«Табиғатым- тал бесігім»



бет2/3
Дата19.06.2020
өлшемі42 Kb.
#74043
1   2   3
Байланысты:
«Табиғатым- тал бесігім».
kniga sociologiya (1)
1-    оқушы:

Табиғат- сұлу мекенім,

Өзіңді пана етемін.

Саяңда өсіп ер жетімін

Биікке самғап жетемін.

2-оқушы:

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ғой сәніміз,

Туған өлке табиғатын аялап,

            Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

3-оқушы:

Табиғаттың орны бөлек ғаламда

Тигізетін пайдасы зор адамға

Ей адамзат, оны күтіп қорғаңдар

Жойылмасын жасыл желек ормандар!

Болсын тек ауа таза ,  тұнық су

Басылмасын айдын көлде құстың шуы

Төңіректе кесілмесін тал терек

Араша түс табиғатта бәрі керек!

Тартылмасын теңіз көлдер су алып,

Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.

Қолда барда қадір тұтып сақтайық

Жаратқанның бергеніне қуанып.

     Мұғалім:  Табиғат аясы- адамның алтын бесігі. Қазақ халқының табиғатқа деген      

сүйіспеншілігін, күнделікті қолданатын тұтыну заттарындағы ою өрнектерден де

көруге болады. Мысалы: Түс киіздердегі ою- өрнектерде даланың хош иісті гүлдері,

өзен- көлдері, тау жоталары бейнеленсе, сырмақтарда қошқар мүйіз, құс тұмсықтары

мен қанаттары салынған.       

     4- оқушы:              

 Мен сүйем ерікті еркін құсын

 Сайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.

 Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,

 Сүйемін табиғаттың барлық күшін.

     5-оқушы:

  Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.

  Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.

  Су- тіршіліктің көзі.

  Ауа- өмір тынысы.

           Мұғалім: Қазақ халқы сүйікті ұлдары мен қыздарын бәйтерекке, қайыңға,

          жауқазынға, аққуға, құралайға, елікке теңеген. Сұлулықты нәзіктікті – аққуға,

          мөлдірлікті,тазалықты- бұлаққа, батырлықты- сұңқарға, қыранға балаған.

                 Ардақты азаматын асқар тауым, шалқар көлім, қара орманым деп

қастерлеген. «Жақсы жігіт- аспандағы жұлдыз, жақсы қыз жағадағы құндыз» деп ұл

мен қызын жұлдыз бен құндызға теңеген. Құндыздың терісін жоғары бағалап, сыйлы

адамдарға тарту- таралғы жасаған.     

Көрініс:

    Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп

батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты.Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем

сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал

қойыпты.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет