Табыстың басқа да көрсеткіштері. Табыстар дегеніміз



бет5/6
Дата03.01.2022
өлшемі60,5 Kb.
#108722
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
03.02.21 макроэкономика
03.02.21 макроэкономика, 03.02.21 макроэкономика, Даутова Ажар ССжМ 20-12 (3), Обобщ лекция патфиз Microsoft Office Word
Бірінші шарт:

I (1000V+ 1000m)=II 2000С.

Бірінші бөлімшеде жаңадан жасалған өнім, II бөлімшенің тұтынуға тағайындалған тұрақты капиталына тең болуға тиісті.

Екінші шарт:

I (4000C+1000V+1000m)=I 4000С+ІІ 2000С

I бөлімшедегі өнімдердің жиынтығы, I және II бөлімшелерде тұтынылатын тұрақты капиталға тең болуы керек.

Үшінші шарт:

II (2000C+500V+500m)=I (1000V+1000m)+II (500V+500m).

II бөлімшенің өнімдерінің көлемі, I мен II бөлімшедегі жұмысшылар мен капиталистердің жеке қажеттіктерін қанағаттандыруға тағайындалған тзаттарының өнімдеріне тең болуы керек.

3. Капиталдың органикалық құрамының өзгеруіне байланысты В.И. Ленин жасаған капитстік ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемалары. Ол К.Маркстың схемаларын қолданып, техникалық прогрестің әсерімен есептесе отырып, талдау жүргізді. В.И.Ленин I бөлімшені әрі қарай екіге бөлді - өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру үшін өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру және тзаттарын өндіруі үшін өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру. Осылардың динамикасын талдап В.И.Ленин мынадай қорытындыға келді: техникалық прогресс нәтижесінде капиталдың органикалық құрылымынын, бірінші жылғы 4:1 ден төртінші жылы 5:1-ге дейін өскенінде, жалпы қоғамдық өнім төртінші жылы 20% өсті, оның ішінде тзаттары 6%-ке, тзаттарын өндіретін құрал-жабдықтардың өндірісі 9,5%-ке, құрал-жабдықтарды өндіру үшін құрал-жабдықтар өндірісі - 36,7%-ке өскен.

Л.Вальрастың еркін бәсеке заңының әрекет етуінің жағдайындағы жалпы экономикалық тепе-теңдік үлгісі мынадай түр алады:


  1. {\displaystyle \sum _{i=1}^{m}P_{i}X_{i}=\sum _{j=1}^{n}U_{i}Y_{i}}

ұсыныс сұраныс

Формула былай оқылады: ақшалай есептелген түпкі өнімдердің жалпы ұсынысы, өз иесіне барлық өндіріс факторлары әкелетін табыстардың жиынтығы түріндегі жалпы сұранысқа тең болуға тиісті. Тек сұраныс пен ұсыныстың тепе-тендігі ғана емес, нарықтық қатынастар мүшелерінің тең әл-ауқаттылығы қамтамасыз етілгенде, тепе-теңдік орнады деуге болады. Осындай болмыс барлық нарық мүшелерінің әл-ауқаты жоғарылағанын көрсетеді. В. Леонтъевтің «шығындар-шығарылым» үлгісі. В.Леонтьев Л.Вальрастың макроэкономикалық тепе-теңдік идеясын қолдана отырып, «шығындар-шығарлым» деген салааралық баланс құрды. Салааралық баланстың шахмат түрлі құрамы, осы баланстағы жағдайлардың бір-бірімен тепе-теңдікте болуын қамтамасыз етеді — аттас жолдар мен бағаналардың жиынтығы бір-бірімен тең болады:



  1. {\displaystyle \sum _{i=1}^{n}x_{i}=\sum _{j=1}^{n}x_{j}} , і= j.

Салааралық балансты қолданып тепе-теңдіктің мына түрлеріне жетуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет