Табигиндер



Pdf көрінісі
бет46/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР, 7а тест
«Мұсылмандар  жеңіске  жетуге  аз  ғана  қалғанда  
Ак витания герцогы Еуропаның басқа елдері мен қала лары на ша-
бармандар  жіберіп,  корольдер  мен  княздар дың  мұсылмандар-
дың елдерін жалмап, бала-шаға, қатын-қалаштарын тұтқынға 
алып  құлдыққа  сатып  жатқанын  ескертіп  хабарлады.  Еуропа 
халықтары ның  алдында  тек  қана  бір  жеңнен-қол,  бір  жағадан 
бас  шығарып,  барынша  әскер  жинап  мұсылмандар дың  ілгеріле-
генін тоқтату амалы қалды. 
Қаланы  қорғауға  қисапсыз  мол  әскер  келді.  Мұздай 
қаруланған  франк  әскерлерінің  жүрісі  жер  дүниені  сіл - 
кіндірді.  Олардың  аттарының  тұяғынан  шыққан  шаң  Рона 
өзенінің айналасына күн көзін түсірмей қойды. 
Соғыс  алаңында  екі  әскер  бір-біріне  жақындап,  та - 
рихтағы  ең  қатыгез  қан-төгіс  шайқас  басталып  кетті. 
Әс-Самх,  немесе  Зама  (біз  солай  атаймыз),  біресе  мына 
қанатқа,  біресе  ана  қанатқа  өтіп  әскердің  алдында  келеді. 
Оған  қапыдан  жебе  оғы  тиіп,  атынан  құлап  түсті.  Оның 
өліктер  арасында  жатқанын  көрген  мұсылман  әскерлерінің 
сағы сынып, саптары тарай бастады. Біздің ержүрек әскеріміз 
оларды  ығысты рып,  түгін  қалдырмай  жоюға  барынша 
күш  жұмсады.  Алайда  Құдайдың  құдіреті  оларға  тағы  да 
талантты  қолбасшы  сыйлап  (Еуропа  оның  Абдуррахман 
Әл-Ғафиқи  екенін  кейін  білді),  аз  ғана  шығынмен  әске - 
рін құтқарып, Испанияға қайтып оралды. Бірақ оның бізге қайта-
дан шабуылға шықпайтынына ешкім кепілдік бере алмайтын еді». 
Тулуз түбіндегі шайқаста Ислам батыры Абдуррахман ибн Аб
-
дуллаһ Әл-Ғафиқи қараңғы түндегі бұлттардың арасынан жарқы
-
рап, адасқандарға жарық беріп, сәулесін жол іздегендерге төккен 
толған айдай ел-жұртқа танылды. Шөл далада қайталап, өлім мен 
өмірдің  арасында  тұрған  жандардың  су  көрсе  қалай  жүгіретінін 
ойлап көрші. Олар өмірлерін сақтап қалатын бір жұтым су үшін 


 188 
қалай ұмтылды?! Осылайша мұсылмандардың әскері ұлы қолбас
-
шыға бойсұнатынын, бағынатынын айтып ант берді. Тулуза шай
-
қасы  Еуропаға  келгелі  бері  жеңіліс  көрмеген  мұсылмандардың 
алғашқы  ойсырай  жеңілуі  болды.  Сол  жеңіліс  салған  жараның 
емін тапқан – Абдуррахман Әл-Ғафиқи болды. Ол қол астындағы  
әскерге әкелік мейіріммен қарады. 
Мұсылмандардың Франциядағы осы жеңілісі жа йында хабар Да
-
машықтағы  халифа  сарайын  дүр  сілкіндірді.  Ержүрек  баһадүр  Әс-
Самх ибн Мәлик Әл-Хауләнидің кегін алуға бел буды. Халифа ордасы 
ондағы әскерлерге Абдуррахман Әл-Ғафиқиге бағынуға бұйрық берді. 
Андалусияның барлығы соның қолына қарайтын болды. Мұсылман
-
дардың  қолындағы  француз  жерлерін  де  берді.  Әл-Ғафиқидың  не 
істеймін десе де еркіне жіберді. Әрине, Әл-Ғафиқи қатал, әділ, тақуа әрі 
 
дана еді. 
Абдуррахманның  билік  тізгінін  қолына  алғалы  бергі  бар  ша
-
руасы әскердің рухын көтеріп, жеңіс сезі мін қайта ояту болатын. 
Муса ибн Нусайрден бас тап, Андалусиядағы бүкіл мұсылман қол
-
басшылардың армандаған жерлеріне мұсылман туын тігу болды. 
Олардың бар мақсаты қазіргі Францияны, ИтӘлияны және Герма
-
нияны  азат  етіп,  сол  жерлерден  Константинопольге  шабуыл  жа
-
сау  болатын.  Жерорта  теңізін  Ислам  теңізіне  айналдырып,  «Рим 
теңізі» дегеннің орнына «Шам теңізі» атын беруді ойлады. 
Абдуррахман ұлы шайқастарға дайындық адамның рухани сер
-
пілуі екенін анық білді. Қандай да ел болмасын рухани тұрғыда 
іштей шіріп тұрса, жеңіске жете алмайтынына кәміл сенетін еді. 
Сондықтан Андалусия елді мекендерін аралап, әкімдерден не
-
месе билерден жапа шеккен, зұлымдық көргендер болса, арыздан
-
сын, мұсылмандармен келі сімге келген ұлттарды еш жатсынбаймыз 
деп үндеу жолдады. Әрбір істі өзі қарап, күштіден әлсізге, залым
-
нан жапа шеккенге құқықтарын қайырды. Тоналған шіркеулердің 
жұмысын тексеріп, тергеу жүргізіп, ке лісім бойынша құқықтарын 
қайтарып берді. Пара беру арқылы салынғандарын бұзғызды. Опа
-
сыздық  жаса ған  немесе  бұзылған  басшыларды  қызметтен  алып,
 
орындарына  сенімді,  дана,  жаны  таза  адамдарды  тағайын да  ды. 
Әрбір  келген  қалаға  немесе  ауылға  жар  сал ды рып,  адамдарды 
жұма намазына шақыртып, Алланың ризашылығы мен сауабына 
кенелуге  үгіт теді. 


 189 
Абдуррахманның  сөзі  ісіне,  армандары  еңбектеріне  сай  еді. 
Әкімдігінің бірінші кезеңінде-ақ, қару-жарақ, құрал-саймандарды 
дайындап, маңызды орындар мен қорғандарды жөндеп, көпірлер 
мен бөгендер салуға кірісті. Олардың ең ірісі – «Кордоба»
1
 бөгені 
болды. Адамдар мен әскердің өзеннен еркін өтуін қамтамасыз етті 
және ел мен жерді тасқыннан сақтау үшін құрылған бөген – дүние 
кереметтерінің бірі болды. Оның ұзындығы – 800 құлаш, биіктігі 
– 60 құлаш, ені – 20 құлаш. Онда 18 торап, 19 мұнара орнатылған. 
Ол қазіргі күнге дейін Испанияда сақталған. 
Барған жерінде әскер басылармен, елдің қалаулы ларымен кез
-
десіп,  олардың  арыз-талаптарын  зер  салып  тыңдауды  әдетке  ай
-
налдырды. Ұсынған жобалары мен кеңестерін толық жазып алушы 
еді. Мәжі  лісінде сөйлеуден гөрі тыңдағанды қош көретін. Мұсыл
-
мандардың  алдыңғы  қатарлы  тұлғаларымен  кездескені  сияқты, 
басқа дін өкілдерімен де жақсы қатынаста болды. Олардан үнемі 
елдерінің  ішкі  құ пиялары  мен  патшалары,  қолбасшыларының 
жағдай лары жайында ақпарат алып тұратын. 
Бір  күні  келіссөз  жасасқан  еуропалықтардың  бірін  шақы рып 
алып, ұзақ уақыт көптеген мәселелер жайында әңгіме-дүкен құрды. 
– Карл, корольдеріңе не болған бізге қарсы со ғысып  басқа әмір
-
ліктердің патшаларына неге көмектес пейді?
–  Қолбасшы,  сіз  біздің  шартымыздың  бәрін  орындап  келе
-
сіз.  Сізге  өтірік  айтуым  сол  шарттардың  бірін  бұзғаным  болар. 
Сіздердің  қолбасшыларыңыз  Муса  ибн  Нусайр  Испанияны  то
-
лық алақанына салғаннан кейін, Андалусия мен біздің елді бөліп 
тұрған Пиренейге өтуге бел буды. Әмірліктердің герцогтары біздің 
ұлы королімізге келіп: 
–  Жоғары  мәртебелі!  Бізге  және  немерелерімізге  кенедей  жа
-
бысқан  мынау  бақытсыздық  не?!  Бұрын  мұсылмандар  жайында 
есітіп, шығыс жақтан келеді деп қорқушы едік. Ал, қазір біздің ба
-
тыс жағымыздан баса көктеп келіп отыр. Саны аз болса да, қаруы 
жеңіл болса да, тіптен көпшілігінде қылыш соққысынан қорғай
-
тын сауыттары да, соғыс майданына мінетін аттары да жоқ мұсыл
-
мандар Испанияны басып алды. Қару-жарақ, мал-мүлікті қолдары
-
на түсірді. Мына тауға да шығып, ұрымтал жерлерге орналасып 
алды, – деді. Короліміз оларға:

Бұл қала бүкіл мұсылмандардың тілінде «Әл-Құртубәһ» деп аталады.


 190 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   63




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет