Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп



бет10/20
Дата23.10.2023
өлшемі163,1 Kb.
#187485
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
a.baytrsynovty-aza-tlne-osan-les
Beige and Grey Minimalist Product Catalog Presentation-1, Презентация (5), №9 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ, жер жауапкершилик

«Оқу құралы» арқылы балаларды сауаттандырып алғаннан кейін, ол енді қазақ тілін пән ретінде оқытудың құралын ойластыра бастайды. Бірнеше бөлімнен тұратын бұл оқулықтың әр бөлімі жеке-жеке «Тіл құрал» деген атпен жариялана бастайды. 1914 жылы морфологияға арналған II-ші бөлімі 1915 жылы фонетикаға арналған I-ші бөлімі, содан кейін синтаксиске байланысты III-ші бөлімі жұртшылыққа ұсынылады. Мұның қайсысы да кемінде 6-7 рет баспа жүзін көрген. «Тіл құрал» - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге пәндерден оқып үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегендерді білмей- көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшім мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді. Кітаптың «Сөз басында», «Тіл құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуел кезде сондай жат көрінер, өйткені, қазақта бұрын болмаған жаңа зат халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте- бірте бойы үйренген соң қалатын дейді. Шынында да ол жат болмақ түгіл, бірте- бірте соншама үйреншікті қазақ балаларының бірнеше буынын тәрбиеленген. 14-15 жыл бойы мектеп оқушыларына ана тілініңн табиғатын танытқан ет бауыр дүниеге айналады.

«Тіл құрал» десе жұртшылық қазақ тілі оқулығын, оқулық десе, тек қана Ахмет Байтұрсыновты білетін болған. Қазақ тіл білімінің қалыптасуында айрықша рөл атқарған, бұл еңбектерді саралаған да, жалпы лингвистика ғылымының өрістеуіне даңғыл жол ашқан термин жасау мәселесін тіпті де аттап өте алмаймыз. Әлгіндей оқулықтар түзу барысында Ахмет Байтұрсынов әрбір ұғым, түсінік, нәрсе, затқа, әсіресе грамматикалық категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды. Сол кезеңде жасалып, қазір мүлде қалыптасып тұрақтанған зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, дыбыс, әріп, қағида, сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз, леп белгісі, сұрау белгісі, т.б толып жатқан терминдер – тіл ғылымын дамытудағы зор үлес. Әрбір грамматикалық категорияның өзіне тән атауын дәл тауып, жіліктеп, жіктеп, саралап беру оқу жүйесіндегі ісімізге айрықша әсер еткені мәлім. Мәселен, сөздерді тұлғасына, мағынасына қарай бөліп, саралап, қолмен қойғандай етіп көрсетуі мамандардың қай- қайсысын да таң қалдырған. Ахмет Байтұрсынов жасаған терминдер жүйесі күні- бүгінге дейін тілімізге мүлтіксіз қызмет етіп келді. (4,58)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет