Тақырыбы: Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизм мазмұНЫ



бет4/8
Дата28.05.2022
өлшемі220,5 Kb.
#145348
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
dip -qazaq-tilindegi-etistikti-frazeologizm (1)
~$одекс , Волейбол, 1607343637, 2854115, eskı turkcede deyımler, OTD 28 2 65 71, turkce hikayeler B1-B2, Алпысбай Нуралы ФЕК221 , Дневник Амантайкызы Шаттык (копия) 4, HOW HAS REALISM UNDERSTOOD THE ROLE OF THE STATE IN SHAPING INTERNATIONAL POLITICS, AND HOW HAS THE POLITICS OF IRAN CHALLANGED TRADITUONAL ASSUMPTIONS ABOUT THE STATE IN THE MIDDLE EAST (копия), Документ (69)
Оқ бойы алда жүру - озу, алысқа кету. Мысалы: - Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған 6. 5.
Қара бет – ұятсыз, залым. Мысалы: - Ақ, қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?! – деп қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып, атып жібергендей қарады 6. 40.
Құлақ естіп, көз көрмеген - ешқашан ешкім естімеген жайт. Мысалы: Жиын болып, кісі өлтіріп, ел ортасында құлақ естіп, көз көрмеген сұмдықты өз қолдарымен істеп шыққан топ, атқа міне сала, жан-жаққа шашырай тарады 6. 43.
Қолға түспеу – ұстатпау, қашып кету. Мысалы: - Бері келші, әй, балам! Бері келші! – деп ешбір сыр білдірмей, ұрыспай шақырды. Ұрысып, зекіп сөйлесе Оспан мұндайдағы әдетіне басып, қаша жамандасып, қолға түспей қояды 6. 52.
Жау шабу – елдің тыныштығын жаудың бұзуы, елді басп алуы. Мысалы: Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын Найманның осы елге, осы ауылға шапқанын, сонда Бостанбек деген өзінің асыранды баласы өлгенін және Найман қолынан осы ауылға тұтқынға түсіп, жыл жарымдай кісенде жатқан Қожамберді деген айқын жайын айтты 6. 57.
2. Етістік фразеологизмдер құрамында фразеологиялық байлаулы мағыналы сөздер мен архаизм сөздер ұшырасады: а/ фразеологизм құрамындағы кейбір сөздер тек фразеологиялық тіркес құрамында танылады. Мысалы, аза бойым қаза болу /қатты шошу/.
Көрсе қаза болды аза бойы,
Болмады бұған айла ойламасқа 7. 109.
Жүрегі су ету – қорқып, шошып кету. Мысалы: Үйдегі екеуінің де жүрегі су ете түсті. Кәрі шеше бұл дауысты естіген жоқ 6. 51.
Ел айығып - ел тарқап, жалғыз қалғанда. Мысалы: Ал, ел айығып оңаша қалғанда, Барлас өз жырларына қоса өзі құрбы - өзге ақындар айтқан жырларды термелеп кетеді 6. 60.
Екі ұдай ету - екі ойлы болу. Мысалы: - Мен бүгін теңдерді шешкізіп, ертең үйлерді тіккізбек едім. Осы тағы да бір көші-қон бар ма? Мынау елді де, өзімізді де екі ұдай еттіңіздер ғой! – деп Майбасарға қарады 6. 66.
Салғаннан ұнау – бірден, о бастан ұнау. Мысалы: Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген, зор дауысты ақсары кісі Барлас Абайға салғаннан ұнады 6. 58.
Болмақ лазым – болуы тиіс, абзал. Мысалы: Тапты да: “Осының бәрі бір жерде, бір кеудеде, бір адамның ішінде болмаққа лазым…” деп, өзгеше бір сенімді байлау жасады 6. 124.
Зор тартты – зәбір көрді, қайғы шекті. Олардың да ешбірін, қайғы аман қойған жоқ шығар. Ойлап, байқап көр түрін, тарттырмап па дүние зор 7. 39.
Сонымен бірге фразеологизм құрамында ғана кездесетін немесе түсінігі кем сөздердің барлығын архаизм деуге болмайды. Фразеологиялық мағынаның төркіні лексикалық мағынада, тарихи тұрғыдан алғанда тіркес құрамында компоненттерге апарары даусыз.
Етістікті фразеологизмдер етістікке тән грамматикалық категоияларды қабылдайды, бірақ түрлену дәрежелері бірдей емес. Осыған орай оларды екі топқа бөлеміз: 1. Парадигмалық жартылай түрленетін етістікті фразеологизмдер. 2. Парадигмалық толық түрленетін етістікті фразеологизмдер.
Осы екі топтың алғашқысына тоқталып өтейік. Бірінші топқа етістіктің салт не сабақтылық, болымдылық не болымсыздық категориясы бойынша ғана түрленетін етістікті фразеологизмдерді жатқызамыз. Тек салт формада жұмсалатын етістікті фразеологизмдерге мысал келтірейік:
1. Қадалған жерден қан алу – айтқанын істетпей қоймайды, қайтсе де орындатады. Әзімбай мысқылдай түсіп: - Ақырында айтар, жан жіп те байлар, қадалғаннан қан алмай неғып қалсын, Есекен! – деп маңындағы жуан Содырдың бәрін ду күлдірді.
2. Қазан асты /көтерді/ - ас, тамақ даярлауға кірісті. Қазан көтеруге суың жетуші ме еді 6. 66.
3. Шаш ал десе, бас алатын – асыра сілтеу. Мысалы: Бірақ Қамысбай “шаш ал десе, бас алатын”, Майбасардың өзінен асқан бүлік, бұзақы, қанқұйлының өзі 6. 36.
4. Көзін алмау – қарап қалу. Мысалы: Сол даладан көз алмай, тоя алмай үнсіз телміріп, ұзақ-ұзақ қарайды 6. 10.
5. Сөз тартты білгісі келіп, сөзге салды. Сейілдің “биыл амалсыздан Қасеннің торына түсіп қалдым” дегені бар еді. Сол жайын Абай сөзге тартып сұрағанда, ол тағы байдың қала жатағына істеп отырған жемтік қиянатын айтты 6. 342.
6. Сөз бақпаған – еш нәрсемен жұмысы жоқ. Мысалы: Сөз бақпаған момын ағайынның бәрі де Қодарды қараламады. Қайғы шеккен дертті күйін ғана айтушы еді 6. 38.
7. Зарларын шағу – мұңын, зарын айту. Мысалы: Сол қайғы үстінде, күндегі бір-біріне мұң айту, күрсіне отырып зарларын шағу, екеуін әбден келін мен ата халінен айырып, ортақ қайғыдағы ене мен келіндей немесе әке мен баладай жақындатқан 6. 34.
8. Сұрау салу – іздеу, сұрастыру. Мысалы: Кейін де осы көрші қойшы Әйтімбет, Қодарға, анда-санда қатынасатын кейде кепшіктен жағалатып, сұрау салып, жаңағы жаладан Қодарды аман деп ұйғарды 6. 34.
9. Көз ұшында – алыста, ұзақтан көріну. Мысалы: Содан жаңағы қауіпті деген Есембайға жеткенше, артына бірде-бір қараған жоқ. Көз ұшына кетіп ұзап алып, ылғи жапа жалғыз шауып отырған 6. 24.
10. Жанды қармау – қасарласу, өз жанын қорғауға әрекет жасау. Мысалы: Енді не де болса жанды қармайын деп, тақымындағы шоқпарына жармасты 6. 27.
Сабақтылық формада қолданылатын етістікті фразеологизмдер: құлағына қыстырмау, қырық саққа жүгірту т.б. Болымды формада айтылғандары: төбесіне құй қазу, төбесіне шай қайнату. Мысалы: Азапқа салды, қинады, тынышын алды. Төбеңнен құй қазып жатса, отырғанымен тыныштық танылмайды 6. 168. Тек болымсыз формада айтылатындары: үш ұйықтаса түсіне кірмеу. Мысалы: Сәскеде Көлқайнарға кеп Жұман аулының жанындағы адырға кіре берсем, бір төбенің басында үш ұйықтасаң түсіңе кірмес бір қызық боп тұр 6. 131.
Парадигмалық толық түрленетін етістікті фразеологизмдер жақ, шақ көрсеткіштерін, рай, етіс категориялары формаларын қабылдайды. Етістікке тән категориялар бойына толық дарыған етістікті фразеологизмдер қызметі жағынан етістікке жақындай түседі.
Тіліміздегі етістікті фразеологизмдердің көпшілігі екі компонентті. Г.Нұрғазиева ҚТТС-гі етістікті фразеологизмдердің ішінде “екі компонетті етістік фразеологизмдер сөздіктегі басқа етістікті фразеологизмдерден басым” 15. 97 екендігін көрсетеді. Мысалы: 1. Табалдырығын тоздыру – қайта-қайта бара беру. Тағы директордың табалдырығын тоздыру басталды Лен. жас. 2. Жегенін желкесінен шығару, тыныштықпен аузын асқа тишізбеді, ішкен асы бойына құт болмады. Түлкіні әрі қуып, бері қуып, жегенін желкесінен шығарды Қаз. ерт. 169 б.. 3. Төбесі көкке екі елі жетпеді – қатты қуанды, шаттанды, қуанышын тасытты.
Шаттанып бала шашырап,
Төбесін көкке тигізді Қаз. ерт. 265 б.. 4. Арқа еті арша, борбай еті борша болу - әбден азып-тозған, қатты жүдеген, тұрмыстың қаққы-соққысын көп көрген адам туралы айтылады. Қыс тұрсын, күздің қара суығында ықтататын кедей сорлы, жілік майы үзіліп, борбай еті борша, арқа еті арша болып көктемге әзер ілігетін 6. 54. Т.б. мысалдар етістікті фразеологизмдердің екі және көп компонентті болып келетіндігін көрсетеді. Компоненттер санының аз-көптігінің етістікті фразеологизмдердің мағынасына қатысы болмайды. Ал, етістікті фразеологизмдердің орналасу тәртібіне назар аударар болсақ, кейбір етістікті фразеологизмдердің сыңарлары жарыса жүреді, көбіне сабақтаса тіркеседі. Бұларды параллельді етістік фразеологизмдер дейміз. 1. Айрандай аптап, күбідей күптеу – емін-еркін билеп-төстеу. Жаным-ау, айрандай аптап, күбідей күптеп болды ғой. Жуантаяқты қуды. Әнеттен алатынын алды. Енді кім қалды! деді Сүйіндік 6. 64. Параллель етістікті фразеологизмдердің компоненттерінің орын тәртібін ауыстыруға болмайды, себебі лексикалық, стильдік мағынасы бұзылады. Етістікті фразеологизмдерді есім сөз + етістік, етістік + етістік, зат есім + етістік құрамдас деп топтастырып қарадық. Зат есім + етістік түрінде болып келетін етістікті фразеологизмдер сан жағынан көп болғандықтан, бөліп қарастырдық. Етістікті фразеологимздердің 4-5, одан да көп компоненттері есім сыңарларының анықтаушы, айқындаушы, толықтаушы сөздер мен толығуымен, ол етістік сыңарлар көмекші аналитикалық етістіктер есебінен ұлғаюынан жасалады: қолы алдына сыймау – екі қолы алдына сыймау, жалығу, жұмыссыз ерікті, өзін сыйғызар жер таппады. Осында келгелі мүлде өзгеріп барам. Екі қолым алдыма сыймай, ішім пысады. Бірдеме жетпейді, не екенін білмеймін. Көңіл соны далбасалап іздейді бірақ таппайды 9. 38.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет