байланысты неологизмдер екіге бөлінеді: а) абсолютты, ә) қатыстық. Қатыстық неологизмдерді кейде функционалды неологизмдер не өзектіленген сөздер деп те атайды. Абсолютты неологизмдерге әдетте нақты сипаттамалы анықтама берілмей келеді. Оның негізгі сипаты тілде бұрын-соңды болмағандығымен анықталады. Мысалы, бомж, массмедиа т.б. Қатыстық неологизмдер қатарына тілде бұрыннан бар тіл бірліктерінің жаңалануы жатқызылады.
3.Таңбалайтын затына қатысты неологизм түрлері: Таңбалайтын затына, яғни денотаты мен сигнификатына, қатысты неологизмдер бес топқа бөлінеді: 1) жаңа реалиилерді таңбалайтын неологизмдер; 2) көне реалиилерді таңбалайтын неологизмдер; 3) өзектіленген реалиилерді таңбалайтын неологизмдер; 4) ескірген реалиилерді таңбалайтын неологизмдер; 5) шындықта жоқ не жорамалданған реалиилерді таңбалайтын неологизмдер. Көне реалиийлерді жаңғырту бағытында көнерген сөздердің, көне ұғымның жаңалану жолдарына тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Тіл – қоғаммен өзектес жанды құбылыс. Сондықтан оның сөздік құрамы үнемі өзгеріп, толысып, дамып отырады. Ал осы даму тіліміздегі кейбір сөздердің тілдік қолданыстан шығуына себін тигізсе, кейбір сөздердің тілімізге қайта оралуына негіз болып жатады. Бұл дамуда сөздердің мағынасында өзгерістер болып, олардың мағыналары тарылып, немесе кеңейіп те жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет