«ТАҒам технологиялары» факультеті «ТАҒам өнімдерінің технологиясы» кафедрасы



бет3/5
Дата29.04.2023
өлшемі3,01 Mb.
#175717
1   2   3   4   5
Байланысты:
Рысбекова Сымбат . ТММП 20-11 . Практикалық жұмыс НАССР-ХАССП - тағам өнімдерінің қауіпсіздік жүйесі .

3. Сыни шекараларды анықтау

3. Сыни шекараларды анықтау

  • Сыни шекара – бақылаудағы шамалардың мүмкін және мүмкін емес бірліктерін айыратын өлшем шарты. БСМ бақылауда тұрғанын дәлелдеу үшін өлшенілетін физикалық, химиялық немесе биологиялық шамалар оның бірліктері қызметін атқара алады. Мысалы, жылулық өңдеу үшін уақыт, ылғалдылық, температура осындай шама. Осылайша, таңдалып алынған шамалар технологиялық үрдістердің ерекшеліктерінен таралуы қажет және оның бақылауын қамтамасыз ету керек. Сыни шекаралар, әрбір қауіпті факторға бекітілуге қажетті сақтандырушы іс-шаралармен тығыз байланысты. Сақтандырушы іс-шаралар, бақылау болмаған жағдайда туындайтын зардаптардың туындау мүмкіндіктерін жоюға бағытталған.

4. Мониторинг жүйесін әзірлеу

4. Мониторинг жүйесін әзірлеу

  • Мониторинг – сыни бақылау нүктесінде шектік мәннен тыс шығып кетуін уақытылы анықтау және сақтандыру әрекеттерін өндіруге қажетті ақпараттарды алу мақсатында жоспарланған бақылаулар немесе параметрлерді өлшеуді жүргізу. Мониторинг жүйесі сыни шектеулердің бұзылуларын уақытылы анықтау үшін және тиісті сақтандыру немесе түзетуші әсерлерді (үрдістерді жөндеу) іске асыру үшін қажет. Мониторингті нақты бір уақытта өткізіп, тоқтаусыз (автоматтандырылған өлшеу аппаратурасының көмегімен) және таңдамалы (үнемі бақылау жүргізуге мүмкіндік немесе қажеттілік болмаған жағдайда) деп екіге бөледі.
  • Бақылау сыни меженің (БСМ) мониторингімен байланысты құжаттар мен тіркелетін деректердің барлығына жұмыс атқарушыларының қолдары қойылып, ХАССП жұмыс парақшаларына енгізілуі қажет. 

5. Түзеткіш әрекеттерді өңдеу

5. Түзеткіш әрекеттерді өңдеу

Әрбір бақылау сыни межеге, сыни шекара бұзылған жағдайда қолданылатын түзеткіш әрекеттер құрылып, құжаттануы қажет. ХАССП жүйесі туындаған мәселелерді тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнгізбей тұрып шешіп тастауға бағытталған сақтандырушы жүйе болғандықтан, ықтимал ауытқуларды бекітілген сыни шектен түзетуді алдын-ала жоспарлап қою және бақылау сыни межеде (БСМ), сыни шек шектен шығып кеткен жағдайда қолданылатын іс-шараларды анықтау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет