Тақырыбы: Қазақ халқының АҒаштан жасалған ұлттық МҰрасы мақсаты



Дата24.10.2023
өлшемі18,46 Kb.
#188050
Байланысты:
Документ областной
89, Аиг 1 тема

ТАҚЫРЫБЫ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН ҰЛТТЫҚ МҰРАСЫ

МАҚСАТЫ:
-Ата-бабамыздан қалған мәдени мұрамызды сақтау;
-Заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта жаңғырту;
-Астау жасаудың технологиясын, әдісін меңгеру, ұлттық тәрбиені дәріптеу.

Тақырыптың өзектілігі:

-Ата бабамыздан мирас болып қалған ұлттық құндылықтардың қайта жаңғыруына жол ашып, төл туындыларымыздың бүгінгі таңда ел арасында сұранысқа ие болуы.


-Жас жеткіншектердің қолөнерге қызығушылық танытып, бұйымдар жасаумен қатар, ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіруі

НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Біздің ауылда: ата бабамыздан қалған мұраны жалғастырушы, адамның тұрмыс тіршілігіне қажетті бұйымдар жасаушы, қолөнерші шебер қариямыз бар.
Осы қолөнер шеберлігі Қуаныш Базархан атамызға өз атасынан мұра болып қалған. Бұл атаның өзінің оқушы-шәкірттеpі де бар екен.
Сондай-ақ Қуаныш ата біздің ата бабамыздың тұрмыс тіршілігіне қолданған мұраны жаңа технологиямен дамытты. Мен өзім демалыс күндері, бос уақытымды осы өнерге арнап, қызығушылық танытып осы қариядан ағаштан бұйымдар жасап, үйреніп жүрмін.
Ең алдымен бұл бұйымды жасамас бұрын ағашшы кәсібімен айналысатындар қайың, арша, қарағай, тораңғы сияқты ағаштарды таңдап алып, көлеңке, әрі кұрғақ жерде кептіріп, жонып сүргілейді. Себебі басқа да бір ағаш кепкен соң, ол жасау барысында жарылып кетуі мүмкін . Ал Қуаныш атамыз болса қарағаштан жасайды екен
Дайын астауды жасау үшін бірнеше қадамнан тұратын әрекет істейміз.
Ең алдымен ағашты кептіріп аламыз. Содан соң белгілі бір сантиметр өлшеп, ойып, пішінін келтіріп аламыз. Бұрындары Қуаныш атамыз бұл бұйымдарды тек қолдың көмегімен ғана жасайтын. Сол кезде бір астау жасаудың өзі 1 күн уақытты алатын. Ал қазір жаңа инновациялық технологиялар арқасында, Қуаныш атамыздың айтуы бойынша күніне 10нан да көп бұйым шығаруға болады екен.Қазіргі таңда қариямыз компьютер және арнайы машинамен ағаш бұйымдар жасау арқылы ата бабамыздан қалған мұраны дамытып отыр. Оған қоса компьютер арқылы бұйымдардардың бетіне оюды да салуға болады.
Оюы сызылып, пішіні келген астаудың бетін құмқағазбен тегістеп, тазартады. Содан соң бетіндегі шаңын таза матамен сүртеміз. Таза және тегістелген астаудың бетін сырлаймыз, яғни лактаймыз. Лактың өзін қолмен жақпаймыз, мынандай технология көмегімен сырлаймыз. Бұрындары бұл бұйымдардың бетін қолмен сырлайтын. Ал қазір осындай технология арқылы жасаймыз. Соның арқасында жұмыс біраз уақытқа жылдамдайды.Сонымен ата бабаларымыздан қалған мәдени мұраны, біз заманауи технологияларды қолдана отырып қайта жаңғыртып, қолөнер бұйымдарын жасадық. Мысалға Қуаныш атамыздың жасаған бұйымдары: ожау, астау, тостаған және неше түрлі ағаш табақтар.
Сонымен қатар ағаштан жасалған бұйымдарды қолдану денсаулыққа да пайдасы зор. Мысалға алатын болсақ, ағаш тостағанмен ыстық сумындарды ішу барысында қолыңыз күймейді. Ал қазіргі заманауи темір немесе шыны кесе, табақтар астың витаминдік қасиеттерін жоғалтады екен.
Қазіргі заманда мені бір қуантқаны осындай ағаштан жасалған бұйымдар сәнге айнала бастады. Үлкен жиындарда ағаш астауға ет салып, дастархан үстіне қояды. Немесе біреуге тарту етіп жібергеннің өзі неткен тамаша!
Жұмыстың ғылыми және практикалық құндылығы:
Бүгінгі таңда ата-бабамыздан қалған мәдени мұрамыз сақталып, заманауи инновациялық технологияларды қолдана отырып қайта жаңғырып отыр.

Жұмыстың негізгі қорытындысы:
Ата бабамыздың бізге қалдырған баға жетпес мұрасы, ал оны қастерлеп, бағалау білу болашақ ұрпаққа міндет және денсаулыққа пайдасы мол екені анықталды

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет