«Табиғатым- тал бесігім»



бет3/3
Дата19.06.2020
өлшемі42 Kb.
#74043
1   2   3
Байланысты:
«Табиғатым- тал бесігім».
kniga sociologiya (1)
Райымбек: ( оқушы )

                               Жер дегенім немене?

                               Ел дегенім немене?

                  Жер сәні деген немене?

                  Ел сәні деген немене?

                  Жер құты деген немене?

                  Жерді не көтереді?

                  Елді кім көтереді?

Төле би: (оқушы)

                Жер дегенің- тіршілік,

                             Ел дегенің- қара халқың,

                                       Жер сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған                   

                                       шалғыны, ну орманы.

               Ел сәні- өркендеп өскен ұлы мен қызы.

               Жер құты – қойнауындғы кені.             

               Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.



Мұғалім:  Расында жер- елдің тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер ордасы.

Сондықтан да балаларымыз « Жер тіршілік», «Жер- қазына» деумен бірге, « Жер

қазынаның басы, мол- байлықтың көзі, батыр- ел сақшысы.»  Мал- бір жұттық,

батыр- бір оқтық, жер- мәңгілік деп даналық ой түйе білген.

   6-оқушы:

  Табиғат- әсемдіктің төркінісің,

  Ән саламын бір сенің көркің үшін.

  Жан – жануар табынып бір өзіңе,

  Сенен алып тұрғандай бар тынысың

  7-оқушы:

 Табиғат! Сен дүниедегі ең сұлусың, ең әдемісің! Сенің жұпар ауаң да, жүгірген

аңын да, айналаны әсем әнге бөлеген құсың да әдемі! Мен сенен әдемілікті

үйрендім. Осындай әдеміліктің ортасында өмір сүрген адамзат баласының

қаншалықты бақытты екенін сезінсе ғой!

  8-оқушы:

Егер табиғатқа тіл бітсе, ол былайша бізге тіл қатар еді: «Ей, адамзат баласы!»

Сен менің бауырымда өсіп ер жеттің. Мен сені тоңғаныңда күн шуағыммен

жылыттым, ыстықта ағаштарыммен жаңына сая болдым. Мөлдір, таза

ауаммен дем алдың, жер ана сені асырады, бақты ұрпағың ғасырдан ғасырға

жалғасып келеді. Мен арқылы сен сұлулықты, әдемілікті сезіңдің! Бірақ мен

саған өкпелімін. Неге дейсің ғой бүгінгі күніме қарашы. Ауам ластанды. Суым

лайланды, тартылды. Орманымдағы ақбөкенім мен сұлу киігім қайда қашты?

Даланы әсем әнге бөлеген құстарым неге азайды? Балықтарым неге жағада

өліп жатыр? Сен бүгін менен бәрін алып алсаң, болашақ ұрпағың қалай күн

көреді? Әлі де кеш емес ойланыңдар! Табиғатты аялай, қорғай біліңдер! деуші еді.

  9-оқушы:                          

  Ей, қазақтың ұланы,

  Болғайсың дана қыраны

  Жер- суын қорғау бабаңның

  Емес пе еді басты ұраны.

 10- оқушы:

    Табиғат, Жер –Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қаситті бір - біріне мағыналас, мазмұны сай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер Ананың перзенті.Табиғат пен Жер- Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.



Қорытынды: Табиғатты қорғау үшін қандай іс-шаралар өткізу керек?( балалар өз ойларын ортаға салады).

Мұғалім:  Ей, табиғат шеберсің, ау шеберсің,

                    Көрмегенді көрсетерсің, берерсің.

                  Ұлан ғайыр бұлағыңды місе етпей,

                  Ашкөзденген адамдарға не дерсің,

                  Айың анау, күнің анау, жерің мынау

                  Ау,адамдар жетпей жатыр енді не?

                  Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!

                   Асырайды ол сені , мені, елді де!



 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет