Тақырыбы: Адыраспан – киелі өсімдік


Халықтың наным-сеніміндегі адыраспан



бет2/2
Дата28.01.2018
өлшемі377,07 Kb.
#35182
1   2

2. 2. Халықтың наным-сеніміндегі адыраспан.

Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған.

Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. Өсімдіктің тұқымы пісіп жетілгенде оны жұлып алу үшін мынандай жағдайларға қатты көңіл бөлген:

1. Адам таза болуы керек.

2. Ер адам жұлады, әйел адамға жұлуға болмайды.

3. Жұлар алдында мына сөздерді айтуы қажет екен:

Биссимилллахир рахманир рахим,

Мен келдім әр нәрсеге әулие адыраспан

Атыңды қойған екен Омар, Оспан

Биссимиллахир рахманир рахим.

Сондай- ақ, ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі-мыс. 
«Адыраспан, адыраспан шыққан жерді, сірә, баспан» деп келетін магиялық формула-тіркес адыраспанның дәстүрлі түсінікке сәйкес айырықша қасиетіне байланысты қалыптасса керек. 
Адыраспанның магиялық киелі қасиетімен бірге, емдік шипалығы да бар. Алайда, адыраспан - улы өсімдік. Қаратау сілемдерінде өсетін адыраспанды ашыққан кезде сиыр мен жылқы жеп, тыныстары тарылып, уланады. 
2. 3. Адыраспанның емдік қасиеті.

Дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді. Оның құрамында алкалоидтар бар. Халық медицинасында А-ды буын ауруын емдеуге пайдаланады, қайнатылған суын безгекпен ауырған адамға ішкізеді. Сондай-ақ малдың қотырын да жазады. Адыраспаннан жүн мен жіптерді бояу үшін күрең қызыл бояу алынады. Тұқымы мен көк шөбінен алынған тұнбаны адыраспан шаруашылық зиянкестеріне қарсы күреске пайдаланады. Адыраспан – улы өсімдік (құрамында бірнеше алкалоидтар бар), дәмі ащы, мал жемейді. Жаз, күз мезгілінде тұтас денесін, күз мезгілінде жемісін жинап, кептіріп сақтайды. 


Тұмау тиіп ауырғанда, отбасы мүшелерін адыраспанға тұз қоса отырып аластаудың магиялық функциясымен қатар ем дарытатын қасиеті де бар. Сондай-ақ емшілікте адамның буынын сырқыраудан, аяқ-қолын қақсаудан емдеу үшін адыраспанды қайнатып, сол сумен ауырған мүшені үш мәрте булайды. Жел-құздан қозған буын ауруын емдеу үшін адыраспанның жас сабағын қиып алып, жаншып буынға тарту керек. Суықтан болған ауруға, терісі бөрткен кезде адамды адыраспан суына шомылдырған. Құяқмен ауырған адам адыраспанның сабақ, жапырақтарын қайнатып, күніне ұдайы екі жеті қатарынан ішуі керек. Tic қақсап ауырғанда, адыраспанның шөбімен ыстағаннан кейін басылады. Ұмытшақтық меңдетсе адыраспанды сабағы мен жапырағын бірге қайнатып ішеді. 
Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады. 

Халық медицинасында адыраспан ревматизм, қышыма және басқа да тері аурулары кезінде бұлау жасауға пайдаланылады, ал шөбінен жасалған қайнатынды суық тигенде, безгек ауруларына, нерв жүйесінің әлсіреуіне және ұстама ауруларына ем болып табылады. Адыраспанды Кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы сырқаты бар адам жатқан бөлмені ыстап залалсыздандырады. 


Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден-ақ белгілі болған. Бұл арада оның ұрығын зығыр тұқымымен қосып демікпені емдейді, қара немесе қызыл бұрышқа араластырып теңге қотырға жағады және несеп жүргізетін, тер шығаратын дәрі ретінде, сондай-ақ ревматизмді емдейге қолданады. 

Адыраспанды мыңжапырақ гүлдерімен, киікотымен, шөпшай гүлімен қосып қайнатады да, онымен асқазан сөлінің азаюын, яғни гипоацид гастритін емдейді. Ол үшін осы айтылған құрамдағы 10 грамм қоспаны жарты литрдей суға салып 2 сағат тұндырады. Содан соң оны баяу жанған отқа қойып 8 минуттай қайнатады. Суыған соң сүзіп тазалайды. Препаратты тамақтанардан жарты сағат бұрын 50 грамнан 4 рет ішеді. Осылай 4-6 ай емделу керек. Адыраспан шөбінің қайнатындысы мен тұнбасы ауруды басып, адамды тыныштандырады, сырқатты асқындырмауға, тер шығаруға көмектеседі. Тұнбасын суық тигенде пайдалануға болады. Ал қайнатындысы ауыз қуысы мен тамаққа суық тигенде ауыз шаюға, басқа да шөптермен қосып аяқты жууға қолданылады. 

Адыраспанды тасшөппен, қарааңдыз тамырымен қосып қайнатады да, радикулитті, сегізкөз невралгиясын емдеуге қолданады. Бұл ауруларды емдеген кезде жоғарыдағы қайнатындыны ішумен бірге шөбімен белді булау да жақсы нәтиже беретіні байқалады. 
Ол үшін кептіріліп ұнтақталған адыраспан шөбінің 50 грамын шүберек қалтаға салып, сыртынан қайнаған су құяды. Сәлден  соң суын сығып, қалтаны жылы күйінде белдің ауырған тұсына басып, үстіне қыздырғыш (грелка) қояды. Белді осылай күніне 30-40 минуттан бір рет булау керек. Бір қалта адыраспанды ыстық суға  қайталап салып төрт рет пайдалануға болады. 

2. 4. Зерттеу материалдары. Адыраспанды жинау, тұнбасын пайдалану.

Жасыратыны жоқ, адыраспан – барынша улы өсімдік. Оның мұндай қасиеті барын аталмыш өскінді ыстау үшін отқа тигізген кезінде ұшатын ащы түтінінің өзі байқатады. Өсімдіктің химиялық құрамына көз жүгіртсек, бұл сөзіміздің дәлелді екенін анық аңғара түсер едік. Адыраспанның тұқымында 3,5-6 пайыз алкалойд, 60 пайыз гармалин, 30 гар¬мин және шамалы ғана мөлшерде гармалол, пеганин (вазицин) мен дезоксивицинон шөбінің құрамында 1,5-3 пайыз алкалойд, 60 пайыз пеганин мен вазицинон бар. Бұдан басқа аздау көлемде пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылған. Тамырында -1,7-3,3 пайыз, сабағында -0,23-3,57 пайыз, жапырағында – 1,07-4,96 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, тұқымында 2,38-4,59 пайыз алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.



Фармакологияда адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин мен пеганин қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазан мен жүректің жұмысын баяулатады. Ал адыраспан шөбінен қолдан дайындалған тұнбаларды емшілер бұдан да басқа алуан түрлі науқастарды жазу үшін пайдаланады. Айталық, адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жазған. Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен ірі қара малдарының қотырын емдеген. Шөптің қайнатпасын невростения және қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ауыздың қызыл иегі ауырғанда оны сол қайнатпамен шаяды. Бұдан бөлек, адыраспанды іш ауруын алғашқы кезеңінде жазуға жаратады. Адыраспан түтінімен сал ауруын емдейтін де емшілер бар. Оның жапырағын ісікке таңып, булама жасаса, ол тез қайтады. Тағы бір елдерде адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде қолданады. Көзі нашар көретін кісілерді адыраспанды бал мен шарапқа араластырып емдейді.

Адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше. Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Мәселен, ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады. Түркияда ерте кезеңдерден ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері – фесканы бояған.

Тұнба ретінде ішкі мүшелерге суық тигенде, малярия, лихорадка, мерез ауруларына пайдаланады, ал шөптің ваннасы буын ауруларына және қышыма мен тері ауруларына қолданылады. Шөптің тұнбасымен ірі кара малдардың қотырын мал дәрігерлері емдеген. Әсіресе ботаның қотырын. Шөптің қайнатпасымен невростении және қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ал қызыл иек ауырғанда шөптің қайнатпасымен ауызды шаяды. Ауғаныстанда адыраспан түтінімен сал ауруларын емдейді, ал жапырағынан ісікке таңатын буылма жасайды. Тұқымның қайнатпасымен демікпені емдейді. Зәр қуалайтын қасиеті бар. Үндістанда жақында ғана адыраспанды ішек құртқа қарсы инсекцидтік құрал ретінде және аборт жасау үшін қолданады. Кавказда адыраспанның жаңадан жасалған шырынын іш ауруының алғашқы стадиясын емдеу үшін береді. Көз нашар көрсе адыраспанды балмен, шараппен, фенхель шырынымен және тауық өтімен араластырып ем ретінде қолданған. Буындарға суық тигенде ауырған жерге жағады. Бұл өсімдікті 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді. Мұны жүйке және сал ауруына қарсы қолданады. Адыраспан жасалған гормалин алколоиды әсері жағынан банистерин алкалоидынан асып түседі. Ол эцефалиттің шығуы салдарына болған ауруды және жүйке жүйесінің бір қатар басқа да ауруларын емделгенде жақсы нәтиже береді. Бұл гармалин алколоидын қолданғанда қан қысымын жоғарылатады, тыныс алуын жиілетеді,жүрктін,ішектің,жатырдың бұлшықетін демалдырады. Шөптің тұнбасы: 1 стакан қайнатылған суға 1 үлкен қасық адыраспан шөбін салып 30 мин қойып қою, дәкемен сүзіп алу. Бір касық дайындалған ерітіндіні күніне 2-3 рет суық тигенде және малярия ауруына қолданылады. Тұқымынан «Дезоксипегании гидрохлорид» деген препарат алынады. Бұл препарат мононеврит, неврит, полиневрит және миазтенид ауруларын емдеу үшін қолданады.

Басты ем болатын түрі және әзірлеу тәсілі.

1.Сабағы мен жапырағын өлшем бойынша ішсе талма, сал ауруы, ұмытшақтық, суықтан ми қабыну, тарамыс ауруына ем болады.


2.Құстыруға, сабағымен жапырғынан 30 грамм шапшып, 120 мг суға қайнатып шырынын сүзіп алып 90 грамм бал, 60 грамм күнжіт майымен араластырып ішкізсе дереу құстырады.
3. Бастың созылмалы ауруына, талмаға, 50 грамм шөбін 0,5 литр қызыл араққа қайнатып күніне 30 грамм нан бір ай ішсе жақсы нәтижені береді.

4. Ревмотизм ауруларына, күніне 4-6 грамм 15 күн ішсе ауруды басады. Оған зығыр тұқымын қосып жалғастырып ішсе демікпені басады.


5. Тіс ауруына, адыраспанның шөбімен ыстаса, тістің қақсап ауырғаны басылады.
6. Буынның қабынуына жас сабағын жапырағымен лайықты мөлшерде жаншып, буынға тартады.

Дайындау мөлшері. Сабағы жапырағынан қажетіне қарай 4-8 грамм тұқымынан 01-03 грамм дайындалады.

1.Тұндырма жасау

1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан ыстық қайнап тұрған суға 1-5 минут салып жабық ыдыста тұндырылады.Оны 45 минут суытып сүзіп алған соң пайдаланылады.1 ас қасықты 3-4 рет тамақ алдында ішеді.Ал халық ішінде дәрінді таң атарда ішеді.


2.Қайнатпа жасау.

1 ас қасық құрғақ шөпті 1 стакан салқын суға 1-3 сағат сонан-соң шамалы отқа 30 минут жабық сырлы ыдыста бұқтырып қайнатады.10 минут суығыннан кейін дәке арқылы сүзеді де 1 ас қасық пен 30-4 рет тамақ алдында ішеді.

Адыраспанның ем болатын аурулары:

• Ревматизм ауруы


• Ұмытшақ ауруы
• Тіс ауруы
• Бастың созылмалы ауруы
• Тарамыс ауруы
• Буынның қабынуы
• Бел, сал ауруы
• Асқазан ауруы

Қарсы көрсеткіштері: Адыраспан өсімдігі улы.


Адыраспан улы өсімдік болғандықтан, оны емге ішкен кезде аса сақ болған жөн!

Қорытынды.

Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1478 жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп, 1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.


Сонымен, өсімдік- медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы.

Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз өлкемізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.


Пайдалынылған әдебиеттер


1.Атамекен: Географиялық энциклопедия Бас. ред. Б.Ө.Жақып-Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2011-648 бет


2. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
3.↑ Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім
4.↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім
5.Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.





Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет