Тақырыбы: Амал келді – Жыл келді Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету. Көрнекілігі



бет2/2
Дата20.06.2022
өлшемі264,19 Kb.
#146871
1   2
Байланысты:
КАБИНЕТ ПАСПОРТЫ, stud.kz-4565, 1513500132, Лабораторная диагностика (медицинский лаборант) (алгоримты каз), 6-кл. ҚМЖ 4.2.-4.3., Астамшылдық абырой емес, «Қазақ салт – дәстүрлерініңің жас ұрпаққа берер тәлімі», Химия сынып. Аптасына сағат. Барлығы 34 сағат-emirsaba.org, дәріс 10 (1)
Ұлдар шығып тақпақтарын айтады
Мирас:
Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Аңсар:
Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ - сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.
Ислам:
Жарқыраттың шығыс Күнін,
Бар адамдар туыс бүгін.
Тілеп елдің тыныштығын,
Жүректерде жүр ұшқының,
Наурызым!
Ерасыл
Аңсап жүрсең осы күнді,
Ашып таста есігіңді.
Болайықшы кешірімді,
Ән тербетсін бесігіңді,
Наурызым!

Тәуелсіз елдің адамы,


Бейбіт күн берік қамалы.
Құт болсын дейік ағайын,
Жаңа күн Наурыз қадамы
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпырып гүлге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүлерін аялаған,
Арманы асқақтады көптен бергі.

Уа, халайық! Бүгін үлкен мереке, үлкен той! Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ. қорада қой қоздап, түйе боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін жайдарман шақ.


«Наурыз көктем» әнімен барлық оқушыларды ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.


Бұл күні үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін кез.
Ал, халайық! Енді осы мерекемізге ата - салтымыз бойынша ортамызға әжемізді шақырайық. баршамызға тілек тілеп, оң батасын берсін!
Әже :
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы - уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Бетін сипап, бата береді. Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады)
Құшақтасып, көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыстың ұлы күнінде
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
Бәйбіше шығар балпиып,
Күндігі баста қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Шашбаулары төгіліп.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай - салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.

Осымен 2 сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағаты да өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет