Тақырыбы : Аурушаңдықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері. Стационарлар мен емханалардың жұмысын ұйымдастыру


Стационарлар мен емханалар жұмыстарын ұйымдастыру



бет7/10
Дата02.01.2022
өлшемі39,17 Kb.
#107902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Аурушаңдықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері
АКУШЕРСТВО
Стационарлар мен емханалар жұмыстарын ұйымдастыру

Қалалық аурухана – қалалық аурухана қызмет көрсететін аймақ шеңберінде ересек тұрғындарға емханалық және стационарлық көмектің барлық түрлерінен қызмет көрсететін емдеу-профилактикалық мекемелері. Осындай біріктірілген ауруханаларда басшылық пен шаруашылық ортақ, науқасқа стационарда, емханада, үйде көмек көрсететін емдеу-диагностикалық бөлімдері де ортақ.

Өндіріс, құрылыс орнындағы жұмысшыларға медициналық қызмет көрсетуге арналған мекемелер медициналық-санитарлық бөлім деп аталады. Шұғыл түрде медициналық көмек көрсететін қалалық аурухана қалалық жедел жәрдем ауруханасы болып саналады. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің қызметін атқаратын аурухана орталық қалалық аурухана деп аталады. Қалалық ауруханалар көп профильді, себебі бірнеше мамандықтар бойынша: терапия, хирургия, неврология, офтальмология, гинекология т.б. көмек көрсетеді.

Бұлардан басқа жекелеген ауруларды емдеуге арналған – туберкулез, жұқпалы аурулар, психиатриялық, қайта қалпына келтіру (ортопедохирургиялық немесе психоневрологиялық) арнайы мамандандырылған ауруханалар болады. Қала тұрғындарына медициналық көмек көрсетудің негізгі және бұқаралық түрі емханалық көмек. Ондай көмек қалалық ауруханалардың емхана бөлімі немесе қалалық емханалар жүргізеді.

Қалалық емхана жоғары дамыған мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесі ол өз аймағындағы тұрғындарға және оған бекітілген өндіріс орындары жұмысшыларына бұқаралық медициналық көмек түрлерін қамтамасыз етеді. Емхана жұмысын ұйымдастыру учаскілік, көбінесе өндіріс, құрылыс, көлік және байланыс жұмысшыларын диспансерлеу қағидасына негізделген.

Емхананың құрылымы: емхана тіркеу орнынан баталады. Оның жұмысының нақтылығына емхананың барлық жұмысы байланысты болады. Тіркеу бөлімі пациенттер ағымын қабылдауды ұйымдастырады, үйге дәрігерді шақыруды тіркеу жұмысын жүргізеді. Тіркеу бөлімінде емхана қызмет көрсететін аймақ шеңберіндегі ересек адамдарға арналған (15 жастан бастап) «амбулаториялық науқастардың медициналық карталарынан» (е/ф 025) тұратын картотека болады. Карталар учаскілер, көшелер, үйлер мен алфавитке сәйкес сөрелерде сақталады. Тіркеу бөлімінде емханаға бірінші келген пациентке «дәрігер қабылдауына талон» (е/ф 025-4)беріледі.

Қалалық емхана қызмет көрсету аймағы тұрғындар саны 1700 құрайтын терапиялық учаскілерге бөлінеді. Учаскілік дәрігер мен мейірбике өз учаскісінде аурулардың алдын алу, диспансеризация шаралырын, диагностика мен емдеу жүргізеді. Учаскілік дәрігер емханада қабылдау және үйде көмек көрсету жұмысын атқарады. Емханадағы қабылдау тұрғындарға ыңғайлы уақытта жүргізілуі тиіс. Үйде көмек көрсету шақыру түскен күні жүргізілуі тиіс. Әр үйге барып көмек көрсетуге 30 минут уақыт бөлінеді. Учаскелік дәрігер жұмысының сапасын емхана меңгерушісі бақылайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет