«Табиғатты қорғау-адамзаттың парызы» атты ашық тәрбие сағаты Орындаған



бет5/6
Дата29.05.2023
өлшемі26,08 Kb.
#177887
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 маусым-Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы (1)
Математикадан Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі 1, 147 kenguru 2012 class 9-10
15 оқушы:
Табиғат - әр беті терең мағынаға толы бірден-бір кітап. Табиғат жарылысын, қоршаған орта тынысын, барлық тіршілік болмысын жан дүниесімен түсінетін адамдар тазалыққа, имандылыққа бас иген адамдар.Соңғы кезде әлемде төмендегідей сұрақ туып отыр: «Экология мен имандылықтың арасында қандай байланыс бар, оларды не байланыстырады, экологиялық имандылық дегеніміз не?» Осы сұраққа жауап берейік
16 оқушы:
Экологиялық имандылықтың негізін құрайтын арналар: инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық, даналық, ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық және қайраттылық. Бәрінің бас әрпін қоссақ – имандылық деген сөз түзіледі.
17 оқушы:
Бұл сұхбаттағы әңгімеміз адалдық жайында болмақ. Адалдық – табиғат үйлесіміндегі қатынастардың шынайылығы мен табиғилығын айқындайтын категория. Адалдық – абсолютті әділеттіліктің алғы шарты. Адалдық – кез келген болмыстың болашаққа деген перспективасын айқындайтын өлшем. Жалпы табиғаттың дамуы жаңғыруға, жаңаруға негізделген. Жаңғыру негізінде жатқан заңдылықтар – мәңгілік ақиқат ережелерінің өлшемімен жазылған код. Оны табиғаттың миллиондаған жылдар бойы өткен «өмір мектептерінің» түйінді аксиомасы десе де болады.
18 оқушы:
Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз. Өзіңді өзің алдау, өз болмысың алдында арам болу даму перспективасын жоғалтумен тең екендігін саралау парыз. Адалдық ғылыми категориядан гөрі адами тіршіліктің қазығы екендігін ұққан абзал. Адалдықтан бастау алмаған жерде адамзаттың мәуелі өмір қияндарын айшықтауда кешірілмес өкінішке соқтыратынын ғасырлар дәлелдеген шындық.
1 жүргізуші:
Қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау үшін адамның, менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасына жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтармен таныс болуы керек.
2 жүргізуші:
Экологиялық сауатсыздықты жою – үкіметіміздің халық арасында жүргізетін маңызды мәселелеріне айналуы тиіс. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми негіздері қазақ халқының табиғатпен қарым-қатынас үстінде туған тарихи көзқарасы мен салт-дәстүрінен бастау алады.
3 жүргізуші:
Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған
4 жүргізуші:
Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастық табам содан мен,
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер — Ана, көл, теңіздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет