Тақырыбы: Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизм мазмұНЫ


ІІ ТАРАУ. ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ



бет6/8
Дата28.05.2022
өлшемі220,5 Kb.
#145348
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
dip -qazaq-tilindegi-etistikti-frazeologizm (1)
~$одекс , Волейбол, 1607343637, 2854115, eskı turkcede deyımler, OTD 28 2 65 71, turkce hikayeler B1-B2, Алпысбай Нуралы ФЕК221 , Дневник Амантайкызы Шаттык (копия) 4, HOW HAS REALISM UNDERSTOOD THE ROLE OF THE STATE IN SHAPING INTERNATIONAL POLITICS, AND HOW HAS THE POLITICS OF IRAN CHALLANGED TRADITUONAL ASSUMPTIONS ABOUT THE STATE IN THE MIDDLE EAST (копия), Документ (69)

ІІ ТАРАУ. ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ


Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика /гр. Leikos – сөздік/ немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипаты тексеретін ғылымды лексикология /гректің Leikos - сөздік+Logos – ілім сөздерінен/ дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы – қазақ тілінің сөздік құрамын /лексикасын/ тексеретін ғылым 3. 72.


Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамындағы сөздердің санымен ғана емес, мәнімен /көп мағыналылығымен/ өлшенеді. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология /гр. Semasia – мән, мағына + Logos – ілім сөздерінен/ ғылымымен тікелей байланысты. Семасиологияның мәні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда анық байқалады. Мұнда сөздің негізгі, туынды және ауыс мағыналары даму тұрғысынан сараланып талданады.
Семантика гректің Semantikos /белгілеуіш/ деген сөзінен алынған, қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қолданылып жүр. Сондықтан да оқулықтарда семантикаға сөз мағынасын зерттейтін лексиканың бір саласы деген анықтама беріледі 17. 4.
Сөздің лексикалық мағынасы тіл білімінде әр түрлі бағытта топтастырылып келеді. Семантикалық топтастыру ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделген болатын. Мысалы, мәдени шаруашылық, тұрмыстық, туыстық атаулар, адамға байланысты сөздер т.б.
Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымының арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады.
Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек, ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болып табылады.
Сөздің семантикалық категориялары – олардың көп мағыналылығы, омонимділігі, мағыналастығы, мағына қарсылығы, варианттылығы.
Етістікті фразеологизмдер бір мағынада жұмсалуымен қоса, бірнеше мағынада жұмсалатындары да кездеседі. Алайда, фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиомалық түрлері әрдайым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің кейбіреулері көп мағыналы болатындығы байқалады. Мысалы: а/ бой бермеді – айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді; ә/ ырық бермеді – күші жетпеді. Көзі шықты : а/ соқыр болды; ә/ көзі қанды, маманданды. Дымы құрыды: а/ діңкеледі, шаршады; ә/ лажы қалмады, не істерін білмеді. Сабасына сыймады: а/ су ернеуінен, арна қалпынан асып кетті, тасыды; ә/ ашу, ыза кернеді, шектен асып кетті.
Фразеолгизмдердегі бұл құбылысты фразеологиялық көп мағыналылық деп атаймыз. Фразеологиялық көп мағыналылық жайлы алғаш рет сөз қозғаған – сөздікшілер яғни лексикографтар. Л.Э. Бинович башқұрт тіліндегі фразеологиялық көп мағыналылық құбылысын сипаттауда жалпы тіл білімі тәжірибелеріне сүйенеді. Өзбек ғалымы Ш. Рахматуллаев фразеологиялық көп мағыналылықтағы мағыналар байланысының үш түрін атап көрсетеді: 1. Алдыңғы мағына соңғы мағынаның жасалуына негіз болады; 2. Алдыңғы мағына соңғы мағынаның жасалуына негіз болмайды; 3. Тіркестің мағыналар жүйесінде байланыстың бірінші және екінші түрінің кездесуі 17. 20.
Қазақ тіл білімінде фразеологиялық көп мағыналылық І. Кеңесбаев, Ә. Болғанбаев, А. Қайдаров, Р. Жайсақова, Г. Смағұлованың еңбектерінде қарастырылады. Ә. Болғанбаев “Фразеологизмдердің де көп мағыналылығы негізгі заттық мағынадан өрбіп, туынды мағына алғашқы лексикалық мағынаны ауыстырып қолданудан шығатындығын” 3. 203 атаса, А. Қайдаров, Р. Жайсақова “Как показывают факты языка, переносное и идиоматическое значение, писуще ФЕ, в дальнейшем своем развитии по разным /функционально-стилистическим, социальным, ситуативным/ причинам перетерпевает семантическую дифференциацию и даже вторичный перенос значение что и приводит к полисемии ФЕ” 18. 7 - деп, фразеологиялық көп мағыналылықтың пайда болуын көрсетеді.
Алдыңғы мағына соңғы мағынаның тууына негіз болуы және болмауы нәтижесінде көп мағыналылық 2 жолмен туындайды:
1. жалғаспалы-жарыспалы;
2. жарыспалы.
Мағыналардың жалғаса туындауы – көп мағыналылық жасаудың өнімді жолы. Мысалы:желкесін қию: 1. өлтірді; 2. қырғынға ұшыратты; 3. дегеніне жеткізбеді.
Мағына жалғасын былай көрсетуге болады: 1+1+2+3. Алғашқы мағынаның келесі мағыналардың тууына негіз бола алмауының 20 түрлі себебі бар. Бірінші себеп: мағыналар негізінде әр түрлі ситуацияның жатуы. Мысалы: екі иығынан // иінінен дем алу : 1. ауырып, дем алысы ауырлады. 2. деміне нан пісті. 3. қатты ашуланды.
Екінші себеп: мағыналардың негізінде бір сөздің әр түрлі лексикалық мағынасының жатуы. Мысалы: ойға түсу: 1. Қатты ойланды. 2. есіне түсті. “Ой” сөзінің ойлауға қатысты мағынасы негізінде бір мағына, “ес” /память/ мағынасы негізінде екінші мағына туындап отыр. Мысалы: Ойға түстім, толғандым, өз мінімді қолға алдым 7. 107.
Өмірде ойға түсіп кем-кетігің,
Тулаған мінезің бар жүрек сенің 6. 97.
Көп мағыналы етістікті фразеологимздер тіліміздің байлығын, мағыналық мүмкіндігінің молдығын және икемділігін көрсетеді. Жеке мағыналар арасындағы мағыналық байланыстың үзілмеуі – көп мағыналылықтың кепілі боп саналады.
Тілімізде дыбысталуы мен таңбалануы бірдей, мағыналық жағынан байланысы жоқ етістікті фразеологизмдер аз мөлшерде болса да кездеседі. Мұны етістікті фразеологизмдер арасындағы омонимия құбылысы деп танимыз. Мысалы: бас жару. 1. ожарлық әрекет белгісі; 2. өсімдіктердің гүлдеуі.
Фразеологиялық омоним 2 жолмен жасалады: 1. Көп мағыналы етістікті фразеологияның жеке мағыналар арасындағы семантикалық байланыстың үзілуі нәтижесінде; 2. Тіркестердің айтылуы мен жасалуындағы кездейсоқ біркелкілік нәтижесінде 5. 11. Етістікті фразеологизмдер өзара және еркін сөз тіркестерімен омонимдес болып келеді. Мысалы: мойнына мініп алу /басыну/ - етістікті фразеологизмдер. Мойнын мініп алу – баланы мойнына отырғызу – еркін тіркес. Ауыз жаппады – дамылсыз сөйлей беру – етістікті фразеологизм. Ауыз жаппады – ауызды жабу – еркін тіркес. Аяғынан тік тұрды – құрмет көрсету – етістікті фразеологизм. Аяғынан тік тұрды – құламады деген мағынада – еркін тіркес. Аяғына шаң жұқпады – бір жерде тиянақтай алмайтын қыдырымпаз кісі туралы айтылды – етістікті фразеологизм. Аяғына шаң жұқпады – таза жүру – еркін тіркес.
Фразеологизмнің мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас келген түрлері фразеологиялық варианттар деп аталады. Фразеологиялық тұлғалар құрамындағы кейбір сөздер оның мағынасын, құрам-құрылысын бұзбай мәндес сөздермен ауыса алады. Бұл тілдегі варианттылық жүйенің бір көрінісі. Варианттылық жүйесі С. Бизақов, И. Ұйықбаев, Г. Смағұлова еңбектеріне арқау болған. Г. Смағұлова фразеологизмдер варианттылығының түрлерін былай топтастырады:
1. фразеологизмдердің лексикалық варианттары
2. фразеологизмдердің фонетикалық вараинттары
3. фразеологизмдердің морфологиялық варианттары
4. фразеологизмдердің лексико-грамматикалық варианттары 11. 13.
Фразеологизмдердің фонетикалық варианттарына тұрақты сөз тіркесінің құрамына енген кейбір сөздердің бірде жуан, бірде жіңішке кейде толық, кейде қысқарып айтылуы жатады. Мәселен, ұнжырғасы түсті деген етістікті фразеологизмдерді ұнжорға, үнжорға, өнжорға деп те айта береді. бұлардың екі түрлі болып өзгеріп отыруынан тұрақты тіркестің мағына бірлігіне тигізер ешбір зияны жоқ. Сондықтан да бұлар әр басқа фразеологизм емес, бір тұрақты тіркестің екі түрде түрленіп айтылуы деп есептеледі. Фонетикалық варианттар бір сөздің ішінде де түрлі-түрлі болып өзгеріп отыруы мүмкін. Бұл сөзімізге жоғарыда айтылған мысалымыз дәлел бола алады. Фразеологизмдердің фонетикалық варианттарының мағынасы дұрыс, анасы қате деп үзілді-кесілді тұжырым жасаудың өзі кейде қатеге ұрындырады. Қашан да жиі айтылатын, халықтың тұлғасы дұрыс деп есептелді.
Етістікті фразеологизмдердің лексикалық варианттары өте жиі ұшырасады. Мысалы: ажар білдірді – қабақ білдірді – сыңай білдіру. Абай қымыз ішіп болып, рахмет айтып, енді жүргісі келгендей ажар білдіргенде ғана, Байдалы ырғала түсіп, сөйлей жөнелді 6. 272. Ақылы ауысты – есі ауысты, алжыды, есінен адасты деген мағынада қолданылады. Алақан жайды – қолын жайды. Рас, былайша қарасаң, директорларың жаман адам емес, бірақ өздігінен ұмтылу, талпыну дегенді білмейді. Албасты басты, әбілет басты, қара басты – масқара болып, оңбай қалды; жын ұрып, түк білмей қалды. Надан халықтар әйел бала туғанда, әлсіреп талса, “албасты басты” деп түсінетін Ы. Алт.. Артына түсті – соңына түсті; Атарға оғы болмады - атарға оғы жоқ; Аузы мұрнынан шыты – аузы мұрынан келді; Аяғынан тік қойды – аяғынан тік тұрғызды; егде тартты – мосқал тартты т.б.
Кей жағдайда фразеологизмнің құрамындағы әрбір сөзден әр түрлі варианттар өрбиді. Мысалы: көңілге қуат/медет, медеу/ қылды /тұтты/етті, көңілден кірбің /дақ, кірбің, қылау/ арылды /ашылды, кетті/, көңілі ауды/бөлінді, кетті, құлады/, көңіл көншіді /жайланды, тынды, орнықты/, кірерге жер / тесік/ таппады, мұрттай/қалпақтай, жұлындай/ түсті, ұшты т.б.
Лексикалық варианттардың бір-бірінен сәл де болса ерекшелігі байқалады. Сондықтан бұларды фразеологизмдердің синонимдік тәсілімен түрленуі деп те атауға болады. Жоғарыда келтірілген мысалдардағы етістікті фразеологизмдердің лексикалық варианттары есім сыңардың да, етістік сыңардың да ауысуы арқылы жасалған. Етістікті фразеологизмдердің 5-6, тіпті одан да көп варианттары кездеседі. Етістікті фразеологизмдердің лексикалық варианттары оның синонимикасы сияқты байлығын көрсете алмайды, бірақ сөйлеу прцесінде стиьдік қызмет атқарады.
Етістікті фразеологизмдердің грамматикалық варианттарының жасалуы: а/ есім сөздің қосымшалы, қосымшасыз келуі /көз үйрену – көзі үйрену/ ; ә/ әр тектес қосымшаның бірінің орнына бірі қолданылуы / тас кенеше жабысу/ ; б/ сөздердің қосарлануы арқылы / құтын қашыру/, /зәре құтын қашыру/ т.б.
Тұрақты тіркестер жеке сөздің орнына жұмсалып қана қоймайды, сонымен қатар мән-мағынасы жағынан үйлес келіп, бірінің орнына бірі балама болып та қолданыла береді. мұндай құбылыс тіл білімінде фразеологиялық синонимдер деп аталады. Қазақ тілі лексикалық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық синонимдерге де соншалықты бай. Бірақ олар өздерінің стильдік, мағыналық ерекшеліктерін сақтап отырады. Мәселен, аза бойы қаза болды, тік тұрды, азар да безер болды, ат тонын алып қашты деген етістікті фразеологизмдер мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын келгенімен, іштей сәл өзіндік ерекшеліктері бар.
Етістікті фразеолгизмдер мағыналық жағынан бір-біріне өте жуық. Сондықтан бір-бірін ауыстыруға қабілетті: тізе көрсету + басына әңгір таяқ ойнату: қарау ұғымын білдіретін көз қиығын салды+көзімен ішіп-жеу+ала көзімен қарау мағыналас етістікті фразеологизмдер кез келген жағдайда бірінің орнына бірі жұмсалмайды, олар бір ұғымға сәйкес мағынаны білдіре келіп, экспрессивтік бояма реңкі мен стильдік қолданысы жағынан ажыратылады. Яғни, экспрессивті-стилистикалық синоним етістікті фразеологизмдер. Фразеологиялық синонимдер де ұғымы жағынан бірінен бірі сатылап өсіп, кшейе түсіп отырады. Мәселен, көз /кірпік/ ілмеді, көз шырымын алмады, түн баласына кірпік қақпады, түн ұйқысын төрт бөлді, көрер таңды көзімен атырды дегенде әрбір фразеологиялық синонимнің алдыңғысынан соңғылары қарқындай береді. Мәселен, біреудің бір нәрсеге қалай құмартқандығын айтқымыз келсе: айызы қанды, көзін жұмып, аузын ашып қапты дейміз. Ал біреудің қалай қорыққандығын айтқанда: жүрегі /зәресі, үрейі/ ұшты, құты қашты, иманы кетті, көзі шарасынан шықты, көзі алақандай болды, иманы қалмады, жүрегі тас төбесінен шықты, зәресі зәр түбіне кетті дегендер қолданылады. Мұның барлығы етістік фразеологиялық синонимдердің соншалықты байлығын көрсетеді. Жоғарыда келтірілген мысалдар тілдің соншалықты орамдылығы мен икемділігін көрсетеді.
“Қазақ тілі лексикалық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық синонимдерге де сонша бай” 13. 114. Жинақталған материал етістікті фразеологизмнің арасында мағыналастықтың кең өріс алғанын көрсетеді. Етістікті фразеологизмдер жеке етістікпен мағыналас болады: араздасу ат кекілін кесісуқырғи қабақ болу; өзара мағыналас болады: қаны қайнаутерісіне сыймауқаны басына тебуит жыны ұстау.
Мағыналас етістікті фразеологизмдер ұғымды әр қырынан, мағыналық реңктерінен қамти көрсетіп яғни “фразеологизмдер бір-біріне синоним ретінде олардың ұғымындағы жалпы түсінігі бірдей болғанымен, тілдік көріністе әркелкі көрінеді” 11. 14.
Мағыналас етістікті фразеологизмнің құрамы біртектес және әртектес болады. Біртектес мағыналас етістікті фразеологизмде компоненттің грамматикалық көрсеткіші: қолтығынан дым бүрку шабына ет тастау, шашбауын көтеружыртысын жыртусойылын соғу.
Құрамы әртектес мағыналас етістікті фразеологиялық компоненттері грамматикалық көрсеткіші жағынан әр түрлі болады: дүниеден өтуо дүниелік болуқайтпас сапарға аттану.
Семантикалық категориялардың бірі – антоним. Фразеологизмдер мән-мағынасы жағынан бір-біріне үйлес келіп, өзара бір-бірімен синоним болып жұмсалатындығы сияқты бұлар мән-мағынасы жағынан қарама-қарсы болып қолданылады. Тұрақты тіркетердің арасындағы осындай кереғар құбылыстарды фразеологиялық антонимдер деп атауға болады. Қазақ тілінде антонимдес етістікті фразеологизмдер молынан кездеседі. Қазақ тілі материалдары антонимдес етістікті фразеологизмдердің екі жолмен туындайтынын көрсетеді. Мұның бірінші түрі тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерінің басқадай сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы: аты шықты – аты өшті; ат ізін салмады – ат ізін құрғатпады; әлі кірді - әлі кетті; беделі артты – беделі түсті; бетінен оты шықты – беті бүлк етпеді; есіне түсті – есінен шықты; жолыңа гүл бітсін – жолыңа жуа шықсын; еңбегі жанды – еңбегі еш кетті; соққы жеді – соққы берді т.б.
Фразеологиялық антонимдердің екінші түрі құрылым-құрылысы жағынан мүлдем басқа сөздерден жасалады. Мысалы: соры сорпадай қайнайды – көзі ашылды; шөлі қанды – қаны кепті; араны ашылды – тәбеті тартпады.
“… антонимдер бір сөз табына енетін сөздер аралығында болады да бір лексика-семантикалық топтың құрамында өмір сүреді” 17. 60. Пікір етістікті фразеологизмдерге де қатысты. Мысалы: айтқанын екі етпеу – сөзін аяқ асты ету. Бұлар – қарым-қатынас етістікті фразеологизмдері, бір лексика-семантикалық топтан.
Тіліміздегі болымсыздықпен қарама-қарсылық арасындағы мәселе шешімін таба алмай келеді. Г.З. Уразкин, Р.А. Авакова болымсыздық формасы – ма, -ме антоним жасайды десе, Ғ. Мұсабаев, Ж. Мусин және М. Оразов “барды – бармады антоним емес”, олар “екі сөз емес, бір сөздің екі түрі тұлғасы” 19. 60, - дейді. Біз осы пікірді қолдаймыз. Себебі антонимия бірін-бірі жоққа шығару емес, қарама-қарсы қоюға негізделген. Екіншіден, қарама-қарсылық біржақты болмайды, екі жақты болады. Үшіншіден, ол салыстырмалы қасиетке ие, сондықтан қарама-қарсылықты білдіретін жұптар бірін-бірі жоққа шығармай, бірін-бірі қарсылыққа шақырып отырады: қисыны келу – қисыны кету; ит қырын жүру – тасы өрге домалау. Осы мысалдар етістікті фразеологияның біртектес және әртектес құрамды болатынын көрстеді.
Сонымен қорыта айтатын болсақ, семантикалық категория, мағыналылығын, мағына қарсылығын, варианттылығын сөздердің омонимділігін т.б қарастыратын лексикологияның бір саласы.
Біз бұл тарауда етістікті фразеологизмнің бір мағынада жұмсалуымен қатар бірнеше мағынада жұмсалатындығын, көп мағыналықтың туындау жолдарын, етістікті фразеологизмдер арасындағы омонимия құбылысын, варианттылық жүйесін, сондай-ақ етістікті фразеологимздердің синоним және антонимге бай екендігін қарастырдық. Сонымен қатар, болымсыздық пен қарама-қарсылық арасындағы шешімін таба алмай жатқан мәселеге де тоқталып, біраз зерттеушілер пікірлерін салыстырдық.

ІІІ ТАРАУ. ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ


Егер біз сөзде мағына мен дыбыталудың бірлігін түсінетін болсақ, мағына сөздің ішінде, оның құрамды бөлшегі ретінде өмір сүреді. Ал сөз, өз жолымен, адамзаттың қатынас құралы болудың элементі ретінде бір информацияны екінші біреуге жеткізу үшін қолданылады. Сондықтан да кез-келген сөйлемде, абзацта айтылған ой сол сөйлемнің, абзацтың құрамындағы жеке сөздердің мағынасынан мүлде алшақ жатпайды, ұзап кете алмайды.


Пікір алысу кезінде адамдар арасында түрлі жағдайлар психологиялық қалыптарға байланысты эмоциялық мән қосылса, сөздердің өзара байланысынан туатын мағыналық ауытқулар сөйлемде бой көрсететіні анық. Коммуникация, негізінен, екі не бірнеше адамдар аралығында болатындықтан олар бір-бірімен түсінісулері керек. Сондықтан да бірі екіншісіне айтып жатқан хабардың негізінде жеке адамдарға бағынбайтын, белгілі-бір қоғам мүшелеріне, сол тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті мағына болады. Ол мағына объектив дүниедегі заттарды, заттардың қарым-қатынасын, табиғат құбылыстарын т.б. бейнелейді де, белгілі-бір дыбыс не дыбыстар комплексімен байланысады.
Тақырыптық-мағыналық топұа енген сөздер өздері атауы болған объектив дүниедегі заттарды тікелей байланысына қарым-қатынасына негізделінгенін, бірі екіншісіне тәуелді болмайтындығын ескерсек, онда тақырыптық-мағыналық топтың бір мүшесі түсіп қалса, не жаңа сөз қосылса ол оның басқа мүшелерінің мағынасына әсер етпеуі мүмкін. Тематикалық сөздердің тарихы бұл пікіріміздің дұрыстығын дәлелдеп бере алады. Мысал ретінде ауыл шаруашылық құралдарының атын алайық: жерағаш, мойынтұрық, соқа, тырма, мойынша, оқ, тіс, күрек, айыр, кеппен т.б.
Қазіргі күнде жерағаш, тіс, оқ, сөздер қолданылмайды не пассив сөздердің есебіне соқа не басқа сөздердің мағынасына кенейе қойған жоқ. Сондай-ақ кесе, шәйнек, тостаған, зере, ваза, шара, мес, шөміш, қасық, шанышқы, кәкпір, стакан, фужер, графин, тарелка, леген сияқты сөздер ыдыс аяқ атауларына жатады. Егер осы тематикалық атауларды барлап қарайтфын болсақ кесе, шәйнек, тостаған, зере, қасық, астау, шара сияқты сөздер болмаса көпшілігі жаңадан, кейінірек сөздік қорға енген сөздер. Бірақ бұлардың ықпалынан кесе, қасық сөздерінің мағынасы табылған жоқ. Бұл типтес мысалдарды басқа тематикалық топтардың мүшелері арасынан да байқауға болады. Егер сөз мағынасы тек системадағы орны не байланысы ароқылы анықталады дейтін тезисті болсақ, онда тақырыптық топтың мүшелерінің барлығы да мағынасыз сөздер болған еді. Салыстырыңыз: қарағай, шырша, қайын, терек, арша сияқты сөздер ағаш атаулары ретінде бір тақырыптық топ жасайды. Бірақ олар өзара синоним де антонимдік қатар да жасай алмайды. Бұл жердегі сөздер бірін екіншісі талап етіп те тұрған жоқ, бірақ әрқайсысының да өзіндік мағынасы бар. Тіпті кей тақырыптық топқа енетін сөздер бір тілде болып, екінші тілде болмауы да мүмкін не басқа мағынада қолданылатын жағдайлары да кездеседі.
Бұл тарауда етістікті фразеологизмдерді мағыналық топқа жіктеу үшін анықтауды бірінші кезекте қажет ететін етістіктің семантикасы мәселесіне тоқталамыз. Түркі, қазақ тіл білімінде етістікті семаникалық жағынан классификация жасаған зерттеушілер И.К.Дмитриев, П.И. Харитонов, Г.К. Кулиев, А. Ысқақов, С. Аманжолов, И. Маманов, А. Осмпанова, Н. Оралбаева, А. Қалыбаева, М. Оразовтардың еңбектеріне шолу жасалды.
Түркі және қазақ тіл біліміндегі тәжірибелерге сүйене отырып етістікті фразеологизмдерді былай топтастырып қарастырамыз. Топтастыруда лексика-семантикалық топ мүшелерінің жалпылаушы семалар арқылы байланысуын, парадигмалық қатар жасау мүмкіндігін, мағыналық жағынан ұштасып жатуын ескердік: 1. Актив әрекет, іс-қимыл етістікті фразеологизмдер. 2. Сөйлеу етістікті фразеологизмдер. 4. Қалып және сапа етістікті фраезологизмдер. 5. Көңіл-күй етістікті фразеолгизмдер. Үнемі келтірінді, ауыс мағынада жұмсалатын фразеологизмдерді дөп басып, белгілі бір топқа телу қиындық туғызғанымен, кіші лексика-семантикалық топқа жіктеу етістікті фразеологизмдердің қыр-сырын ашудың жолы екені даусыз. Актив әрекет, іс-қимыл етістікті фразеологизмдерді лексика-семантикалық топқа бөлеміз: 1. Амал-әрекет етістікті фразеолгизмдер; 2. Қозғалыс етістікті фразеологизмдер; 3. Қарым-қатынас етістікті фразеологизмдер. Осы аталған етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық топтарына алдағы тарауларда жеке-жеке тоқталатын боламыз.
Қозғалысты білдіретін етістікті фразеологизмдер заттың не адамның қозғалысын, қозғалыс амалының аяқталу, аяқталмау жылдамдығын білдіреді. Мысалы: екі өкпесін қолына алып жету – бұл тіркес біріншіден – қозғалысты, екінші – жылдамдықты, үшіншіден – қозғалыс иесінің психологиялық күйін білдіре алады. Ал қолданыс ретіне қарай оның мағынасы өрістей түсетінін байқаймыз: Мұндайда бала қалушы ма еді, екі өкпемізді қолымызға алып, шуылдаса жүгіріп біз де жеттік С. Мұратбеков. Осы тұста етістікті фразеологизмдер қозғалыстың мақсатсыз екендігінен де хабар бергендей. Қозғалыс етістікті фразеологизмдердің мына ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. Жылдам қозғалыс - өкшесі жерге тимеу, аяғы-аяғына жұқпау.
2. Баяу қозғалыс - өгіз аяңға салу, мың салса, бір баспау.
3. Бағытсыз қозғалысты білдіретін етістікті фразеологизмдер – жер-көкті шарлау, басы ауған жаққа кету.
4. Мақсатты қозғалысты білдіретін етістікті фразеологизмдер – Көз жаздырып кету, табанын жалтырату.
5. Жаяу қозғалысты білдіретін етістікті фразеологизмдер – Темір етіктен теңгедей қалу.
6. Топтала қозғалу мәнін білдіретін етістікті фразеологизмдер – құрттай құжынау, қара құрттай қаптау.
Қозғалыс етістікті фразеологизмдерін кету-келу, қашу-қуу, жүгіру-жүру деп жалаң түрде жіктеуге келмейді, себебі қозғалыс етістікті фразеологизмдер қозғалыс амалын, сипатын және нәтижесінен туындайтын жағымды, жағымсыз эмоцияны т.б. білдіреді. Қозғалыс етістікті фразеологизмнің біразы қозғалыс етістіктеріне балама болса, біразы балама бола алмайды.
Етістікті фразеологизмдердің біразы адам мен заттар, адам мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Қоршаған дүние, психологиялық жай-күй, әлеуметтік орта – бәрі қарым-қатынас туғызады. Адамдар арасындағы күнделікті өмірде жиі кездесетін қарым-қатынасты білдіретін етістікті фразеологизмдерді лексика-семантикалық топқа жіктеуіміз мынадай:
1. Адамдар арасындағы қарым-қатынас білдіретін етістікті фразеологизмдер:
а/ құрметтеу, сыйластықты білдіру: үстінен құс ұшырмау – неше түрлі зорлық-зомбылық жасау, бәле қуу мағынасында. Бақайын жерге тигізбеу – шаң жуытпау, бәледен құтқару.
ә/ бас араздық не татулықты білдіру: арасына от жағу. Жуандардың арасынан от шығармақ болатын 6. 138. Арасынан қыл өтпеу - өте тату болу.
б/ қызмет көрсету мағынасын білдіретін етістікті фразеологизмдер: отымен кіріп, күлімен шығу;
в/ алдау-алдану мағынасын білдіретін етістікті фразеологизмдер: сазға отырғызу, екі қолын танауына тығып қалу, құр алақан қалды, айырылып қалды, қолына дәнеңе ілінбеді.
г/ менсінбеу, менменсу: деміне нан пісу, ханға сәлем бермеу.
ғ/ жақтырмау: мұрнын тыржиту, шекесі тырысу, қабағы түйілу, түгін сыртқа түкситу.
д/ жақсы көру: емешегі үзілу – қатты құмарту, қатты сүю, ет жүрегі езілу.
ж/ мазалау, әурелеу: буынсыз жерге пышақ ұру, ит әуресін шығару, әуре сарсаңға түсріу, босқа шаршату.
2. Теңестіру мәніндегі етістікті фразеологизмдер. Бұл топтағы етістікті фразеологогизмдер жақсы-жаманды, жағымды-жағымсыз әрекеттерді салыстыру, бағалау мақсатында жұмсалады: басқан ізіне тұрмау, садағыса кетсін.
3. Меншіктеу мәніндегі етістікті фразеологизмдер. Адам затты, байлықты түрлі жолмен меншіктеуі мүмкін. Оны осы топтағы етістікті фразеологизмдер дөп басып көрсете алады. Мәселен, жіп тағу – біреуді сырттай иеленуді, жымқырып кету – ұрлап меншіктеуді білдіреді.
4. Бағындыру-бағыну мәніндегі етістікті фразеолоизмдер. Бұл топқа іске басшылық жасаудан бастап, өктемдік жүргізу аралығындағы имендіріп, жасқандыру, көндіру мағынасындағы етістікті фразеологизмдер топтастырылды. Бағынбау, қарсылық көрсету мәніндегі кеудесін басқызбау, басынан сөз асырмау, есесін жібермеу сияқты етістікті фразеологизмдер осы топта. Қарым-қатынас етістікті фразеологизмдер екі жақтың ара қатынасын атап қана қоймай, субъектінің оған қатысын, жағымды, жағымсыз эмоцияны да білдіре алады.
Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдердің бір тобын сөйлеу етістікті фразеологизмдері құрайды. Сөйлеу процесін білдіретін етістікті фразеологизмдер құрамында “айт”, “сөйле” түбір етістіктерінің сн-алуан грамматикалық тұлғада келіп, басқа сөздермен тіркесуі арқылы жасалған етістікті фразеологизмдерді жатқызамыз: арыла сөйледі, шет жағасын айтыпты, өлердегі сөзін айтқан.
Сөйлеу етістікті фразеологизмнің біразы сөйлеу мүшелерінің анатомиялық атаулары /тіл, ерін, таңдай т.б./ болатын сөздер мен әр түрлі семантикалық топқа енетін етістіктіердің тіркесуімен жасалады. Мысалы: көмейі суырылу, ерні-ерніне тимеу - шешіліп сөйледі. Ә деп, ауыз ашып еді, көмейі суырыла сөйлеп кетті 6. 56.
Сонымен қатар етістікті фразеологизмдердің қозғалысты, қарым-қатынасты, сөйлеу мәнерін білдіретін топтастырумен бірге ой-сезім етістікті фразеологизмдер деп аталатын түрі де бар. Адам басқа тіршілік иелерінен өзінің тілі, ойы, сезімі, көңіл-күйі арқылы ерекшеленетіні белгілі. Ол ойын, ойлағандығын, сезімін, сезгенін тіл арқылы жарыққа шығарады. Ой сезімге қатысты етістікті фразеологизмдер: 1. Ойлау етістікті фразеологизмдер. 2. Сезіну етістікті фразеологизмдер деп жіктеледі.
Ойлау етсітікті фразеологизмдердің ойлау, есте сақтау, ұмыту, ой-болжам, тұспалдау, байымдау, күдіктену, сенім-шішімге келу етістікті фразеологизмдерін құрайды. Олар сан жағынан аз, бірақ реңктері түрлі-түрлі, сондықтан жеке лексика-семантикалық топтарға бөлдік.
Сезіну етістікті фразеологизмге келер болсақ, олар объективтік өмірдегі заттар мен құбылысытың адам сезім мүшелеріне әсерінің тілдегі көрінісі. Сезіну етістікті фразеологизмдердің ерекшелігі объектіге тікелей әсер етіп, өзгертпейді, сондықтан пассив қызмет атқарады. сезіну сезім мүшелері құлақ, көз т.б. арқылы туындайтындықтан, оларды сипаттайтын етістікті фразеологзмдер: көру етістікті фразеологизмдер, ұялу етістікті фразеологизмдері деп қарастыруға мүмкіндік бар. Мысалы: көзін сату, көз сұғын қадау, ел құлағы түрілу, көз тігу, көзін тапты, көзін іздеді, көзін сүзді, көзіне ілмеді, көзінен от шашты, көзіне айтты, көзіне шөп салды, көзінің сорасы ақты т.б.
Көру етістікті фразеологизмнің бір сыңары “көз” сөзі болса, келесі сыңарлары “қара”, “тік”, “сал” етістіктерінен болады да көру ұғымында жұмсалады: көз тігу, көз салу . Тілімізде “көз” сөзімен байланысты, біздің есебімізше, 500-ден астам фразеологиялық тіркес бар, бірақ оның бәрі көру мағынасын білдірмейді. Мысалы: көз ілмеу – ұйықтамауды, көз алдынан өткізу – ойлау, елестетуді, көз ілеспеді –жылдамдықты білдіреді.
Адам бойындағы жоғары сезімдер интеллектілік сезімдер деп аталады. Жоғарғы сезім адамның жан дүниесімен, ақыл, таным процестерімен тығыз байланысты. Сезім дүниесінің бір көрсеткіші – ұят. “Өлімнен ұят күшті” деп, ұят сезімін аса жоғары бағалаған халқымыз оны жеткізуде небір етістікті фразеологизмдерді туғызып, қалыптастырған: бет моншағы үзілу, бетінен оты шығу, сақалы өртену, беттің арын бес төгу, кірерге тесік таппау т.б. Ұялу етістікті фразеологизмдер ұялту етістікті фразеологизмдердің тууына негіз болады. Мұнда негізгі рөлді грамматикалық формалар атқарады: бетімнен отымды шығарды /ұялтты/.
Сонымен, ой, сезім дүниесіне қатысты етістікті фразеологизмдер сан жағынан көзге түспесе де, қоршаған ортаның адам сезім дүниесіне әсерін тіл арқылы жеткізу құралы болып табылады.
“Түркі тіліндегі етістіктердің семантикалқы топтары туралы пікір айтқан ғалымдарымыздың барлығы сапа не белгі процесін білдіретін етістіктерді қалып-сапа етістіктердің жеке тобы, не күрделі тематикалық топтың бір элементі ретінде көрсетеді” 19. 60. Мұндай етістіктердің аясы, көлемі бір дәрежеде анықталмай, топтастырылмай жүргенін айта келіп, А. Османова “сапа я белгі процесін білдіретін етістіктерді қалып етістіктерден бөлек қарастыру” 20. 95 туралы пікір айтады.
Пікірлерді саралай келе, жинақталған материал бойынша, адамның түрлі қалпы мен сапа белгілерін білдіретін етістікті фразеологизмдерді бір мағыналық топтың ішінде қарастырып, оларды қалып және сапа етістікті фразеологизмдер деп атаймыз. Етістікті фразеологизмдер сапа белгілерін білдіреді: қартаю, тозу, өсіп-өну т.б. Мысалы: жер ортасына жету, ес біліп етек жабу, дәм-тұзы таусылу .
Сапа белгілерін білдіретін етістікті фразеологизмнің ішінде өлім-жітімге байланыстылары көп. “Өзекті жанға бір өлім” деп өлімнің бай-кедей, жаман-жақсыға ортақ екенін айта білген қазақ халқының өлім жағдайына байланысты әдет-ғұрып, дәстүрі бар. Осыған байланысты туған тұрақты сөз тіркестері, оның ішінде фразеологиялық тіркестер қаншама… Осы лексика-семантикалық тобына мағыналас фразеологизмді Г. Смағұлова 5 ситуацияға бөліп қарастырып, “барлық тіркес саны – 84” деп көрсетеді 21. 68. Түркі тілдерінде өлімге қатысты тіркестер саны жағынан молдығы көзге түседі. А. Нелунов “Якут тілінде өлімге қатысты туған етістікті фразеологизмдерді саны отыздың үстінде” 2. 18 деп көрсетеді. Қазақ тілінде, біздің есебімізше олардың ұзын саны 70-тен асады.
Қалып етістікті фразеологизмдер, негізінен, адамға қатысты. Оның өмірдегі отырған, тұрған, шаршаған, ұйықтаған қалыптарын, адам мен жануарлар ағзасындағы биологиялық арықтау, семіру сияқты өзгерістерді, тоңіу, терлеу, ауру, шөлдеу тәрізді жағдайларды дөп басып көрсете алады. Мысалы: қол қусырып отыру – еш нәрсе істемей, жайбарақат отыру; қызыл май болу – болдыру, шаршау; көрер таңды көзімен атыру – ұйықтамау; тер тарамысына іліну – арықтау; еті ауырлау – семіру; жағының боздағы шығу – тоңу; буы бұрқырау – терлеу т.б. Адамға тән физиологиялық қалыпты білдіретін етістікті фразеологизмді физиологиялық қалып етістікті фразеологизмдер деп атадық, сонымен қатар, адамның әлеуметтік жағдайын образдылықпен бейнелейтін бірсыпыра фразеологиялық тіркестер бар. Олар адамның материалдық жағдайының жақсаруын /баю/, төмендеуін /кедейлену/ асқа қатысты молшылық пен тапшылықты көрсете алатын қазығына қара оралу, аузынан мәйегі түсу, тақияда тамтығы қалмау, қалтасы жұқару, ақ түйенің қарны жарылу, қара суға қарап қалу тәрізді етістікті фразеологизмдер мен үйлену: біреудің етегінен ұстау, дәм-тұзы жарасу, билікке жету: есіктегі басы төрге жету, қазанның тұтқасын ұстау, сараңдық көрсету: аузын қу шөппен сүрту, тышқан мұрнын қанатпау, еркінен айрылу, еркіндік алу: құрыққа іліну, бұғаудан босау мағыналарындағы етістікті фразеологизмдері әлеуметтік қалып етістікті фразеологизмдер тобын құрайды. Әр топтың қолданылу реті, контекске қарай мағыналық реңктердің байқалуы жағынан ерекшеліктері бар.
Өз алдына лексика-семантикалық тобы ретінде қарастырылған әлеуметтік жағдайды білдіретін етістікті фразеологизмнің ұзын саны осылар деп үзілді-кесілді айту қиын.
Қазақ тілінде адамның көңіл-күйіне қатысты жасалған етістікті фразеологизмдер өте көп. Олар сан жағынан молдығымен қатар, адам көңіл-күйінің құбылуы “қанағат” ұғымымен тығыз байланысты. Егер айналасындағы іс-әрекет, қарым-қатынас сезімін тудырса, ол қанағаттанады, жағымды эмоция туады: қуанады, күледі. Егер қанағат сезімі тумаса, жағымсыз эмоция туады: ренжиді, ашуланады, жылайды. Жағымды-жағымсыз эмоцияға қарай адам көңіл-күйінің “түрленуін” білдіретін етістікті фразеологизмдер 1. Жағымды етістікті фразеологизмдер; 2. Жағымсыз етістікті фразеологизмдер деп топтастырылады. Жағымды эмоциялы етістікті фразеологизмдер: мұртының астынан күлу – мысқыл, екі езуі екі құлағына жету – шын көңілімен күлуді білдіреді, танауы желбіреу, тұла бойы алып-ұшу, қуанышы қойнына сыймау, бөркін аспанға лақтыру т.б.
Ал, жағымсыз етістікті фразеологизмдер жағымды эмоциялы етістікті фразеологияға қарағанда көп. Мәселен, қабағынан қар жауу, тісін қайрау, айдаһардай ысқыру, ит арқасы құрысу 5. 19.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет