Syllabus «жоо мен жобм физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы»



бет14/63
Дата07.02.2022
өлшемі232,54 Kb.
#87027
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
ЖОО мен ЖОБМ физиканы оқытудың әдістемелік маңыздылығы

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:Физика оқу мен ғылым объектісі ретінде.Білім беру мен өмір шарттары ерекшеліктері


8 - дәріс.
Тақырыбы: ЖОО-да оқу үдерісін реттеуші нормативтік құжаттар
Мақсаты: Қазіргі білім беру жүйесін ұйымдастырудың негізін түсіну
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі нормативтік құжаттарға сипаттама.
1. Білім берудің мемлекеттік стандарттары.
2. Білім беру жүйесін дамытудың негізгі факторлары.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі – білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды. Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері – азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады. Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді: білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру; нәтижесін дұрыс мөлшерлеу; білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау; жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету; білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету; оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету; мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;
тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету. Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы орта білімді дамыту концепциясы маңызды нормативтік құжат болып табылады. Онда білім беру саласының жағдайына сыни тұрғыда баға берілген. Концепция білім берудің басты үш мақсатын (шығармашылық, дүниеге көзқарас, терең білім) алуға қояды және мектептегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мақсатын айқындайды. Қазақстан мектептерінің қызметіндегі басты бағыт оқушылардың білім, білік, дағдыларын біртіндеп қалыптастыру және олардың талдау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Мемлекеттік «Білім» бағдарламасы оны жүзеге асырудың жолдарын анықтайды: білім мазмұнының демократиялық және гуманистік бағытта жаңаруын, оқушы жастардың сапалы білім алуға ұмтылуын; оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды жетілдіру; білім беру саласының қызметкерлері мен оқушы жастарды әлеуметтік қорғауды күшейту; мұғалімдердің жалақасын көтеру арқылы әлеуметтік рөлі мен беделін жоғарлату.
Жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттарда тілдерді үйрену мәселесі маңызды орын алады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңда елімізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ұлтаралық тіл – орыс тілі деп көрсетілген. Тілдер туралы заңды дұрыс жүзеге асыру үшін: халыққа мектептер мен оқыту тілін таңдауға кең құқық берілуі; Республиканың барлық мектептері мен мектепке дейінгі оқыту орындарында мемлекеттік тілдің пән ретінде тереңдетіліп жүргізілуі; орыс тілін жан-жақты оқытуға қажетті жағдай жасау; мектептер қос тілді меңгерген мұғалімдермен қамтамасыз ету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет