Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев



бет4/9
Дата22.12.2021
өлшемі33,03 Kb.
#593
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тәжірибелік маңыздылығы
  • Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығын анықтауда жасалған тұжырымдамалар мен ұсыныстар инновациялық дамудың, жергілікті шығармашыл тұлғалардан бағдарлама әзірлеу
  • болатындығын паш еткендікте. Зерттеу нәтижелері сыныптан тыс жұмыстарда ауыл өнерлілері туралы толық мәліметтерді пайдалануға болатындығында.
  • Қызылжардағы ақындардың алғашқы легі мен олардың ерекшеліктері
  • Қаладан шалғай орналасқан көз тартар сұлулығы болмаса да, адам жүрегіне жылылық пен нұр себетін бір киелі жер “Қызылжар”. Осындай кие қонған өнер жұлдыздары шыққан шағын ауыл кім –кімге де таныс атау. Пенде болып жаратылған әрбір жанның өзіне өте ыстық, жүрегінің түбіне ең жақын бір жері бар. Ол – туған жер, туған ауыл. Сондай алтын бесігімізді біз де пір тұтамыз. Өз туған ауылымызды алтын тұғырға теңеп, жыр арнап, әнге қосып жүрген ақындықты арман еткен жерлестер көп-ақ.Суретші туған ауылын бояумен сөйлетсе,ақын қаламымен сөз сөйлетеді.
  • Туған жер,атамекен,алтын бесік,
  • Келеміз құшағыңда бірге өсіп.
  • Аударсақ ауылымның алтын қорын,
  • Тарихпен ашылады алтын есік.
  • Сырдария жағасындағы Қызылжар ауылын әнге, жырға қосқан ақын жанды тұлғалар балықшылар арасынан шыққан. Соның бірі – Талапбай Ұзақбаев. Әсіресе, Т. Ұзақбаевтың 18 жасында балық аулап, қарапайым балықшының отбасынан шыққан, жүрегі жырға, көзі нұрға толы баладан ақындық қабілеттің шығатынын кім білген? Сол кездегі райком секретары Ешпенов өз өмірін өлеңмен жазып бер дегенде, қара сөзбен жазылған өмірбаянды өлең етіп жазған екен.
  • Талантымен танылып, жеті жылдық “Таспа” мектебіне мұғалім болған, партком жұмыстарына белсене араласқан ақын, әрі ұстаз, шежіреші.
  • Т. Ұзақбаевтың бүгінде 7 баласы, 24 немересі бар. Көзінің тірісінде былай деген екен: “Бірінші байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық” дегендей, мен екеуінен де айырылған жанмын. Себебі: көбірек денсаулығым болмай, екіншіден әйелімнен ерте балалардың қолына қарап қалдым, - деп отыратын. Өзінің ішкі жан дүниесіндегі зарды өлеңмен жеткізетін. Өмірден ерте өткен Орал атты қызына, Нұржан атты ұлына арнаған арнаулары өз жеке кітапханасында әлі күнге сақтаулы.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет