Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологиясы» пәні бойынша



бет7/124
Дата12.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#184989
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   124
Байланысты:
Тағайбекова Дариға Сірнебайқызы «Адам және жануарлар физиологияс-emirsaba.org
Реферат та ырып Б лшы еттерді ж не бас а оз ыш лпаларды физ
2. Потенциал түрлері.
Тiрi организмде көптеген потенциалдар кездеседi. МП, локальдi жауап, ӘП, iз потенциалдары, постсинапстық қоздыру және тежеушi потенциалдар т.б..
Мембраналық потенциал (МП) деп – протоплазма потенциалы мен клетканың сыртқы бетiндегi потенциалдың арасындағы айырмашылықты айтады. Мембрананың сыртқы бетi оң, ал iшкi бетi терiс зарядталған. Әр тұрлі торшаларда тыныштық потенциалының деңгейi әртүрлі. Нерв- ет торшаларының тыныштық потенциалы 80-90 мВ, ал эпителий торшаларында ол 18-20 мВ шамасында.
Әрекет потенциалы (ӘП)
Белгiлi бiр ұлпаларда тiтiркендiргiштiң әсерiнен қозу процесi пайда болған сәтте туатын потенциалды әрекет потенциалы деп атайды.
Тiтiркендiру әсерiмен мембрана заряды нольге дейiн күрт төмендейдi де, содан кейiн керi белгiмен қайта пайда болады. Осыдан торша мембранасы зарядының белгiсi өзгередi- ревесия, iшкi бетi оң, сыртқы бетi- терiс зарядқа ие болады. ұлпа тыныштық күйiне оралғаннан соң мембранананың бұрынғы заряды қалпына келедi. Әрекет потенциалының деңгейi нерв пен бұлшық ет талшықтарында 115-120 мВ шамасында болады.
Әрекет потенциалында негiзгi потенциал, шыны және iздi потенциалын ажыратады.
Деполяризация кезеңi- мембраналық потенциал жоғалып барып, қайта көтерiлiп «шың» дәрежесiне жетуi.
Реполяризация кезеңi- ӘП төмендеп, бiртiндеп МП мөлшерi мен заряды бұрыңғы қалпына келуi. ӘП реполяризация кезеңiнде «iз» потенциалдары байқалады. lз потенциалы “терiс” және “оң” боп екiге бөлiнедi. lздiк потенциалдар қозудан кейiн басталатын қалыптастыру процестерiнiң дамуымен байланысты.
Әрекет потенциалының пайда болуын қазiргi мембраналық теория бойынша былай түсіндiредi. Тiтркендiгiштер (табалдырықты және одан жоғары) әсерiмен торша мемранасында деполяризация процесi жүредi. Деполяризация белгiлi шекке жеткен кезде бiр мезгiлде көптеген натрий арналалары ашылады да, натрий иондарының мембрана арқылы өтiмдiлiгi тыныштық жағдаймен салыстырғанда 500 есе артды. Сондықтан натрий иондары торша аралық сұйықтан торша iшiне өтедi де, оң зарядтың көп мөлшерiн торша iшiне әкетедi, ал аралық сұйықтағы аниондар әсерiмен (Cl-) мембрана бетi терiс зарядталады.
Мембрананың натрий иондарына өтiмдiлiгi қысқа мерзiмдегi ғана –0,1-1,5 мс өседi, одан әрi натрий арналары жабылып, өтуi төмендейдi. Осыдан кейiн мембрананың калий иондарына деген өтiмдiлiгi – 10-15 есе артады. Калий иондары торшадан жылдам шығып, торша мембранасының бастапқы деңгейiн қалпына келтiредi,мембрана сырт жағынан “оң” iш жағынан “терiс” заряд-талады.
Әрекет потенциалының туындауында кальций иондары да қатынасады (ет талшықтарында).
Егер әлсiз, табалдырықтан төмен тiтркендiргiштер ұлпаға әсер етсе ұлпа қозбайды, бiрақ дәл әсер еткен жерде мембрана аздап деполяриза-цияланады. Деполяризацияның бұл тұрiн шектелген (локальдi), тарал-майтын жергiлiктi потенциал деп атайды.
Әлсiз тiтркендiргiштер әсерi қайталанса, олар жинақтала келiп, деполяризацияны шектiк деңгейге жеткiзiп, әрекет потенциалын тудыруы мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   124




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет