Табыстың басқа да көрсеткіштері. Табыстар дегеніміз



бет6/6
Дата03.01.2022
өлшемі60,5 Kb.
#108722
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
03.02.21 макроэкономика
03.02.21 макроэкономика, 03.02.21 макроэкономика, Даутова Ажар ССжМ 20-12 (3), Обобщ лекция патфиз Microsoft Office Word
Салалық тепе-теңдікке, мысалы, 1 саладағы:

  1. {\displaystyle \sum _{i=1}^{n}x_{i}p_{i}=\sum _{j=1}^{n}x_{j}p_{1}}

яғни, 1 саланың шығындарының есеп-шоттарының сомасы, осы саланың өнім шығару есеп-шоттарының сомасына тең болады.

Салааралық тепе-теңдікке, мысалы, өндеу мен қазып (кен) шығаратын салалар арасындағы:

Х32Р3 = Х23 Р2 ,

яғни, 2 салаға 3-ші саланың өнімдер ұсынысының жинағы, 3- ші саланың 2-ші салалың өніміне сұранысының жинағына тең болады.

Жоспарлы экономикада тепе-теңдік басқа заңдармен белгіленеді. Жоспарлы шаруашылық жүйесінде негізгі экономикалық байланыс сауда мәмілесі екі жеке меншік иелері арасында емес, мемлекетпен және оған бағынышты шаруашылық субъект арасында (өндірушілермен немесе тұтынушылармен) пайда болады. Баға мемлекет тіркеуінен өтеді, ал осы тіркелген баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін көрсетпесе, ондатапшылықтуады. Осы информация маңызды, бірақ жоспарлы шаруашылықтағы тепе-теңдік механизмінің орнауын түсінуге жетімсіз. Экономикадағы тепе-теңдіктің жалпылама түрі — өндіріс пен тұтынудың тепе-теңдігі. Тек нарық шаруашыдығында тепе-теңдік нарықтық бағаға негізделген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңцдігі формасын алады.

Ал баға тіркелген болғанда жоспарлы шаруашылықта мемлекет (экономикалық орталық) өндіріс пен тарасывда тепе-теңдікті қалай орнатады?

Жоспар жағдайында икемді нарықтық бағаныд орнына өндіріс пен тұтынудың көлемі келеді, нақты тауарлардың орнын өнімнің номенклатурасы басады. Ал тауарлық келісім (тауардың тауарға немесе тауардың ақшаға айырбасы) мүлде басқа механизммен алмастырылады. Бұл механизмнің мазмұны: өнім көлемі номенклатураға айналып ыдыратылады және номенклатура өнім көлеміне айналып біріктіріледі. Бұл қалай жүреді?

Айтайық, экономика өте жабайы — бұнда жалғыз өндіруші A және жалғыз тұтынушы Б. Экономикалық орталық О өндіріс пен тұтынуды тендестіріп отырады.

Процесс былай жүреді. Тұтынушы Б орталық маған 20 мың теңгеге А өнімі керек дейді. Орталық Б тапсырмасының дәлелді екенін тексереді. Басқа жақтан өндіруші А орталыққа мен 20 мың теңгеге А өнімін өндіре аламын деп хабарлайды. Орталық өндірушініңде хабарының дәлелді екенін тексереді. Осыдан кейін орталық жоспар балансын жасайды, бұның бір жағында А өнімінің өндірісі, екінші жағында көрсетіледі. Біздің осы идеалдық мысалымыз сәтті болып жоспар баланстантып экономикалық тепе-теңдік орналсын.




А өнім жоспардың номенклатурасы; 20 мың теңге — өндіріс пен ткөлемі. Тіркелген баға баланстау процесінде басты емес, туынды рөл атқарады. Ал көлемнің және номенклатураның ыдыратылуы мен біріктірілуі қандай?

Бұндай жабайы кестеде бұл ар жаңа ғана пайда болған, қалыптасып келе жатқан түрде орын алып отыр. А өнімінің біріктірілген көлемі 20 мың теңгеге тең.

А өнімінің жеке өндірісі көлемін (20 мың теңге) және жеке тутыну көлемін (20 мың теңге) орталық есептегенде, ол осымен бірге А өнімін екі құрамға — өндіріске және тұтынуға ыдыратқаны болады. Ал орталық баланстап өндіріс пен тұтыну көлемін теңестіргені. Бұл осы шамаларды біршама қылып біріктіргені, агрегаттағаны — А өнімінің көлеміне.

Нақты шаруашылықта номенклатуралық миллиондаған позициялар өндіріледі және тұтынылады. Бұндай номенклатураның өндірісін және тұтынуын бақылауды бюрократия неғүрлым жан-жақты, қазымырлап жүргізген сайын, жоспарлық шаруашылықтың тепе-тендігі жетіле түседі. Қашан болмасын ыдыратуға ілікпей қалған, шамасы өте аз болса да, номенклатураның көлемі жоқ болып кетпейді.





А өніміне Б қажеттігін орталық толық тексере алмайды. Осыны пайдаланып А өзінің өтінімін 2 мың теңгеге өсіріп жібереді. Осы сияқты өндіруші Б өзінің мүмкіндіктерін 2 мың теңгеге азайтқан. Ал орталық басқа жағдайға байланысты Б-ның тапсырмасын 18 мыңға дейін төмендеткен, ал А өндірушіге жоспар 22 мың теңгеге көлемінде бекітіледі. Түпкілікті жоспар варианттардың біріншісімен де, екіншісімен де, үшінсімен де балансталуы мүмкін. Бірақ осы варианттардың барлығын біріктіретін жалғыз жағдай — ол тапшылық. Бірінші жағдайда өндірушіге 22 мың теңге керек еді, оған тек 20 мың теңге берілді. Екінші жағдайда жоспарланған 22 мың теңге берілді, ал А-ның тек 18 мың теңгесі өндірілді.

Сонымен, жоспарлы шаруашылықта тапшылық тепе-теңдік еместіктің ерекше формасы болып табылады. Номенклатуралық бақылау толық, жан-жақты болған сайын, тапшылық азая түседі. Бірақ түпкі негізден орын алған мүмкіндік ретінде, тапшылық жоспарлы экономикаға қашан болмасын тән болады.



Осы бөлімде экономикалық жүйенің тепе-теңдікте қызмет ету мәселесі туралы әр түрлі мектептердің позицияларымен таныстық. Бағыттарының алшақтығына қарамастан, барлық авторлардың бір ауыздан мойындайтыны ол — тауарларға жиынтық ұсыныс және жиынтық сұраныс тең болғанда, жалпы тепе-теңдік орнайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет