Syllabus пәннің атауы


Планеталардың көрінетін қозғалысы мен конфигурацияларын түсіндіру



бет8/39
Дата04.12.2022
өлшемі3,33 Mb.
#161127
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
Сил.Астрономия

Планеталардың көрінетін қозғалысы мен конфигурацияларын түсіндіру
Орбиталар бойымен қозғалысы кезінде планеталар Күн және Жерге қатысты түрліше орналасуы мүмкін. Айталық Т Жер өз орбитасында С Күнге қатысты қандай да бір орын алсын.

Сурет 2.2. Планеталар конфигурациялары
Төменгі немесе жоғарғы планета бұл уақытта өз орбитасының кез-келген нүктесінде бола алады. Егер V - төменгі планета
суретте көрсетілген V1,V2,V3,V4 нүктелерінің бірінде орналасса, онда ол Жерден бақылағанда Күнмен төменгі (V1) немесе жоғарғы (V3) бірігу нүктелерінен, ең үлкен батыстық (V2) немесе ең үлкен шығыстық (V4) элонгация нүктелерінен көрінеді. Егер М - жоғарғы планета М123 және М4 нүктелерінде орналасса, онда ол Жерден бақылағанда қарсы тұрауы (M1), бірігіп тұруы (M3), батыс (M2) немесе шығыс (M4) квадраттарда болуы мүмкін. Төменгі планета Жерге төменгі бірігу кезінде ең жақын келеді және жоғарғы бірігу кезінде максималды алшақтайды. (сурет 2.2.).
Планеталар айналуларының синодтық және сидерлік периодтары
Планетаның синодтық айналу периоды (S) деп оның екі бірдей тізбекті кофигурациялар арасындағы уақыт аралығын айтады. Планетаның сидерлік немесе жұлдыздық айналу периоды (T) деп планетаның өз орбитасы бойымен Күнді толық бір рет айналуына кететін уақыт аралығын айтады.
Жердің сидерлік айналу периодын жұлдыздық жыл (   ) деп атайды. Бұл аталған үш түрлі периодтар арасында қарапайым математикалық тәуелділікті құруға болады. Планетаның тәулік ішіндегі орбита бойымен бұрыштық орын ауыстыруы   , ал Жердікі   . Планета мен Жердің тәуліктік бұрыштық орын ауыстыруларының айырмасы планетаның тәуліктік ығысуына тең, яғни   . Олай болса төменгі планеталар үшін:
(2.1.1)
Жоғарғы планеталар үшін:
(2.1.2)
Бұл теңдеулер синодтық қозғалыс теңдеулері деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет