Табигиндер



Pdf көрінісі
бет50/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
(Мүминдер анасы Айшаh)
Бұл кісі – тәбиғиндер жайында сөз қозғалғанда тә биғин, саха
-
балардың  саны  саналғанда  –  сахаба.  Алланың  Елшісімен  (с.а.у.) 
хат жазысқан. Қайтыс болған кезде Алланың Елшісі (с.а.у.) оған 
ғайыб жаназасын оқыды. Пайғамбар (с.а.у.) басқа ешкімге ғайыб 
намазын оқыған емес. 
Ол – Әсхамәһ ибн Әбжәр Ән-Нәжәши
1
 деген атағы мен белгілі. 
Ке ліңдер, осы мұсылмандардың ұлығ тұлғаларының бірінің өмірін 
оқып, тағлым алайық. 
Әкесі Хабашстанның (эфиоптардың) патшасы еді. Ән-Нәжәши 
жалғыз ұлы болатын. Хабаштың кей бір кө семдері өз араларында 
«Осыдан басқа ұл көр мегені оның сағын сындырып, өлсе, сонымен 
бірге  патша лығымыз  да  бірге  жойылады.  Басымызға  күн  туады, 
1 Римдегі Цезарь, Парсы патшалығындағы «Кисра» сияқты Эфиопияда патша
-
ларға берілетін атақ.


 199 
түбімізге  жетеді»,  –  десті.  Оны  өлтіріп,  інісін  патша  етіп  тағай
-
ындасақ, мұндай жағдай болмайды. Өйткені інісінің тірі кезінде 
қолғабыс болатын он екі ұлы бар. Өлсе, солардың бірі патша бо
-
лады. Оларды осылайша шайтан азғырды. Ән-Нәжәшидің әкесін 
өлтіріп, інісін таққа отырғызды. 
Ән-Нәжәши әкесінің інісінің қолында өсті. Жа сынан-ақ зерек
-
тігі, батылдығы және шешендік сипаттары біліне бастады. Ағасы 
да оны қатты ұнатып, бойын дағы ерекше қабілеті мен қасиеттерін 
бағалай білді. 
Шайтан  хабаш  көсемдерін  тағы  да  азғырды.  Бұл  жігіт  патша 
болса, әкесі үшін кек алып, бәрімізді қырып жояды. Патшаға ба
-
рып былай деді:
– Жоғары мәртебелі! Әсхамәһті өлтіріп немесе елден қуып жі
-
бермесең жанымыз жай таппайды, көңілі міз көншімейді. Бұл қазір 
ер жетті, әкесін өлтіргеніміз үшін бізден кек алар деп қорқамыз. 
Патша оларға:
– Неткен қанышер едіңдер! Кеше ғана әкесін өлтір діңдер. Бүгін 
маған «Өзін өлтір» дейсіңдер.  уаллаһи, бұлай жасамаймын. 
– Онда оны ұстап, елден қуып жібереміз, – деген сөздеріне пат
-
ша амалсыз басын изеді. 
***
Әсхамәһті жер аудартып жібергендеріне бірнеше күн өтпей-ақ  
Хабашстанға  бұлт  төніп,  дауыл  тұрып    күн  күркіреді.  Онсыз  да 
інісін  қимай  қоштасып,  қайғы  жұтып  жүрген  патшаға  найзағай 
түсіп мерт болды. Хабаштар патша ұлдарына жүгіріп, таққа біре
-
уін отырғызуға тырысады. Бірақ олардан пайда болмайды. Ешқай
-
сысы патшалыққа жарамай шығады. Қайғылары қайғыға ұласып, 
жағдайлары  қиындап,  әсіресе  көз  алартып  отырған  көрші  елдер 
осы  сәтті  пайдаланып,  елдерін  шабуға  дайындалып  жатқанын 
естіп, ел жағ дайы не болмақ деп тығырықтан шығуға тырысады.
Өзара ақылдасып, былай дейді:
– Кеше қуып жіберген жігіттен басқа мақсатта рыңа жеткізер, 
патшалықтарыңды аяққа тұрғызар адам жоқ. Хабашстанды сақтап 
қалам десеңдер, соны тауып, қайтарып алып келіңдер. 
Олар жолға шығып, Ән-Нәжәшиді іздеп тауып, қай тарып алып 
келеді. Басына тәж кигізіп, оған адал қыз мет етуге ант ішеді. 
Ол  елді  даналықпен  биледі.  Халықты  тығырық тан  шығарып, 


 200 
бейберекетсіздікті  жойды.  Хабашстанда  зұлымдық  жойылып, 
әділет пен бейбітшілік орнады.
Ән-Нәжәшидің патша тағына отырғанына көп уақыт өтпей-ақ, 
Алла Тағала тура жол және хақ дінімен Мұхам медті (с.а.у.) Пай
-
ғамбар етіп жіберді. Алғашында адамдар Исламға біртіндеп кіре 
бастады. 
Құрайыш оларға маза бермей, аяусыз қинады. Өз дерінің үлкен 
қаласы Меккенің өзі оларға тарлық қыл ды. Мұсылмандар мүшрик
-
тер (көпқұдайшылдар)та ра пынан дене түршігер жазаға тартылды. 
Кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.):
– Патшалығында ешкімге зұлымдық жасалынбайтын Хабашта 
патша  бар.  Алла  істеріңе  сәттілік  беріп,  қиыншылықтарыңнан 
шыққанға дейін соның еліне барып паналаңдар, – деді. 
Хабаш жеріне тұңғыш мұһажирлердің бірінші тобы жетті. Олар
-
дың саны – сексен адам еді. Мұнда олар бі рінші рет қауіпсіздік пен 
тұрақтылықтың дәмін сезді. Тақуалық пен ғибадаттың нәрін тат
-
ты. Құлшылық жасауларына ешкім кедергі жасамады. 
Бірақ  Құрайыш  тайпасы  сексен  мұсылманның  Хабаш  жеріне 
көшіп кеткені жайында хабардар еді. Оларды Меккеге қайтарып 
алып, аяусыз жазалау шараларын іздестірді. 
Құрайш өзінің ең тәжірибелі әрі ақылды екі ада мын: Амр ибн 
Әл-Ас  пен  Абдуллаһ  ибн  Әбу  Раби ғаһ ты  Ән-Нәжәшиге  жіберді. 
Екеуі Ән-Нәжәши мен ру ақса қал дарына Хижаз елінде ғана табы
-
латын қымбат сый   лықтар алып келді. 
Хабаш жеріне кіргеннен бастап Ән-Нәжәшиден бұрын ақсақал
-
дармен жолығуды ойлады. Әрбір ақсақалға сыйлығын беріп:
– Сіздердің жерлеріңізде есі ауысқан, ата-баба ла рының дінінен 
безген,  елінің  біртұтастығын  бұзған,  бізден  қашқан  жастарымыз 
жүр
.
 Олар жайында пат шаларыңыз өздеріңізбен ақылдасар болса, 
оларды бізге тапсыруға кеңес беріңдер. Өйткені олар тайпалары
-
ның көсемдері кім екендерін, қандай айыптары бар екенін жақсы 
біледі, не істеу қажет екенін жақсы түсінеді. Сондықтан араласу
-
дың қажеті жоқ.
Амр ибн Әл-Ас пен Абдуллаһ ибн Әбу Рабиғаһ екеуі Ән-Нәжә
-
шидің  алдына  кіріп,  қауымы  жасаған  сияқты  сәжде  жасап 
сәлем  берді.  Амр  ибн  Әл-Аспен  бұрын ғы  достық  қатынастарын 
ескеріп,  Ән-Нәжәши  екеуін  де  жақсы  қабылдады.  Оған  екеуін 


 201 
Меккенің  көсемдері  жібергенін,  әрине,  бірінші  болып  Құрай
-
ыштың  көсе мі  Әбу  Суфянның  сәлемдерін  айтып,  сыйлықтар 
тарту  етті.  Патша  сыйлықтарды  қабыл  алып,  ұнаған  сыңай 
 
та нытты.
–  Жоғары  мәртебелі!  Сіздердің  елдеріңізде  біздің  діннен 
шығып, сіздің дініңізге де кірмей, қашып жүр ген бір топ жастар 
бар.  Олар  сіздер  де,  біз  де  білмейтін  жаңа  дін  шығарып  жүр. 
Біздің тайпаның көсемдері оларды ұстап, бізге тапсыруға өтініш 
білдірді. Көсемдеріміз олардың қандай дін шығарғанын, қандай 
бүлік тудыр ғанын жақсы біледі. Ән-Нәжәши ақсақалдарға қара
-
ды. Олар:
– Жоғары мәртебелім, бұл екеуі дұрыс айтады. Олар дың жаңа
-
дан шығарған дінін дұрыс білмейміз. Тайпалары не істеп жүрген
-
дерін өздері жақсы білер, – деп, бір ауыздан ақыл берді.
– Жоқ,  уаллаһи, олардың сөздерін тыңдамай, сенім дерін тек
-
сермей, бере алмаймын. Олар жаман, бұзақы болса, тайпаларына 
тапсырамын, жақсы, көңі лімнен шықса, оларды қорғаймын, елімде 
тұрған кез дерінде құрметтеймін. Мен, Алламен ант етейін, Алла
-
ның маған жасаған жақсылығын ұмытпаймын. Алла мені қуылған 
жерімнен қайтарып, айлакер лердің айласынан, дұшпандарымның 
қастандығынан құтқарды. 
Ән-Нәжәши сахабаларды алдында отырған руластарымен кез
-
десуге шақырды. Сахабалар қорқа бастады.
– Дініміз жайында сұраса, не дейміз? – десті.
– Алла Тағала кітабында айтқандарды баяндаймыз. 
– Пайғамбарға (с.а.у.) Раббысы жайында түскен уахиларды жет
-
кіземіз, – деп тәуекелге бел буып, пат шаның алдына барды. 
Барса, онда Амр ибн Әл-Ас пен Абдуллаһ ибн Әбу Рабиғаһ отыр 
екен. Оң жағында, сол жағында алдарына кітап жайған ақсақалдар 
отыр. Олар патшаға мұсыл манша сәлем беріп, мәжілістің ең шеті
-
не барып отырды. Амр ибн Әл-Ас оларға қарап:
– Неге оған сәжде жасамайсыңдар? – деді. Олар:
– Біз тек Аллаға ғана сәжде қыламыз, – деді.
Ән-Нәжәши оларға таң ғалып, басын шайқады. Мейі рімді көз
-
бен қарап:
–  Өздерің  жаңадан  шығарған  дін  қандай  дін?  Сол 
 
үшін  қауым дарыңның  дінінен    безіп,  менің  де  дініме  кірмеп сіз-


 202 
дер?! – деді. Сонда Жағфар ибн Әбу Талиб рұқсат сұрап:
– Жоғары мәртебелі! Біз өзіміз үшін дін ойлап тапқан жоқпыз. 
Мұхаммед ибн Абдуллаһ Раббысының жанынан тура жол мен хақ 
дінін  алып  келді.  Қараңғылық тан  жарыққа  шығарды,  –  деді.  Біз 
надан халық едік. Пұт тарға табынып, туған-туыстарымызбен ұры
-
сып, әке-шешемізді жекитін едік. Ауыр күнәларды әдетке айнал -
дырып,  көршілерімізге  дұшпандық  жасадық,  күш   ті  леріміз  әлсіз
-
дерді қанады. Алла Тағала өз арамыздан ата-тегі белгілі адамды 
Пайғамбар етіп жіберді. Біз бұрыннан оның шыншылдығына, ама
-
натына, арының тазалығына сенетінбіз. Ол бізді Аллаға шақырды. 
Пұттар мен тастарға табынуды қойып, Алланы жал ғыз құдай деп 
танып, құлшылық етуге бұйрық берді. Намаз оқуға, зекет беруге, 
Рамазанда ораза ұстауға үгіттеді. Сонымен қатар, бізді шындықты 
айтуға, ама натты өтеуге, ағайын-туыспен жақсы қатынаста болуға, 
көршілермен жақсы тұруға, адамның абыройына нұқсан келтірме
-
уге, адамның өмірін қорғауға шақырды. Ауыр күнәлардан, өтірік 
айтудан, жетімнің құқығын жеуден тыйды. Оның айтқанына сеніп, 
Пайғамбарлығы на  иман  келтірдік.  Айтқанына  сендік,  соңынан 
ердік. Серігі жоқ Аллаға ғана құлшылық қылуды бастадық. Тый
-
ым салған нәрселерінен тыйылып, рұқсат қылған нәрселерін халал 
көрдік. 
Бізді дінімізден тайдыру үшін, жалғыз Дәйянға (Есеп алушыға) 
құлшылық  қылған  біздерді  пұттарға  табынуға  қайтару  үшін  өз 
еліміз  дұшпандық  көрсетті.  Аяусыз  азаптады.  Бізге  қысым  көр
-
сетіп, зұлымдық жасап, дінімізге тосқауыл болғаннан кейін сізден 
па на іздеп, елдеріңізде тұруды қаладық. Сіздің еліңізде зұ лымдық 
жасалмайды деген үмітпен сізді таңдадық.    Ән-Нәжәши оларға:      
– Пайғамбарларыңа түскен сөздерден есіңде қал ғаны бар ма? – 
деп сұрады.
– Иә, – деп жауап берді.
– Оқып бер маған.
Жағфар ибн Әбу Талиб оған «Мә ри ям» сүресінен аяттар оқыды:
Бисмилләәһир Рахмәәнир Рахиим! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет