Тақырыбы: Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизм мазмұНЫ



бет5/8
Дата28.05.2022
өлшемі220,5 Kb.
#145348
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
dip -qazaq-tilindegi-etistikti-frazeologizm (1)
~$одекс , Волейбол, 1607343637, 2854115, eskı turkcede deyımler, OTD 28 2 65 71, turkce hikayeler B1-B2, Алпысбай Нуралы ФЕК221 , Дневник Амантайкызы Шаттык (копия) 4, HOW HAS REALISM UNDERSTOOD THE ROLE OF THE STATE IN SHAPING INTERNATIONAL POLITICS, AND HOW HAS THE POLITICS OF IRAN CHALLANGED TRADITUONAL ASSUMPTIONS ABOUT THE STATE IN THE MIDDLE EAST (копия), Документ (69)
Қолын танауына тығу – екі қолын танауына тығып қалу – құр алақан қалды, айрылып қалды, қолына дәнеңе ілінбеді. Сонымен компонент санының көбеюінің фразеологиялық мағынаға тигізер әсері шамалы болғанымен, оның экспрессивті-эмоциональды бояуын қанықтыра түседі.
Тіліміздегі етістікті фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан сөйлем тектес болып келді.
Мысалы: жүрегі жарылды, тілі байланды, екі қоянды бір таяұпен ұрып алды, екі қолында жағасында болды, екі қолын қусырды, екі иығынан дем алды – жай сөйлем тектес, бұл шартты, себебі олар сөйлемдік қызмет атқара алмайды, сөйлем мүшесінің қызметін атқарады. Етістікті фразеологизмдердің ішінде жақты, жайылма: қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің, жанын қоярға жер таппады, екі жеп биге шықты, дүниенің тұтқасын ұстап тұрды, дүниенің дәм-тұзын татты, дүниені бір тиынға санамады, бір тарының қауызына сыйғызды; жақты, жалаң: көзімен ішіп-жеп барады; жақсыз: бетіңнен жарылқасын, жаны жаннатта болсын, жаңа айда жарылқасын, ескі айда есіркесін, жегені желім болсын, жегені кере болсын – деген сияқты жай сөйлем тіркестері кездеседі. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай етістікті фразеологизмдерді хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем тектес деп топтастыруға болады.
Хабарлы сөйлем тектес етістікті фразеологизмдер: Ит терісін басына қаптады, Жұлдызы оңынан туды, Жуанның созылып, жіңішкенің үзілген кезі, Жүрегі қарс айрылды, Жүрегіме жұдырықтай болып тұра қалды, Жүрегі су етті. Мысалы: Атынан домалай түсіп, құшағын аша жүгірген Кәкітай Әбішпен қатты құшақтасып сүйісіп тұр. Бұған Әбіш ауру сияқты көрініп еді. Бауырмал жүрегі су етті 6. 167.
Сұраулы сөйлем тектес етістікті фразеологизмдер: Желегің желбіреп тұр ма? Жының қозып тұр ма? Жіпсіз байланды ма т.б.
Лепті сөйлем тектес еиістікті фразеологизмдер: Жорытқанда жолын болсын! Бетіңнен жарылқасын! Жаңа айда жарылқасын, ескі айда есіркесін! Жегені желім болсын! Жаны жаннатта болсын! Сапарын сәтті болсын!
Етістікті фразеологизмдер сөйлемде тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүше қызметінде жұмсалады. Мысалы: Көп ауылдар түн бойы қотандарын атпен күзетіп, ауыл-ауылдың шеттеріне үзбестен лапылдатып оттар жағып отырып, айғай-шумен таңды-таңға ұратын 6. 55.
Баланың қытығына тиетіні осы жері 6 6. “Екі жарты бір бүтін болайық. Кімге сенеміз? Иық сүйесіп күн көрейік” деп, Құтжанжы құран оқи келгенде, Қодар Жампейіске зарын шақты да, қолына ұстап қалды 6. 32.
Фразеологизмдердің сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқаратынын зерттеуші ғалымдар С. Аманжолов, Х. Қожахметов т.б. атап көрсетті.
С. Аманжолов есім мен етістік сөзден болған құрама “баяндауыштарды сөздің құрылысына қарай екіге бөледі: 1. бернелі, идиомалық құрама сөздер; 2. бернесіз сөздер” 16. 144 - деп көрсетіп, идиомалық және фразалық тіркестердің баяндауыш қызметінде жұмсалатынын атап өтеді.
Қорыта айтқанда, біз бұл тарауда І. Кеңесбаев, А. Қайдаров, Р. Жайсақова, Ә. Болғанбаев, Х. Қожахметова, Г. Смағұлова, С. Аманжолов сынды т.б. зерттеуші-ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, етістікті фразеологизмнің грамматикалық ерекшеліктеріне көңіл бөлдік.
Қазақ тіліндегі фразеологизмді танудағы пікірлерді саралай келе, фразеологизмдерді “тар” және “кең” көлемде қарастыру бағыттары бар екендігі байқалады.
Сондай-ақ фразеологизмді морфологиялық тұрғыдан қарастыруда сөз таптарына қарай жүйелеу тіл-тілді зерттеушілер тәжірибесінде бар екендігі анықталды. Оларды сөз таптарына жіктеуде бұрын-соңды айтылған пікірлерді ескере отыып, етістікті фразеологизмдер, есімді фразеологизмдер, үстеу мәнді фразеологизмдер, әр түрлі сөз таптарынан жасалған фразеологизмдер деп топтастырылды.
Сонымен қатар етістікті фразеологизмдер етістікке тән грамматикалық категориялар қабылдайтындығы, бірақ түрлену дәрежесі бірдей екендігі, осыған орай олар екі топқа: 1. Парадигмалық жартылай түрленетін етістікті фразеологизмдер; 2. Парадигмалық толық түрленетін етістікті фразеологизмдер деп топтастырылады.
Синтаксистік тұрғыдан қарастыруда тіліміздегі етістікті фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан сөйлем тектес /шартты түрде/ болып келетіндігі анықталды.
Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті деп үш топқа топтастырылды. Сондай-ақ фразеологизмнің сөйлемде тұрлаулы да, тұрлаусыз да мүше қызметінде жұмсалатындығы байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет