Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет2/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
Реферат та ырып Б лшы еттерді ж не бас а оз ыш лпаларды физ
кiрiспе
Физиология - биологияның маңызды салаларының бiрi. Физио-логия (гр.pїysis-табиғат, logos-iлiм) - организмнiң тiршiлiк әрекетiн, жеке мүшелер мен жүйелердiң қызметiн зерттеп, организмнiң сыртқы ортамен қарым-қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.
Физиология пәнiнiң негiзгi мақсаты әртүрлі құрылымдық деңгейдегi тiршiлiк процестерiнiң (зат алмасу, тыныс алу, қоректену, т.б.) заңдылықтарын зерттеу; сонымен қатар ол функцияларды жас кезеңдерге байланысты онтогенез және эволюциялық даму барысын-да бақылайды.
Физиология ғылым ретiнде анатомия мен гистологиядан бөлiн-геннен бастап, организмнiң тiршiлiк әрекетi туралы физика, химия пәндерiнiң әдiстерiн қолданып, көптеген нақтылы деректер жинады.
Физиология қазiргi кезде биохимия, биофизика, анатомия, Гис-тология, цитология пәндерiмен тығыз байланыста.
Жалпы физиология организмнiң клеткалары мен ұлпаларына, ағзаларына бiрдей тән негiзгi тiршiлiк процестерiнiң табиғатын, функциялардың жалпы көрсеткiштерiн зерттейдi.
Салыстырмалы және эволюциялық физиология әр түрлі
жануарлар организмiнiң тiршiлiк әрекетiн филогенездiк даму үстінде зерттейдi.
Сонымен қатар жас, дербес, спорт, тамақтану, экологиялық физиологиясын ажыратады.
Адам және жануарлар организiмiнiң қызметтерi жайлы алғашқы деректердi көне грек дәрiгерлерi Гиппократ (бiздiң э.д. 460-377 ж.), Аристотель (б.з.д.384-322 ж),көне рим дәрiгерi Гален (171-200 ж) жинақтаған. Ал Орта Азия мен қазiргi Қазақстан жерiнде Х-ХI ғасыр-да қазiр аттары әлемге белгiлi ғұламалар Әбу Насiр Әл-Фараби (870-950 ж) мен Әбу Әли Ибн Сина (980-1037 ж) өмiр сүріп,осы уақытқа дейiн құндылығын жоймаған зерттеулер жүргiзген. Олардың меди-циналық ғылыми трактарында организмнiң кейбiр маңызды қызмет-терi жайында (тыныс алу, ас қорыту, т.б.)бағалы мағлұматтар баяндалған.
Ағылшын дәрiгерi Вильем Гарвей (1578-1657) жануарлардың жүрегi мен қанының қозғылысы жайлы анатомиялық зерттеу деген еңбегiнде жануарлар организмiнде қан артерия мен вена тамыр-ларында тұйықталған жүйемен бiр бағытта жылжитынын және қанның ағуы жүрек жұмысымен байланысты екенiн дәлелдедi. Италия ғалымы М.Мальпиги (1628-1694) Гарвейдiң жұмыстарын толықтыра отырып, артерия мен вена тамырлары капилярлар арқылы жалғасатынын дәлелдеп, қан түйіршiктерiнiң, терiнiң, өкпенiң, бүйрекктiң микроскоптық құрылысын ашты.
Физиологияның дамуы ХVIII- ХIХ ғ. iрi жаңалықтармен байланысты болды: зат пен энергияның алмасуы және сақталу заңы, организмдердiң клеткалық құрылымының ашылуы, органикалық дүниенiң эволюциялық теориясының құрылуы т.б., әр түрлі елдерде нақтылы тәжiрибелерге негiзделген физиологиялық мектептер қалыптасқан. Олардың көрнектi өкiлдерi Мюллер Н. (1801-1858),
Г. Гольц (1821-1894), Э.Дюбуя-Рейман (1818-1896), Р.Гейдеигайн, К.Людвиг; Францияда- Ф.Мажанди, К.Бернар; Англияда-Ч.Белл, Дж.Ленгли, Ч.Шерингтон; АҚШ-та –У.Кеннон болды. Бұл ғалымдар тыныс алу, қан айналу, ас қорыту, зат алмасу процестерiн зерттеуде, орталық нерв жүйесi мен вегетативтiк нервтердiң қызметiн анықтады.
Физиологияның жылдам дамуына орыс ғалымдары И.М.Сеченов (1829-1905) пен И.П.Павлов (1894-1936) ерекше орын алады.И.М.Сеченов қанның газдық құрамын зерттеу үшiн абсор-бциометр аспабын ойлап тапты, қандағы ерiген газдарды шығарып алып талдау жасады, орталық жүйке жүйесiндегi тежелу, Ми рефлекстерi- деген еңбегiнде тұңғыш рет психикалық iс-әрекеттiң физиологиялық негiздерiн көрсеттi.
Физиологияның бұл даму кезеңiнде орталық жүйке жүйесiн зерттеуге зор үлес қосқан Н.Е.Введенский, Ф.В.Овсянников, И.А.Мислав-ский, А.А.Ухтомский.
И.П.Павлов өзiнiң ғылыми жұмысының бастапқы кезеңiнде қан айналысын зерттеп, жүрек қызметiнiң нерв арқылы реттелу механизмiн ашты, зерттеу әдiстерiн жедел, созылмалы тәжiрибелер тәсiлiн енгiзiп, синтездiк бағыттың негiзiн қалады. Ол 20 жыл бойына ас қорыту процесiне байланысты мәселелердi зерттедi, нәтижесiнде 1897 жылы негiзгi ас қорыту бездерiнiң қызметi туралы лекциялар деген еңбегiнде жариялап, физиология ғылымының классигi деген даңқа ие болды. Ал 1901 жылдан бастап өмiрiнiң соңына дейiн И.П.Павлов орталық нерв жүйесiнiң жоғарғы бөлiгi-ми қыртысының қызметiн зерттеп “Жануарлардың жоғары дәрежелi нерв қызметiн объективтi зерттеудiң жиырма жылдық тәжiрибесi” деген еңбегiнде қорытындылады. 1904 ж. И.П.Павловқа Нобель сыйлығы берiлдi.
Шартты рефлекстер туралы iлiмдi ғалымның оқушылары мен iзбасарлары - Л.А.Орбели, К.М.Быков, И.П.Розенков, П.К.Анохин еңбектерiнде одан әрi дамытты. Н.Е.Введенский, А.Ухтомский нерв жүйесiн зерттеуде үлкен үлес қосты.
Қазақстанда физиология ғылымы арнаулы жоғары оқу орын-дарының ашылуына байланысты (1929ж) дамыды. Республика-мыздағы белгiлi ғалымдар- А.А.Полосухин, А.М.Бектаев, М.И.Коха-нина, l.А.Бiрiмжанова, Л.Ә.Бөлекбаева, Х.Қ.Сәтбаева, М.Ф.Архан-гельская, Н.О.Базанова, К.Т.Тәшенов, Т.У.Измаилов, Х.Д.Дүйсенбин т.б. дамыуна үлес қосты.
Физиология ғылымының зерттеу әдiстерi. Физиология экпери-меттiк ғылым, оның негiзгi әдiсi тәжiрибе жүргiзу. Эксперименттiк әдiс - жедел тәжiрибелерде, созылмалы тәжiрибелер, функцияларды модельдеу әдiсi қолданылады.
Ағза жайында түсінiк: Ағза дегенiмiз- сыртқы ортаның әсерiне өз бетiмен жауап қайтаратын, өзiн өзi реттейтiн тiрi материяның бiртұтас жеке бөлшегi. Қоректену ерекшелiктерiне қарай – авто-тропты және гетеротровты болып бөлiнедi. Жасыл өсiмдiктер және бактериялардың кейбiр түрлерi авторопты ағзаға жатады, қоректiк заттардың көзi ретiнде бейорганикалық заттарды пайдаланады. Тiршiлiк әрекеттерiне қажеттi энергияны күн сәулесiнен алады.
Гетеротрофты ағзаларға жануарлар, саңырауқұлақтар және әр түрлі микроорганизмдер жатады. Бұлар органикалық қосылыстар мен- белоктар, майлар ,көмiрсулар, дәрумендермен қоректенедi. Бұл ағзалар энергияны органикалық заттардың биологиялық тотығуының арқасында алады.
Ағзаның қарапайым бiрлiгi – жасуша. Олар тереңiрек диференсацияланып, құрылысында, қызметiнде өзiндiк ерекшелiктер пайда болып ұлпа құрайды. ұлпа- ағзада белгiлi бiр қызмет атқаруға бейiмделген бiрлестiк. ұлпалар жиынтығынан мүшелер пайда болады. Белгiлi бiр тiршiлiк әрекетiн қамтамасыз ететiн мүшелер жиын-тығынан құралған анатомиялық немесе функциялық бiрлестiк мүшелер жүйесiн құрайды.
Физиологиялық процесс дегенiмiз – тiрi ағзада жаңа сапалы мазмұнға ие болған физикалық және химиялық өзгерiстердiң күрделi түрлерiнiң жиынтығы. Ол зат алмасу процесiнде өте айқын байқа-лады. Зат алмасу процесi ағзаның өмiр сүру шарттарының бiрi. Нәтижесiнде организм сыртқы ортадан қабылдаған органикалық заттарды ыдыратып олардан өзiне қажеттi материалдарды түзедi, қажетсiз өнiмдердi бөлiп шығарады. Азық құрамындағы күрделi орга-никалық қосылыстар энергиясы ағзада химиялық жылу, механикалық және электр энергясына айналады. Ағзада жинақталған бос энергия ағзаның тiршiлiгi үшiн жұмсалады.
Зат алмасу мен ағзаның өсу, даму, көбею, қоректену, тыныс алу, бөлу, қимыл-әрекет сияқты функциялары және тiтiркенгiштiк, қоз-ғыштық, рефлекс сияқты реакциялары тығыз байланысты.
Көп жасушалы ағзаларға гомеостаз тән. Гомеостаз дегенiмiз –ағзаның сұйық ортасының (қан, лимфа, ұлпа аралық сұйықтық) салыстырмалы тұрақтылығы.
Гомеокинез - өмiрге қажет функциялардың тұрақтылығы.
Ағзаның сыртқы ортамен қарым –қатынасы нерв жүйесi және қан, лимфа ұлпа сұйығы арқылы қамтамасыз етiледi. Гуморальдық және нервтiк реттеу бiр-бiрiмен тығыз байланыста. Жетекшi роль нерв жүйесi, бас мидың үлкен ми сыңарларымен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   124




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет