Табигиндер



Pdf көрінісі
бет48/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
АБДУРРАХМАН ӘЛ-ҒАФИҚИ 
«Шәһидтер сарайы» шайқасының
(Пуатье түбіндегі шайқастың) баһадүрі
 
 
«Карл Мартель  мұсылмандарды және олардың қолбас шысы Әл-Ғафиқиды 
кездейсоқ жеңбегенде, Испанияның Ислам кеңпейілдігіне бөленуі тоқтамас еді 
һәм Еуропаға өркениеттің келуі сегіз ғасырға кешікпес еді»
(Еуропа тарихшыларының бірі).
Ағылшын ақындарының бірі Соузи (Southy) Андалусияны ба
-
сып алған мұсылман әскерлерінің Еу ропаға жорықтарын былайша 
сипаттайды:
Олардың саны қисапсыз еді. Араб, бербер, Ислам дініне кірген 
византиялықтар,  парсылар,  мысырлық тар  және  татарлар  –  бар
-
лығы бір тудың астына жиналған. Өздеріне сенімді, оттай лаулап 
тұр. Олардың арасында болаттай берік бауырластық бар еді.  
Олардың қолбасшылары өздеріне-өздері сенімді еді. Алдынан 
шыққанның бәрін жоятын топан судай қалың қолдың сағы сынып, 
қатары ыдырайтыны жеңіс сезіміне мас болған қолбасшылардың үш 
 
ұйық таса  түсіне  кірмейтін  жай  еді.  Шаршап-шалды ғамыз-ау  де
-
ген ойларында да болған жоқ. Әскер үнемі бірінші рет жорыққа 
шыққан жас жігіттей жігерлі болатын, сұрапыл соғысқа сақадай 
сай тұратын. Атының тұяғы жеткен жер – жеңіс, мақсаттары тек 
алға жылжу екеніне әрбір жауынгер, әрбір сардар кәміл сенді. Жа
-
байы батысты шығысқа айналдырып, Мұхаммед атына құрметпен 
бас игізу керек. Яғни батысты азат еткенде, қажылық сапарымен 


 193 
Солтүстік  мұзды  мұхиттың  мұзын  басып  келген  жанның  аяғы 
Араб шөліндегі ыстық құмға күю керек. Мамық қар басып жүрген 
суық жердің иман келтірген тұрғындары Меккенің қатты қой та
-
старын басу керек. 
Ақынның  айтқаны  рас  еді.  Бұл  ақынның  асқақта ған  қиялы 
емес, шынайы шындығы болатын. Олардың ар ғы аталарын надан
-
дық түнегінен жарыққа шығаруға келген мұсылман әскерлерінің 
жағдайы  осылай  еді.  Олардың  арасында  араб  түбегінің  түпкір-
түпкірінен келген, Шам, Хижаз, Нәжід және Иеменнен келген ара
-
бтар бар болатын, олар теңізден соққан дауылдай еді. Исламнан 
қуат алған берберлер Атлас тауының басынан құлаған селдей еді. 
Кисраның  пұтқа  табыну  дінінен  арылып,  Исламға  бой  ұсынған 
парсылар қараңғылық пен зұлымдықты серпіп тастап, көкжиектен 
шыққан  күн дей  көтерілді.  Цезарлар  қанауынан  құтылып,  Ислам 
аясында аналарынан жаңа туған баладай еркіндік алған дар қата
-
рында  қоптылар  (Египеттің  байырғы  халқы)  бар  еді.  Ақынның 
аталарын қараңғылықтан жарыққа шығаруға келген әскердің ара
-
сында ағы да, қарасы да, арабы да, ажамы (басқа ұлттар) да бар 
еді. Тіптен көп ұлттан құралған құрақ деуге де болады. Бірақ бұлар 
Ислам қазанында қайнап, Алла нығметімен бір-біріне бауыр бол
-
ды. Олардың тек бір ғана ойы – Шығысты тізе бүктірген сияқты 
Батысты  да  Ислам  дініне  кіргізу  болды.  Адамзаттың  барлығын 
адамдардың Тәңіріне бас игізу болды. Орманды таулары мен жай
-
қалған жа зықтарына Ислам нұрын жеткізу болды. Әрбір үйде Ис
-
лам таңын атқызып, әділетін ақ пен қараға жүргізу болды. Әрбір 
жауынгер еуропалықтардың Алланың тура жолына тусуі мен то
-
зақтан құтылуы үшін өмірін қиюға дайын еді.
Бұл әскердің соңғы қиссасын баяндайық. Баһадүр Абдуррахман 
Әл-Ғафиқидың соңғы хабарын түсінді рейік. 
Аквитания  герцогына  күйеу  баласы  Осман  ибн  Әбу  Нусға
-
ның  өлімі  жайында  қорқынышты  хабар  жетті.  Көрікті  қызы 
Мениннің  өмірінің  соңы  қалай  аяқ талғанын  да  естіді.  Шай
-
қас  дабылы  қағылатынын  білді.  Ислам  арыстаны  Абдуррах
-
ман  Әл-Ғафиқи  түнде  келмесе,  таңертең  келері  анық.  Бір  қа
-
рыс  жер  үшін  қасық  қанын  төгуге  дайындалды.  Өзі  мен 
патшалығын  қорғап  қалу  үшін  сақадай  сай  тұрды.  Өйткені 
халифа  орталығына  қызы  сияқты  тұтқын  ретінде  тірі  бару-  
 


 194 
дан  қатты  қорықты.  Дамашық  базарында  Испанияның  королі 
(вестготтардың) Родерихтың басын алғандай, өзінің де басын алып 
жатқаны жайында түс көріп, шошып оянатын болды. 
***
Абдуррахман  Әл-Ғафиқи  герцогтың  ойынан  шық ты.  Қалың 
қолы Андалусияның солтүстігінен баса көк теп кірді. Пиреней тү
-
бегінен Францияның оңтүстігіне қар көшкендей болды. Әскерінің 
саны  жүз  түмен  еді.  Әрбірінің  көкірегінде  арыстанның  жүрегі, 
қасқырдың қайсарлығы бар еді. Рон өзенінің жағалауында жат қан 
Арль
1
 қаласына беттеді. Ислам әскері үшін бұл қаланың ерекше 
есебі  болды.  Өйткені  Тулуза  шайқасында  Әс-Самх  ибн  Мә лик 
Әл-Хауләни шәһид болып, мұсылмандардың күйзе ліске түскенін 
сезген  қала  басшылығы  келісім-шартты  бұзып,  жизя  төлеуді 
тоқтатқан. 
Абдуррахман  Әл-Ғафиқи  қала  маңына  жеткенде,  бар лау -
шылары Аквитания герцогының әскерінің көп ші лігі осы қамалда 
шоғырланғанын  баяндады.  Мұсыл ман  әскерінің  алға  жылжуына 
негізгі тосқауыл ретінде әскерін осында жинапты. Көп ұзамай екі 
әскер бетпе-бет келді. Екі қол арасында сұрапыл шайқас бас талды. 
Көп ұзамай Абдуррахман Әл-Ғафиқидың ержүрек әскері, қай
-
тпас қайсар батырлары жау сабын бұзып, тез арада ыдыратып жі
-
берді. Қалаға бұл жолы қылыш сермеп кірді. Дұшпанды аямады. 
Қаланы талан-та ражға салып, көптеген дүние-мүлік жинады. Ал 
герцог Эд аман қалған әскерлерімен қашып құтылды. Мұсылман
-
дармен тағы да соғыс алаңында кездесуге дайындық жасады. Ол 
– Арль шайқасы соғыстың бас тамасы екенін жақсы білетін. 
Абдуррахман  Әл-Ғафиқи  Гаронна  өзенінен  өтіп,  Аквитания 
уәлаятына қарасты барлық қалалар мен ауылдарды өзіне қаратты. 
Әрбір қала, әрбір елді мекен аяғына жығылды. 
Мұсылмандар бұрын-соңды көрмеген, құлақ есті меген олжаға 
кенелді. 
Аквитания  герцогы  тағы  да  қарсы  тұруға  әскер  жинап  көрді. 
Мұсылмандардың қалың қолы әскерін басып-жаншып өтті. Қарсы-
лас қанын өлтірді, берілгенін тұтқындады. 
Енді мұсылман әскері Францияның ірі қалаларының бірі, Ак
-
1 Arles


 195 
витания уәлаятының орталығы Бордо қаласы на беттеді. Қала әмір
-
шісімен арада болған шайқас бұ рын ғы шайқастардан асып түспе
-
се кем болмады. Аяу сыз шабуылға қарсы төтеп беріп, қасық қаны 
тауысыл ған ша қорғануға тырысып бақты. Бауырлас қалалар сияқ-
ты, мызғымас қорған да амалсыз мұсылмандардың қолына берілді. 
Әкімі де мұсылмандардың қолынан шайқаста қаза тапты. Бордо
-
дан жинаған олжа барлық қалалардан түскен олжадан қосқандағы
-
дан да асып түсті. Бордоның күйреуі одан әріректе жатқан қалған 
қалаларға  да  жол  ашты.  Лион,  Безансон,  әсіресе  Парижге  жүз 
шақырым жақын жатқан Сена бойындағы қалалар да мұсылман
-
дарға өтті. 
Бірнеше  айдың  ішінде  Францияның  оңтүстігі  тү гелімен  жау 
қолына  өткені  Еуропа  халықтарын  үрей лендіріп  жіберді.  Еуро
-
палықтар қауіп-қатерді енді сезіп, істің насырға шапқанын жаңа 
ғана түсінгендей, бір жағадан – бас, бір жеңнен – қол шығаруға 
бел  буды.  Кәрі-жасы, байы-кедейі, қала  халқы, ауыл  халқы, бәрі 
жиналып,  Шығыстан  шыққан  айдаһардың  алдын  алуға  дайын
-
далды. Халыққа жар салынып, қаруы жоғы – құр денесін тосуға, 
әйтеуір осы жауды тоқтатуға қасық қаны тауы сылғанша күресуге 
шақырылды. Бүкіл Еуропа болып Карл Мартелдің туының асты
-
на жиналды. Ашынған халық ағашпен, күрек-кетпенмен соғысқа 
шықты.          
Бұл кезде мұсылман әскері Тур қаласына же тіп қалған еді. Тур 
– Францияның ең халқы көп қала ларының бірі болатын. Оған қоса, 
ежелден тамыр тартқан тарихына дәлел болар ірі шіркеулері мен 
мо нас тірлерінің қымбат металды қоңыраулары мен қа быр ғалары, 
әлемге әйгілі ғимараттары Францияның көркі еді. Мұсылмандар 
қаланы қоршап, мойынға оралған жыландай буындырды. Бұл қала 
үшін  жан  аямай  шайқасты.  Қала  қорғанына  өрмелеген  әскерлер 
тәттіге үйілген құмырсқадай еді. 
Һижраның  жүз  төртінші  жылы,  Шағбан  айының  соңғы  апта
-
сында Абдуррахман Әл-Ғафиқи Пуатье қа ласына жақындады. Осы 
тұста Карл Мартелл бастаған франктердің әскерімен жолықты. Екі 
әскер арасын да болған шайқас мұсылман-еуропа тарихында ғана 
емес, бүкіл адамзат тарихында шешуші шайқас болды. Бұл шай
-
қас
1
 – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет