Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет8/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
Реферат та ырып Б лшы еттерді ж не бас а оз ыш лпаларды физ
3. Қозуды өткiзу.
Қозу процесiне нерв және ет талшықтары бойымен таралу қаситi тән. Пайда болған әрекет потенциалы оның барлық бетiне таралады. Нерв немесе ет талшықтарының белгiлi бiр бөлiмi қозып, әрекет потенциалы туындаған кезде, қозған және қозбаған бөлiм арасында потенциалдар айырмасы пайда болады. Осы потенциалдар айырмасы мембрананың қозған және қозбаған бөлiмдерiнiң iшкi және сыртқы беттерiмен айналып отыратын айналмалы токтың пайда болуына соқтырады. Мембрананың iшкi бетiнде ток қозған бөлiмнен қозбаған бөлiмге, ал сыртқы бетiнде қозбаған бөлiмнен қозған бөлiмге бағытталады. Айналмалы токтың әсерiмен мембрананың қозбаған бөлiмi тiтiркенiп, оның натрий иондарын өткiзгiштiгi артады да, осы жерде әрекет потенциалы пайда болады. Ал алғашқы қозған бөлiмде тыныштық потенциалы қалпына келедi. Осы процесс қайталана отырып, қозу импульсiнiң мембрана бойымен өтпей, iлгерiлей таралуын қамтамасыз етедi. Импульстердiң керi бағытта оралуына қозу толқыны өткен бөлiмде рефрактерлiк аймақтың пайда болуы мүмкiндiк бермейдi.
Ет және миелинсiз нерв талшықтарында қозу импульсi мембрана бойымен қозған бөлiмнен қозбаған бөлiмге бiркелкi, үздiксiз таралады. Себебi, мембрананың кедергiсi төмен.
Миелиндi нерв талшықтарында айналмалы токтар тек қана iргелес орналасқан қозған және қозбаған Раньве үзiлiстерi арасында пайда болады, себебi миелин қабығы электрлiк изолятор болып табылады. Осыған байланысты қозу толқыны миелиндi нерв талшықтарымен секiрмелi, сальтоторлық (ырғып) тұрде тарайды. Қозу сальтоторлы тұрде өткiзiлсе, қуат аз шығындалады және оның таралу жылдамдығы шапшаңдайды.
Қозу импульсiнiң таралу жылдымдығы миелинсiз нерв талшықтарында – 5 мс, миелиндi нерв талшықтарында –30-120 мс. Сонымен, қозудың өтуi мембрананың қызметi және әрекет тоғының пайда болып, жойылып отыруына байланысты таралады.
4. Н.Е.Введенскийдің парабиоз туралы iлiмі.
Нерв талшықтарына ұзақ уақыт күштi тiтiркендiргiштер әсер етсе, оның қозғыштық қасиетi, лабильдiлiгi төмендейдi. Н.Е.Введенский (1901 ж) «Қозу, тежелу және наркоз» атты еңбегiнде зерттеулердiң нәтижесiн жариалап, парабиозтуралы теоряны ұсынды. (грек тiлiнде Para-маңы, bios-өмiр, тiршiлiк). Бұл теория қозу және тежелу процестерiнiң биологиялық мәнiн ашып, қозудың тежелуге айналу сырын және де соңғы қубылыстың тiршiлiктiң тоқтауына соқтырар қауiпi барлығын көрсетедi. Н.Е.Введвнский бақаның нерв-ет препаратын алып, нервтiң бiр учаскесi эфир, хлороформ, навокаин, калий хлоридi т.б. тiтiркендiргiш әсерiмен жансыздандырылған (альтерацияланған) нервтi токтiң жиiлiгiн не күшiн бiртiндеп жоғарылата тiтiркендiрiп, еттiң сiреспе жиырылу сызығын жазады. Еттiң жиырылу жауабы өзгерген, парабиоздың үш сатысын анықтаған:
1.Теңестiру немесе трансформациялық саты- бұл кезде күштi және әлсiз тiтiркендiргiшке ет бiрдей күшпен жиырылған.
2.Пародаксальдiк саты- күштi және жиi тiтiркендiргiшке әлсiз күшпен, ал әлсiз және сирек тiтiркендiргiшке- күштi жиырылумен жауап берген.
3.Тежелу сатысы- ешбiр тiтiркендiргiшке жауап бермеген.
Альтерациялық әсер әрi қарай жалғасса, тежелу сатысы төмендеп, тiршiлiк белгiлерi- қозғыштық пен өткiзгiштiк жойылады. Ұлпаның бұл күйiн Н.Е.Введенский парабиоз деп атады.
Парабиоз кезеңдерi альтерация жасайтын әсерлерге жүйкенiң лабильдiлiгiнiң төмендеүiмен түсіндiрiледi. Лабильдiлiк төмендеген сайын ол жерде жүйкенiң абсолюттiк рефрактерлiк сатысы ұзара түседi, қозу процесi күшейедi. Қозу өзiнiң жайылу қасиетiнен айырылып белгiлi бiр жерде тұрақталады. Бұл кезде нерв тiтiркендiргiшке жауап бермейдi.
Сонымен, Н.Е.Введенскийдiң тұжырымы бойынша парабиоз дегенiмiз әртүрлі сыртқы әсерлерге жауап ретiнде пайда болатын ерекше толқынсыз, ұзақ мерзiмдi, сатылы қозу процесi.
Н.Е.Введенскийдiң парабиоз туралы iлiмi оранизмдегi бiр-бiрiне қарама қарсы қозу мен тежелу процестерiнiң арасында тығыз байланыс болатынын және тiтiркендiрiске организмнiң жауп беруi, шектен тыс қозу процесiн тудыратыны дәлелдендi. Тежелу- қозу процесiнiң дамуындағы белгiлi бiр саты, олардың негiзi бiр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   124




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет