Т. Г. Шевченко атындағы №13 орта мектеп


III-тарау. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары



бет18/20
Дата23.10.2023
өлшемі163,1 Kb.
#187485
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
a.baytrsynovty-aza-tlne-osan-les
Beige and Grey Minimalist Product Catalog Presentation-1, Презентация (5), №9 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ, жер жауапкершилик

III-тарау. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары.

  • III-тарау. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары.
  • Ұлттық тілді оқыту әдістемесінің тарихи қалыптасу жолына үңілсек XX ғасырдың бас кезіндегі алғашқы онжылдықтардың салмағының молдығына, маңыздылығына көз жеткізуге болады. Өкініштісі сол, қолымызда бар тіл біліміне, әдістеме іліміне қатысты зерттеу еңбектердің бірде- бірінде әмбебап сөздігімізде де сол тұстағы ағартушы, әдістемеші зиялыларымыздың аты- жөні көрсетілмеген еңбектеріне обьективті баға берілмеген. Ендеше осы мерзімдерде жарық көрген газет- журналдарымыздың бетінде жарияланған әдістеме, оқу- ағарту бағытындағы мақалаларды сын көзден өткізу, саралау, сол сәттегі игі істің дамуына қосқан үлесін анықтау да күн тәртібінде деген сөз. Әдістеме тархын бастау кезінің бір парағы «Айқап» , «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Шора», «Сана», «Жаңа мектеп» секілді талай басылымдарда жатыр. Мысалы: Ғ.Қараштың «Педагогика» («Мұғалім» журналы №2,1919 ж), Х. Досмұхамедұлының «Қазақ қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» («Шолпан журналы» №1-3, 6-8, 1923ж), Жүсіпбектің «Ана тілін қалай оқыту керек?» («Жаңа мектеп» журналы, №2,1925ж. 17-25бет) еңбектері көтерген жүгімен сан тарау ойға жетелейді. Ал таза педагогикалық басылым «Сана» журналының сауат ашу, ағарту бағытындағы кемшіліктердің орнын толтыруға арналғанын байқаймыз.
  • Сол тұстағы А. Байтұрсынұлы бастаған ұлт зиялылары халқымыздың рухани дүниесін байытуды ұрпақ тәрбиесінен бастау қажеттігін айқын түсінген. Білім көзінің алғашқы сатысы бастауыш мектепке арнап оқу құралдарын даярлаған. («Оқу құралы», «Әліпби», «Табиғаттану», «Есептану» құралы (Арифметика), «Пішіндеме». Олар алғашқы күннен-ақ оқулықтарында орыс мектептерінің бағдарламаларын көшіріп пайдалануды жөн көрмей, халқымыздың ұлттық, аймақтық ерекшеліктері анық білінуіне назар аударуы бүгінде ескерер жайт.

Ал Ахмет Байтұрсыновтың өзі ұлт тілін оқыту әдістемесінің ірге тасын қалаушы, оқулық жазудың білгір маманы, «Оқу құралы», «Әліп-би», «Сауат ашқыш», «Тіл құрал» сияқты әліппе мен оқулықтарының жазылуы құрылымындағы әдіс-тәілдерді саралаудың өзі көл- көсір әдістемелік мағлұмат береді. Ғұлама әдісқой өзі түрлеген Әліп-би мен оқу құралын жазып қана қойған жоқ, оны қалай оқытудың әдістемелік нұсқауларын да ұсынады. «Баяншы», «Нұсқаушы», «Әліппе астары, «Қай әдіс жақсы?» т.б осы орайдағы зерттемелер қазіргі таңда біз жаңалық тапқандай айтып жүргеніміздің көбіне ғалым өз кезінде- ақ назар аударғанын, пікір түйгендігін тануда көп қиындық туғызбайды. Төменде педагог- ғалымның әдістемелік , ағартушылық, тәрбиелік мәндегі ойларынан бірер үздіктерін ұсынып отырмын. Ахаң оқу- ағарту, әдістеме мәселесі жөнінде:

  • Ал Ахмет Байтұрсыновтың өзі ұлт тілін оқыту әдістемесінің ірге тасын қалаушы, оқулық жазудың білгір маманы, «Оқу құралы», «Әліп-би», «Сауат ашқыш», «Тіл құрал» сияқты әліппе мен оқулықтарының жазылуы құрылымындағы әдіс-тәілдерді саралаудың өзі көл- көсір әдістемелік мағлұмат береді. Ғұлама әдісқой өзі түрлеген Әліп-би мен оқу құралын жазып қана қойған жоқ, оны қалай оқытудың әдістемелік нұсқауларын да ұсынады. «Баяншы», «Нұсқаушы», «Әліппе астары, «Қай әдіс жақсы?» т.б осы орайдағы зерттемелер қазіргі таңда біз жаңалық тапқандай айтып жүргеніміздің көбіне ғалым өз кезінде- ақ назар аударғанын, пікір түйгендігін тануда көп қиындық туғызбайды. Төменде педагог- ғалымның әдістемелік , ағартушылық, тәрбиелік мәндегі ойларынан бірер үздіктерін ұсынып отырмын. Ахаң оқу- ағарту, әдістеме мәселесі жөнінде:
  • 1) Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтықтың белгісі бір ғана әдісті бол, шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу, керек орында жоқ әдісті табу да, қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек.(«Қай әдіс жақсы?», «Жаңа мектеп» 1928ж, №4, 3-11-6)
  • 2) Тілдің ғұмыры ұзақ. Оның жолы жылдап емес, жүз жылдап емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзын ғұмырының ішінді түрлі нәрселер себеп болып, өзгерілмеген тіл жоқ, я азып өзгерілген, я асып өзгерілген, ел бұтақтап өскен сайын тіл де бұтақтанған. Біздің түркі тілі әуелде бір тіл болып, сонан соң ел бұтақтап өскенде тіл де бұтақтанған. Түбірі бір болса да түрі басқаланып түрік тілінің арасына тарау- тарау жүк түскен. Сондықтан бұл күнде неше бұтақ түрік тұқымынан ел болса, сонша тарау тілінде басқалық бар. («Қазақша сөз жазушыларға», «Шора» журналы 1913ж, №4,110-113 бет.)
  • 3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет