Тақырыбы : Аурушаңдықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері. Стационарлар мен емханалардың жұмысын ұйымдастыру



бет9/10
Дата02.01.2022
өлшемі39,17 Kb.
#107902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Аурушаңдықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері
АКУШЕРСТВО
Емхананың сапалық көрсеткіштері:

  1. Учаскілік қағидалар сақталуы

Учаскі тұрғындарының өз учаскілік дәрігерге қаралу саны х 100 =90000 х100= 69%

Емхана қызмет көрсететін аймақ тұрғындарының терапевтке 130000

қаралу саны
Қорытынды: Учаскілік қағида емханада жеткіліксіз атқарылады (учаскілік пайызы үлкен болса, емхана жұмысы жақсы жолға қойылған. 80-85% жақсы көрсеткіш болып табылады)


  1. Ауыл тұрғындарының қабылдауда болу үлесі:

Ауыл тұрғындарының терапевтке қаралу саны х 100 % =8000х100= 5,8%

Терапевтке қаралу жалпы саны 130000+8000


Бұл көрсеткіш 7 пайыздан аспауы керек.

  1. Туберкулез ауруын анықтауға арналған тұрғындарды тексеру көлемі

Туберкулезге тексерілгендер саны х100=2500 х100 =5%

Терапевтке қаралу жалпы саны 50000


Алынған көрсеткіш төмен. Аурудың көмескі түрін анықтау мақсатында тексеруді 1 реттен кем емес өткізу керек.


  1. Диспансерлік бақылау көлемі:

Жыл аяғында диспансерлік бақылауда тұратын науқастардың саны х100 =150х100= 50%

Диспансерлік бақылауға алынатын науқастар саны 300


Диспансерлік бақылауға қажетті науқастардың жартысы алынған. Бұл осы емханада алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігін көрсетеді.
Стационар жұмысының есебін есептеу. Стационар жұмысының көлемі керует-күнді анықтау.

  1. Жыл ішінде науқастардың өткізген керует-күн саны Мысал, 1 қаңтарда перзентханада 150 науөас болжды, 2 қаңтар – 160, 3 қаңтар – 128. Осы 3 күнде керует –күн саны: 150+160+128= 438

Іс жүзінде керует-күн саны

  1. Жыл бойына керуеттің жұмыс күн саны:

Мысал, 4088 науқас ( соның ішінде 143 өлген) 65410керует-күн өткізген. Орташа жыл бойы берілген керует саны 190:

Стационарда өткізген іс жүзіндегі керует-күн саны =65410 = 344,3 күн

Орташа жылдық керует саны 190


Қала ауруханаларының керует күн жұмысы 340-тан кем болса, ауруханалардың нашар жеткіліксіз жұмысын көрсетеді. Ауыл учаскілік ауруханасы мен перзентхана бөліміне 310-320 күн қабылданған. Егер осы көрсеткі 365 күн болса, аурухананың шамадан тыс жүктемемен жұмысын көрсетеді.

  1. Науқастың керуетте болу ұзақтығының орташа көрсеткіші:

Стационарда өткізген іс жүзіндегі керует-күн саны=65410= 16 күн

Ауруханадан шыққан науқастар саны 4088

(шығарылған+өлгендер)

Бір науқас ауруханада 16 күн болған.



  1. Керуеттің айналымы:

Ауруханадан шығарылған науқастар саны=4088 = 21,5

Орташа жылдық керует саны190


Әр керуетте жыл барысында 21 науқас жатып кеткен. Бұл көрсеткішпен керует тиімді қолданылуы анықталады.

Емнің тиімділігі сипатталады:



  1. Өлім көрсеткіші:

Өлгендер саны х100 =143 х100=3,5%

Ауруханадан шыққан науқастар саны4088

(шығарылған+өлгендер)


  1. Шұғыл хирургиялық көмек сапасы науқасты ауруы басталғаннан тез ауруханаға жеткізу, ота мен аурудың нәтижесіне байланысты. Аурудың алғашқы сағаттарында тез ауруханаға жеткізілген науқастар пайызы жоғары болса, солғұрлым учаскелік дәрігерлер диагностикасының сапасы жоғары болады.

1 тапсырма.Тесттік бақылау сұрақтары:



І нұсқа

1.Қалалық ересектер емханасы жұмысының негізгі қағидасы:

А. жедел жәрдем көрсету

В. учаскелік, диспансерлік

С. босанатын әйелдерге көмек

Д. балаларға көмек көрсету

Е. таңдаулы көмек көрсету

2.Тіркеу бөлімінің жұмысына жатады:

А. дәрі-дәрмектер тарату

В. учаскелік терапевт қабылдауына жазу

С. рецептер жазу

Д. еңбекке жарамсыздық парағын толтыру

Е. мамандарға жолдама толтыру

3. Тіркеу бөлімінде науқасқа талон беріледі:

А. алғашқы рет дәрігерге баруға

В. қайталап дәрігерге баруға

С. ауруханадан шығу жазбасын

Д. рентгентке жолдама

Е. УДЗ-ге жолдама

4. Учаскелік дәрігер міндетіне кіреді:

А. науқастарды таңда, кеште тексеру

В. ауруханаға науқастарды қабылдау

С. емханада науқастарды қабылдау

Д. науқастарға үйде көмек көрсету

Е. арнайы медициналық аспаптарды қолданып, науқастарды тексеру

5. Учаскелік дәрігер жұмысының сапасын бақылайды:

А. аурухана бас дәрігері

В. емхана меңгерушісі

С. бас мейірбике

Д. қалалық денсаулық сақтау бөлімі

Е. облыстық денсаулық сақтау бөлімі

6. Біріктірілген қалалық аурухананың басшысы:

А. емхана меңгерушісі

В. аурухана бас дәрігері

С. директор

Д. бас маман

Е. бөлім меңгерушісі

7. Бас дәрігердің әкімшілік-шаруашылық сұрақтары, орта, кіші медициналық қызметкерлер жұмысын бақылау ісіндегі көмекшісі:

А. палаталық медбике

В. бас медбике

С. бөлімнің аға медбикесі

Д. бөлім меңгерушісі

Е. емхана меңгерушісі

8. «Амбулаториялық науқастың медициналық картасы»

А. е/ф №025

В. №030


С. №031

Д. №095


Е. №131

9. Шұғыл жағдайда науқас стационарға жеткізіледі:

А. өз бетімен

В. жедел жәрдем көлігімен

С. учаскелік дәрігер жолдамаымен

Д. маман жолдамасымен

Е. жолдамасыз

10. Үшсатылық жүйеде науқасқа қызмет көрсетеді:

А. дәрігер, медбике, кіші медициналық қызметкер

В. медбике, кіші медициналық қызметкер, фельдшер

Д. дәрігер, медбике, фармацевт

Е. бөлім меңгерушісі, медбике, кіші медициналық қызметкер

11. «Жұқпалы ауруларды тіркеу журналы» е/ф:

А. №060


В. №027

С. №003


Д. №001

Е. №106-84

12.«Амбулаторлық, стационарлық науқастың медициналық картасынан жазба» е/ф:

А. №060


В. №027

С. №003


Д. №001

Е. №106-84

13.«Стационарлық науқастың медициналық картасы» е/ф:

А. №060


В. №027

С. №003


Д. №001

Е. №106-84

14. «Науқастарды қабылдау және қабылдаудан бас тартуды тіркеу журналы» е/ф:

А. №060


В. №027

С. №003


Д. №001

Е. №106-84

15. «Өлу туралы дәрігерлік анықтама» е/ф:

А. №060


В. №027

С. №003


Д. №001

Е. №106-84




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет