Т. В. Подгорная әкімшілік кадрлық бөлім жетекшісі


Начальник административно-кадрового отдела: Т.В.Подгорная



бет3/5
Дата10.10.2020
өлшемі165,5 Kb.
#64303
1   2   3   4   5
Начальник административно-кадрового отдела: Т.В.Подгорная

Университет студенттерінің арасындағы әскери-патриоттық

тәрбиенің жағдайы туралы

ақпарат

Ректорат, 2009 жыл, қараша


Өз елінің, туған жерінің, өлкесінің абыройын көтеру жолында тәрбиелеу үрдісі жұмысына ерекше мән беріледі. Кураторлық сағаттарда туған өлкенің тарихы, географиясы тақырыптарына арнайы сабақтар, диспуттар мен кештер өткізіледі. Аталмыш кештерде Тәуелсіз Қазақстанның алар орны, әлемде танылуы, бүгіні мен болашағы нақтыланады.

Патриотизмді қалыптастырудың ең басты нысанасы – бұл мемлекетік және атаулы мерекелерді сапалы өткізу. Университеттегі мұндай мерекелер 1-қыркүйек Білім күнінен бастау алады. «Білім күні» мерекелік шарасында оқу мен жұмыста жетістіктерге жеткен ең үздік студенттер, магистрлар мен оқытушылар тілек айтты.

Университеттің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі, облыс әкімі (1.09.09ж.) Т.Р.Нигметов Білім күніне арналған мерекелік жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың білім саласын жоғарылату мақсатында облыс көлемінде қабылданған шаралар жөнінде мағлұмат беріп, студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтады. 6.02.08 жылғы ҚР Президентінің Халыққа Жолдауынан облыста «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде нақты ақпарат берді.

Алаш Орда қозғалысының 90 жылдығына орай тарихшылармен кездесулер ұйымдастырылды. Атап айтсақ, т.ғ.к., доцент И.Н.Кенжалиев, Ж.А.Исмурзин, т.ғ.к. А.Ш.Журасовалар бұл кездесуде 30-40 жылдардағы оқиғаларға тарихи тұрғыдан баға беріп, өз пікірлерін білдірді. Білім әлеміндегі қалыпты жағдай университеттегі тарихшылардың ұйымдастыруымен өткен «Национальное демократическое движение Алаш: история и современность, посвященная образованию партии Алаш и западного отделения Алаш Орды» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өтуі. Аталмыш конференцияға республикамызға танымал тарихшылар қатысты. Олар: М.М.Қойгелдиев, Х.М.Әбжанов, Ө.Озғанбай, Д.Қамзабек, М.Тәжімұрат, немересі Х.Досмұхамедова – М.Досмұхамедов. Конференцияда алғашқы баяндаманы университет ректоры, академик Т.З.Рысбеков оқыды. Облыстық телеарнада Алаш қозғалысына байланысты Ә.Қ.Мұхтар, И.Н.Кенжалиев және Ж.Т.Ерназаровтың қатысуымен әңгіме-дәріс болып өтті. «Жас экономист» жастар қоғамдық бірлестігі мен «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Алаш ардақтылары» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген аға оқытушы А.Ш.Журасова «Өршілдікке үндейтін даналықтың тамыры өткенде», аға оқытушы Е.Е.Хаидарова «Елдің кешегісі – бүгіннің кемел ісі» атты тақырыптары бойынша өз ой-пікірлерін айтты. Аталмыш бағыттағы жиындар студент-жастардың бойындағы өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз.

Университет студенттері еліміздің саяси өмірі туралы жазба шығармаларымен республикалық байқауларда өз бақтарын сынауда. «ХХІ ғасыр студенті» номинациясы бойынша ғылыми жұмыстар байқауында ең үздік реферат мынадай тақырыпта болды: «Жаңа Қазақстанның саяси модернизациясы», «Облыстағы мемлекеттік жастар саясаты дамуының ең үздік ғылыми зерттеу жұмыстары». Бұл байқауға қатысқандар: Л.Бердіғалиева, А.Молдағалиев. Республикалық байқау қорытындысы бойынша студент Л.Бердіғалиева ІІ орынды иеленді. (желтоқсан, 2008 жыл. Астана қаласы).

Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы мен этносаралық байланыстың нығая түсуіне Қазақстан студенттер Альянсының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы студент жастардың ролі» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияның өтуі. Аталмыш конференцияға университет студенттері мен оқытушылары белсене қатысты. Аймақтық көшбасшылар екі күнге созылған конференцияда тәжірибе алмасып, мастер-кластар мен тренингтер өткізді. Сонымен қатар конференция қатысушылары университеттің студенттік өзін-өзі басқару бөлімімен де таныс болды. Конференцияда студенттер сана-сезімінің артып, студенттердің шығармашылық біліктілігі айқын көрінді. Сонымен қатар университет студенттерінің конференцияға қатысу белсенділігі Ішкі саясат басқармасынан жақсы баға алды (11.12.08ж.).

Студенттердің қоғамдық-саяси тұрғыдан дамуы барысында «Жас Отан» жастар қанатымен бірге «Елімізде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың сақталу мен биліктегі дағдарысқа қарсы шаралар» атты дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Ш.Ә.Өтемісов, В.В.Киянский, К.К.Жакупова және Е.И.Тарасенко қатысты (18.11.08ж.).

Университетте «Қазақстандық қоғамның даму парадигмасы – саяси және экономикалық тұрақтылық» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияда доцент С.Ғ.Шарабасов – «Студент, оқытушы – жаңарудағы Қазақстанның белсенді күші»; доцент Л.И.Мергалиева – «Развитие и совершенствование государственного предпринимательства в условиях глобального кризиса»; доцент Г.Б.Молдашева – «Послание Президента и задачи гуманитарного образования»; аға оқытушы А.Муттаирова – «Қаржылық дағдарыстан шығудың жолдарының құқықтың жағынан қамтылуы» атты баяндамаларын ұсынды. Өткізілген конференцияда дағдарысқа қарсы бағдарламаға деген көзқарастың күннен-күнге артып келе жатқаны байқалды. (22.04.09 ж.).

Жас буынның дүниетанымын қалыптастыруда Д.А.Аманжолованың «На изломе. Алаш в этнополитической истории Казахстана» деген атпен жарық көрген кітабы ерекше орын алады. Аталмыш кітаптың жарық көруіне байланысты өткен жиын кәсіби мамандарды тәрбиелеуде өзіндік үлесін қосары анық.

Университете республикалық үгіт-насихат тобының мүшесі М.К.Әбусейітовамен және шығыстану институтының директорымен кездесу болып өтті. Кездесу қонақтары ҚР Үкіметінің ғылыми бастамалардың дамуына бөлініп отырған қаражат жөнінде айтты. Сонымен қатар Егемен Қазақстанның жетістіктерін айқындауға септігін тигізетін ғылыми ашылуларға байланысты мәселе де сөз болды. (27.04.09 ж.).

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде «Партия ұйымының қалалық тапсырмасын орындау шешімі» жөнінде қалалық актив жиналысы болып өтті. Жиынға қала әкімі С.Х.Оразов, қалалық мәслихат хатшысы А.К.Ізтілеуов пен қалалық «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі С.Төлепов қатысты. Ола өз сөздерінде «Нұр Отан» партиясы қойған тапсырманың орындалу, шешілу жолдарын атап өтті. (9.06.09 ж.).

ҚР Рәміздері күні қарсаңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, оқу залында өткен көрме мен «Елтаңбам – елдігім, әнұраным – айбыным, көк туым- теңдігім» атты әдеби-сазды кешті атауға болады. Кеш барысында мемлекеттік рәміздердің мән-маңызы ашылды. Ұйымдастырушылар еліміздің әрбір азаматының өмірінде мемлекеттік рәміздердің алатын орны, еліміздің өркендеп, дамуындағы маңызы мен халықаралық байқауларда, фестивальдерде, спортық форумдарда рәміздердің танылуы сияқты мақсатты көздеді. (3.06.09 ж.).

Университеттің 400-ден аса студенті қалалық әкімшілік ұйымдастырған патриоттық акцияға қатысты. Шараның басты мақсаты – қала жастарының бірлігін, азаматтық қоғамдағы орны мен уақыттың тарихи үрдісіне қатысу мүмкіншілігін арттыру болды. «Менің ОТаным - Қазақстан» атты патриоттық акциясына «Жасыл Ел», СҚЖ мен қаланың қоғамдық бірлестіктерінің мүшелері белсене ат салысты.

Практикалық орыс тілі кафедрасының оқытушылары студенттермен бірге М.Мәметова атындағы мұражайға барды. Сонымен қатар көне тарихымыздан хабар беретін, тақырыптық көрмелер мен жаңа экспонаттармен толыққан облыстық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалады.

Жас мамандарды жоғары жетістікке жету жолында тәрбиелеу үшін оқу-ғылым-тәрбие жұмысында «Жыл қорытындысы бойынша номинацияларды тағайындау» шарасы болып өтті. 6 номинация бойынша оқу-ғылым-тәрбие бағытында өзіндік жетістікке жеткен оқытушылар номинациялармен марапатталды.

Жыл сайын университет облыс көлемінде Тілдерді дамыту күніне орай өткізілетін шараларға белсене қатысуда. Атап айтсақ, облысымызда өзге ұлт өкілдері студенттерінің қатысуымен қазақ тілінен байқау ұйымдастырылды (8.09.08ж.), байқау қорытындысы бойынша Л.Скородумова республикалық байқауға қатысуға жолдама алып, дипломмен марапатталды (15.09.08 ж., Астана қаласы). «Мен қазақстандықпын» атты облыстық байқауға қатысқандар: В.Сорокина, Е.Машкова, А.Руденко, М.Зрячкина, А.Круглова, О.Парамонова (14.11.08ж.). Республикалық деңгейде өткен байқауға облыс атынан Е.Машкова қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді (15.12.08 ж., Астана қаласы). Аталыш байқауларға студенттерді дайындау барысында қазақ тілінің практикалық курсы және құжаттану кафедрасының көмегі зор.



2009 оқу жылы облыстық «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты өзге ұлт өкілдерінің арасында өткен байқауда мәдениет және өнер институтының 3 курс студенті Е.Машкова І орынды иеленді (11.09.09). 3 жыл қатарынан Е.Машкова мемлекеттік тіл дамуына байланысты өткізіліп жүрген іс-шараларға қатысып, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында өткен қазақ тілін жетік меңгерген жастардың республикалық форумының делегаты болды.

2009 жылдың 11 наурызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 6.03.09 ж. «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Халыққа Жолдауын талқылау бойынша университет ұжымының жиналысы болып өтті. Жиында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Т.Т.Шаихиев, экономикалық теория кафедрасының аға оқытушысы Э.С.Кадралиев, доцент С.Ғ.Шарабасов, 3 курс студенті Г.Исмагуловалар сөз сөйледі. Олар өз сөзінде Елбасының жолдауда айтқан мәселелерінің маңыздылығын айтып, дағдарыстан шығудың жолдары жайында өз ойларын айтып өтті. Сонымен қатар жиында Қазақстан халқының қамқорлығына тікелей бағытталған әлеуметтік кепілдіктер де назардан тыс қалған жоқ. Жыл сайынғы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Халыққа Жолдауы университеттегі тәрбие жұмысын жүзеге асыруға негіз болады. Осы орайда Елбасының «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында қазақстандықтардың өміріндегі негізгі аспектілер айқындалады. Кураторлық сағаттар және студенттермен кездесулерде Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартумен қатар олардың әлеуметтік қамсыздандырылуы жөнінде айтылады. Елбасы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында университет ұжымының нақты атқарған жұмысы жөнінде университет ректоры, академик Т.З.Рысбеков – «Гордость вуза – востребованные выпускники» (Егемен Қазақстан, 27.05.2008ж.); «Во имя народа, на благо страны» (Орал өңірі, 29.03.2008ж.); «Мен Қазақстанның болашағына басымды тіккен адаммын!»: Н.Назарбаев (Орал өңірі, 18.09.2008ж.); «сапа сатысына көтереді» (Егемен Қазақстан, 12.03.2008ж.); «К новым высотам» (Наука и образование Казахстана, №4, 2008 ж.); студент А.Исмагулованың «Ел болашағы біздің қолымызда» (Егемен Қазақстан, 20.01.2009ж.) атты мақаласы.

Университеттің оқу ғимараттарында орналасқан университет мұражайы мен оның бөлімшелері жан-жақты тұлға қалыптастыру мен тәрбиелеу жұмысына өз септигін тигізуде. Оған еңбек ардагері К.Я.Сурованың (20.11.08); Т.Р.Сарманбековтың (11.12.08) қатысуымен өткен кездесулері дәлел. Университет мұражайында өткен кездесулерге жауапты мұражай меңгерушісі – М.Қ.Есикенова (11.12.2008 ж.). Өткізілген іс-шаралар: «По местам боевой славы», «65 лет Сталинградской битве», «Боевой путь П.И.Гусака», «Ближний тыл Сталинградского фронта» тақырыптарында мұражайда өткен жиындар; дөңгелек үстелдер: «Тіл тағдыры – болашақ тағдыры» атты (18.09.08) «М.Әуезовтің көркем әлемі» (Бір ел – бір кітап акциясы) (24.09.08); «Ақжайықтың алып перзенттері» (Т.Жароков, Х.Есенжанов) (17.11.08); «Прошлое, настоящее и будущее исторического факультета» (22.10.08); «Батыс Қазақстан облысындағы әулие архитектура ескерткіштері» (24.11.08); «Жайық өңірінің тарихи-мәдени ескерткіштерінің зерттелу тарихы» (11.12.08); саяхаттар: «Животный мир ЗКО и его охрана»; «Биоразнообразие животного мира ЗКО»; «Птицы, занесенные в Красную книгу РК»; «Экология птиц и животных»; тақырыптық көрмелер: «Университет жетістіктері» (1.09.08; 3.10.08; 23.10.08); «БҚМУ студенттер жетістіктері» (15-17.11.08); «Өнерім - өмірім» (11.12.08). Өткізілген іс-шаралардың барлығы жеке тұлғаға өзінің түп-тамырын, салт-дәстүрін білуге ұмтылыс беретіні анық. Университеттің әскери-тарихи мұражайы жұмысының тәжірибесі жөнінде облыстық «Орал өңірі» газетінде «Непрерывается связь поколений» атты мақала жарық көрді. Мақала авторы – А.Рябинина (15.01.09 ж.).

Педагогика ғылымдарының ардагері, профессор, биолог М.М.Фартушинамен болған кездесуде еңбек пен өз мамандығына деген сүйіспеншілік байқалды. Сонымен қатар «Ғылым» атаулыға бар өмірін арнаған ұстаз-ғалымның жетістігі студент-жастарға үлгі болары анық. М.М.Фартушина болмысынан үлкен ұстаз, тіпті ол табиғаттың қыр-сырын толық меңгерген ұстаз деп айтсақ та қателеспейтін шығармыз. Ұзақ жылдар бойы М.М.Фартушина жер мен Орал өңіріне байланысты биологиялық құбылыстарды зерттеп келеді. Кездесу барысында ұстаз-ғалым жазғы сараман, тәжірибелі зерттеуді ұйымдастыру мен оның қорытындысын алу, келісім бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға байланысты өрбіген әңгіме студент-жастарды қызықтыра түсті.

Университет мұражайында спорт ардагері, дене тәрбиесі кафедрасының доценті Қ.И.Исмагуловпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу өте әсерлі өтті. Бұл кездесуде студенттер сапалы білім алған адамның мүмкіндіктерін көрді. Қойылған сұрақтарға жауаптың өзі де шынайы болды, сол себептен кездесу кейіпкері үлкен ілтипатқа бөленді. Кездесуде Қ.И.Исмагулов спортта жеткен жетістіктері мен самбо спортымен айналысатын спортшыларды тәрбиелеу әдісі жайында да ой қозғады. Кездесуде студенттер мен шақырулы қонақтар үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерінің сұрақтарын қойып, қойылған сұраққа жауаптарын алып отырды. Қ.И.Исмагуловтың түлегі С.Ш.Бекбаев сөз сөйледі. Кездесу соңында 4 курс студенті А.Бектасовтың орындауында қазақ халқының күйлері тыңдалды. Жауапты мұражай меңгерушісі М.Қ.Есикенова (27.03.09 ж.).

Көптеген жылдар бойы Ұлы Отан соғысының ардагері, БҚМУ-дың құрметті профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты П.Р.Букаткин жастар арасында әскери-патриоттық жұмыс жүргізіп келеді. Әскери- тарихи мұражай университет үшін еліміздің ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеудің орталығы болып саналады. Аталмыш мұражайдың құрметті қонақтары (Т .Мұсабаев, О.Шишигина, т.б) және университеттің студенттері құрметті профессор П.Р.Букаткиннің көпқырлы жұмысына жоғары баға берді. Студенттер әскери тақырыптарда курстық және дипломдық жұмыстар орындауда. 2006 жылдан бастап университет студенттері П.Р.Букаткиннің жетекшілігімен Псков жерінде соғысқан жерлестеріміз жөнінде материалдарды жинауда үлкен жұмыстар жүргізді. Болашақта жазылатын еске алу Кітабына енгізу үшін бұл материалдардың барлығы БжҒМ-не берілді. Университеттің әскери-тарихи мұражайы жастардың тұлға болып қалыптасуына зор үлес қосуда.

Еш қиындықтан қорықпай, өз елінің патриоты бола білу, Отанын қорғай білу – осындай мәнде Ұлы Отан соғысының ардагері және еңбек ардагері, георгафия кафедрасының аға оқытушысы Қ.Т.Тұрашевпен кездесу болып өтті. Кездесу өте әсерлі өтті. Қ.Т.Тұрашевтың өткен еңбек жолы құрмет тұтарлық. Кездесу барысында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар алынды. С.С.Құлмалиева, С.К.Рамазанов сынды Қ.Т.Тұрашевтың оқушылары өз сөздерінде ұстаздарының сөздерін толықтырды. Қазіргі таңда ұстаздың оқушылары университетте қызмет етіп жүр. Жинақылық, ерекше есте сақтау қабілет пен университеттің құрылуы мен дамуына қосқан ерен еңбек Қ.Т.Тұрашевқа тән қасиеттер. Бүгінгі таңда Қ.Т.Тұрашев еңбек демалысында, десек те ол жас мамандарды тәрбиелеуде өз жұмысын жалғастырып келеді.

Барлық өткізілген шаралар үздіктерге қарап бой түзеуге, өмірлік тәжірибе жинақтауға, өмірде өз орнын таба білуге өз үлесін тигізетіні анық. Аталмыш кездесу университет мұражайында болып өтті. Жауапты мұражай меңгерушісі М.Қ.Есикенова (5.05.09 ж.).

ҚР Қарулы күштерінің 17 жылдығына және Жеңістің 64 жылдығына орай «Мен – Отан қорғаушысымын» атты патриоттық конкурс өткізілді. Аталмыш шараны жүйелі түрде өткізіп отыру керек. Себебі, мұндай шаралар төзімділік, күш-жігер мен өз Отанын қорғауға әрқашан дайын тұратын азаматтарды тәрбиелеуге өз септігін тигізеді. Шарада әскери істі жете меңгерген ең үздік студенттер марапатталды. Сонымен қатар автоматтан ату, қаруды жинау, химиялық және биологиялық түрдегі заттардан қорғану әдістері мен саптық ән негізінде жоғары көрсеткіш көрсеткен студенттер де назардан тыс қалған жоқ. Конкурсты дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі және БӘД кафедрасы, аға оқытушы А.В.Бобер, А.Молдағалиев ұйымдастырды. (7.05.09 ж.).

«2006-2008 жылдарға арналған ҚР азаматтарының арасында патриоттық тәрбие берудің мемелкеттік бағдарламасы» ерекше маңызға ие. Аталмыш бағдарламада Ұлы Отан соғысының мұрасын насихаттау мәселесі ерекше орын алады. Осыған байланысты «Ұлы Отан соғысының 65 жылдығын тойлауға дайындықтың жүргізілуі туралы» бекітілген жоспар қазіргі таңда өзекті болып келеді. Өткізілетін іс-шаралар жоспарында: университет студенттерінің соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне жәрдемдесу жұмысын жүргізу, университеттің әскери-тарихи мұражайында Сталинград шайқасының Панорамасын дайындау; БАҚ-та соғыс батырлары жөнінде материалдарды баспа бетіне шығаруға дайындық жұмыстарын жүргізу; кездесулер өткізу, «Мен – Отан қорғаушысымын», «Когда поют солдаты» атты байқау өткізу; «Батырлар ерлігі әрқашан жадымызда» тақырыбында кеш ұйымдастыру; Ұлы Отан соғысының 65 жылдығына орай салтанатты шара өткізу; соғыс, тыл, еңбек ардагерлері мен ғалым-тарихшылар араасында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастыру. Университетте жоспарға сәйкес төмендегі бағытттар бойынша іс-шаралар өткізіледі:






Университетте жастар саясаты жүзеге асырылады: студенттер оқу жылының басынан бастап қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысады. Мәселен, «Студенттік қатарға қабылдау»; «Бірінші курс студенті» байқауы; Студенттік жастар апталығы; СҚЖ және «Жасыл ел» еңбек жасақтарының еңбек даңқы слеті; жастар бірлестігінің есеп беру жиналысы; КТК; дебаттық турнирлер; акциялар; фестивальдар; байқаулар; кездесулер; осы атлғандардың барлығы студенттердің сабақта, спортта, ғылымда, шығармашылықта жаңа қырынан көрініп, жұмыстарын жемісті жүзеге асыруға септігін тигізіп қана қоймай, сонымен бірге талантты студенттердің әртүрлі бағытта жаңа қырынан көрінуіне мүмкіншілік береді.

2008-2009 оқу жылдары пәндік олимпиадаларда жоғары жетістіктерге қол жеткізілді, Тараз қаласында өткен республикалық ретро-ән байқауында ІІ орын, Халықаралық «Шабыт» фестивалінде «Хореография» номнациясы бойынша ІІ орын (астана қаласы); республикалық студенттер айтысында Бас жүлде (Талдықорған қаласы); «Дос-Мұқасан» ансамблінің әндерін орындау бойынша республикалық байқауда І орын (Павлодар қаласы); «Еуропа – Азия» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының Бүкілресейлік фестивалінде «Хореография» номинациясы бойынша І орын (Ресей, Орынбор қаласы); Халықаралық Дельфий ойындарына «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша оқытушы А.Бекқалиева 6-орынды иеленсе, ал ІІ турға 19 қатысушы жіберіліп, соның ішінен 4-орын (Саратов қаласы); Халықаралық «На Николаевской» фестивалінде І орын (Орынбор қаласы). Университет студенттері «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері және 5 жастар қоғамдық бірлестіктер ұйымында белсенді жұмыс атқарып келеді.

Бұл – университет ұжымының өз жұмысына деген адалдығы мен кәсібилігінің көрсеткіші болып табылады.

В.И.Даль бұл сөздің мағынасын былайша ашады: «Патриот – любитель Отечества, ревнитель о благе его, отчизнолюб, отечественник или отчизник. Патриотизм- любовь к отчизне».

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қазақстандық қоғамның даму бағыттары ретінде көрсетілген. 2009 жылдың тамыз айында ҚР Конституциясының 14 жылдығына арналған Қазақстан Қарулы Күштерінің өткен шеруінде ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің баяндамасында жастарға патриоттық тәрбие берудің маңызын атап өтті.

Қазіргі таңда жас маманның бойына патриоттық сезімді ұялату маңызды болып табылады. Парыз, намыс, ар-ұждан сынды қасиеттерді білім берудің барлық кезеңдерінде тәрбиелеу қажет. Жастардың рухани жағдайын арттыру қажет, оларды өмірлік ұстанымы берік, белгілі бір дәрежеге жеткен аға буын өкілдерімен кездестіру қажет.




Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет