Тақырыбы: «Қазақстан -біздің ортақ үйіміз» танымдық сайыс



Дата31.01.2018
өлшемі138,89 Kb.
Тақырыбы: «Қазақстан -біздің ортақ үйіміз» танымдық сайыс

Мақсаты: Балаларға заман талабына сай әр саладағы білімдерін кеңейте отырып, білім деңгейін байқау. Ұлттық мәдениет құндылықтарын бойларына сіңіре отырып, тұлғалардың тапқырлығын, шеберлігін, танымдық қабілеттерін айқындау. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру. Балаларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қазақ елінің ұлттық нышандарын қастерлеуге, жерін, оның табиғаты мен байлық қазынасын қорғауға, ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын айқын, көркем жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға етіп тәрбиелеу

Барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, әріптестер және тәуелсіз елдің ұлағатты ұрпақтары. Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген.Міне біз оғанда қол жеткіздік. Қазіргі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін балалар бойына сіңіру, ұғындару мақсатында «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты танымдық сайыс өткізіп отырмыз. Сайысымызды бастамас бұрын бәріміз әнұранды орындап жіберейік.



Әнұран орындалады

«Балапан» тобы балалары мен ата-аналар додасын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайысқа қатысушыларды қарсы алайық.

(«Көк тудың желбірегені» әуенімен сайысқа қатысушылар ішке кіреді)

Сайысымызды бастамас бұрын сарапшылар алқасын сайлап алайық

(әрбір кезең бойынша қатысушылардың алған ұпай сандарын санап отырады)

Жүргізуші:

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын күшті тындырар күшің барда

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер

Алға қойған мақсатың, ісің барда!-деп сайысымызды бастаймыз

Бүгінгі сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

I кезең «Бәйге»

II кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

III кезең «Тапқырлық кезеңі»

IV кезең «Жүзден жүйрік»

V кезең «Суреттер сөйлейді»

Әр кезеңнің шартымен ойын барысында таныстырып отырамын.

Алдымен сайыскерлер өздерін таныстырып өтсін.

Таныстыру

I кезең «Бәйге»

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,

Шәкірттерге әділ баға беріңіз

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз-деп, бәйге сайысына кезек береміз.

Бұл кезеңде ұяшықтардан ашылған сұрақтарға балалар тез және нақты дұрыс жауабын беру керек. Сарапшылар назарына әр дұрыс нақты жауап үшін 5 ұпайдан беріледі. Ендеше сендердің білімге деген құштарлықтарыңызды дәлелдейтін «Бәйге» сайысын бастаймыз. Дайынбыз ба?

Балаларға сұрақтар:

1.Біз қай Республикада тұрамыз? (Қазақстан Республикасында)

2.Бағдаршамның неше көзі бар? (Қызыл, сары, жасыл)

3.Бір аптада неше күн бар? (Жеті)

4.Республикамыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана)

5.Біз қай облыста тұрамыз? (БҚО)

6.Қ Р Президенті? (Н.Ә.Назарбаев)

7.Тудың түсі қандай? (Көк)

8.Қ Р мемлекеттік тілі?

9.Рәміздерімізді ата?

10.16 желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)

11.Қазақ тарихында тұңғыш ғарышқа ұшқан кім? (Тоқтар Әубәкіров)

12.Ұлтымызды, дінімізді ата

Ата-анаға сұрақтар:

1.Тұңғыш президентіміз қай жылы, қай айда сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсанда)

2.Қ.Р рәміздері қай жылы қабылданды (1992 жылы)

3.Қай жылы, қай айда ұлттық валютамыз- теңге айналымға енді?(1993 жылдың 15 қарашасында)

4. Астана қаласы қай өзеннің жағасына салынған? (Есіл өзені)

5.Болашақ Қазақстанды қалай елестетесіз?

6. Астана Қазақстанның нешінші астанасы? (4)



2 кезең «Жеті жұрттың тілін біл»

Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте-деп Қадыр Мырзәлі атамыз айтқандай, жас өркендердің тіл білімін тамашалайық

Келді кезек жұмбақты шешуге,

Жауаптарын беруге екі тілде

Қазақ және орыс тілін білсеңіз

Жақсы баға шәкірт соған несібе

Бұл кезеңде жұмбақтар жасырылып, оның шешуін екі тілде айту керек. (қазақша, орысша) Жұмбақ шешуін екі тілде айтқандар-5 ұпайға ие болады. Бұны сарапшылардың қатеріне береміз. Ал бастаймыз, мұқият тыңдаңыздар! Барлықтарыңа сәттілік тілеймін!

1.Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю-медведь)

2.Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар (түйе-верблюд)

3.Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады (мысық-кошка)

4.Жұдырықтай қызыл шар, тілді үйірген шырын бал (алма-яблоко)

5.Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды (балық-рыба)

6.Жеті қазынаның бірі, адамның досы (ит-собака)

Ата-аналарға мақал-мәтелдер

1.Отан-елдің анасы,ел-ердің анасы

2.Отан-алтын бесік

3.Отансыз адам-ормансыз бұлбұл

4.Ердің көркі елімен

5.Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің.

6.Ел іші-береке, көп ісі – мереке.

7.Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

8.Туысы бірдің, уысы бір.

9.Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.

10.Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.



3 кезең «Тапқырлық кезеңі»

Бұл кезеңде қатысушылар алдындағы құрастырмалы ойыншықтарды пайдаланып, ой ұшқырлықтарын, шығармашылықтарың танытады. (әуен қосылады, әуен аяқталғанда жұмыстарын аяқтайды)

Жасаған жұмыстарын әңгімелеп береді.

Жүргізуші: Біздердің сайыскерлеріміз дайын болғанша биші қыздарымызға кезек берейік

Би: «Домбыра»

4 кезең «Жүзден жүйрік»

Бұл кезеңде балаларға, ата-аналарына қызықты ұйқастар оқимын олар соны табады. Әр дұрыс ұйқасқа 5 ұпай беріледі

«Қызықты ұйқастар»

1.Өрмекші құрды тұзақ

Менің ұлтым.../қазақ/

2.Аман болсын қарттар

Суықты болар.../қаңтар/

3.Құт-береке жауғыз,

Келе жатқан.../наурыз/

4.Ашытылған қамыр

Мерекелі.../мамыр/

5.Суда жүзер сазан

Айдың бірі.../қазан/

6.Биіктеуде жас қала,

Бас қаламыз.../Астана/

7.Менің досым салмақты

Бұрынғы астанамыз.../Алматы/

8.Тынықтырар түн

Қуаныш сыйлар.../күн/

Ұйқастарды шешу барысында біз «Қазақстан» сөзін шығарып алдық.

5 кезең «Суреттер сөйлейді»

Бұл кезеңде теледидардан ұлы тұлғалардың суреттері пайда болады сіздер соларды табуларыңыз керек әр дұрыс тапқан жауаптарыңызға 5 ұпайдан беріледі.

Жүргізуші: Әділ қазылар сайыскерлеріміздің білімдерін саралағанша, біз келесі кезекті әнге, биге берейік.

Би: «Сарбаздар»

Ән: «Атамекен» хор

Кімдер күшті, кім алғыр,

Әділ қазы көріңіз

Қара қылды қақ жарып,

Әділ баға беріңіз

Әділ қазылар сайыскерлерді марапаттайды.

Қорытынды:


  • Балалар, болашақтың іргесін қалайтын, Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматша сендерсіңдер. Мерекеміз «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні» құтты болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын! Сендерге әрдайым сәттілік тілеймін!


Тақырыбы: «Айлакер алдар көсе»
Мақсаты: Балалардың ертегіні тыңдай білуімен қатар, жағымды және жағымсыз әрекеттерді сезінуге, шындыққа, әдептілікке тәрбиелеу. Ертегі тыңдату арқылы жан-жақты дамуына ықпал ету, есте сақтау қабілетін дамыту.
Барысы:

Шаттық шеңбері

Ұл-қыз сәлем береміз,

Өнегелі өренбіз

Білер қазақ баласы

«Сәлем»-сөздің анасы»

Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар, сендер ертегі көргенді, тыңдағанды және айтқанды жақсы көресіңдер ме? Ендеше мына теледидарға назар аударайықшы. (Алдар көсе слайд тамашалау)

Балалар, біз кім туралы айттық?

Алдар көсе қандай екен?

Ол кімді алдады?

Кімдерге көмектеседі?

Енді біз қазір осы алдар жайында ертегі тамашалаймыз (сахналау)

«Алдар көсе мен бай»

Ертеде Алдар көсе деген айлакер болыпты. Оның атын естімеген адам болмапты. Ол жүрген жерінде байларды алдап, кедейлерге көмек беретін болған. Ол бірде былай деп әндетіп келе жатып

Мен алдармын, алдармын,

Сақалым болса талдармын

Жақсыларға адалмын

Жамандарды алдармын

А-а-а, о-о-о-деп шаршайды да ағаш түбіне жатып дем алады. Сол кезде оның қасынан Шықбермес Шығайбай атымен өтіп баратады да, тоқтап ау сен кімсің деп сұрайды. Сонда алдар тұрып мен атақты Алдар көсемін дейді. Шықбермес Шығайбай осы сені адамдарды алдайды дейді мені де алдашы –дейді. Алдар тұрып мен алдайтын таяғымды үйімде ұмытып кетіппін деп байдан атын сұрайды. Бай оған атын береді. Сонда Алдар атқа мініп алдау деген осы сен енді атыңды көрмейсің деп-кетіп қалады. Шықбермес Шығайбай ойбой мені алдады-деп қала береді. Ертегіде осымен бітеді.

Тәрбиеші: Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?

Алдар кімді алдады?

Қалай алдады?

Енді бір серігіп алайық

Сергіту сәті

Ертегілер елінде

Патша болған арыстан

Жинапты бар аңдарды

Аю келді қорбаңдап

Түлкі келді сумаңдаң

Қасқыр келді арсылдап

Ең кішісі аңдардың

Тышқан екен шиқылдақ

Тәрбиеші: Балалар, біз қандай ертегіні тамашаладық?

Алдар кімді алдады?

Қалай?


Ертегі ұнады ма?

Барлықтарыңызға рахмет. Сау болыңыздар



«Жомарт күздің сыйы»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау. Балаларды ән айтуға, би билеуге ойларын қалыптастыру.
Барысы:

Тәрбиеші:

Келді міне алтын күз, 
Сары шашты жарқын жүз. 
Мол өнімді ісімен 
Таңдандырып халқын күз. 
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!

Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. 

Айару:

Тоңазып атырап, 


Көп жеміс піседі. 
Сарғайып жапырақ, 
Саудырап түседі. 

Бекнұр:

Аспанды сұрғылт бұлт, 
Жан-жақтан жабады. 
Күн бірте суытып, 
Жауын көп жауады. 

Айбибі:

Көк майсалы көрікті, 
Алқаптағы көп егін. 
Бұл күндері киіпті, 
Сары жібек көйлегін. 

Айсұлу:

Ағаштардан жамырап, 
Ұшты кенет жапырақ. 
Ой, алақай, тамаша, 
Шашу шашты жапырақ! 
Ән « Күз жомарт». хор
Тәрбиеші:

- Ал, балалар, балалар, 


Енді бері қараңдар. 
Бізге қонақ келмекші 
Сендерді бір көрмекші. 
Әуелі жұмбақ жасырам, 
Қулығымды асырам. 
Таба алсаңдар шешімін, 
Қонағымды дәл ортаға шақырам. 
Жұмбақ:

Жиып-теріп болатын, 


Қамбаға астық толатын. 
Қызыл қырман ойнайтын, 
Қай мезгіл деп ойлайсың? 
Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен? 
(Балалардың жауабы). 
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенім дей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық! 
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді). 
Алтын күз:

Сәлеметсіздер ме, балалар! 


Сәлеметсіздер ме, қонақтар! 
Мен - Алтын күзбін!

Жайдары, жарқын жүзбін. 


Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма! 


Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы, 


Ойын ойнар түр-түрлі! 
Тәрбиеші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабылалдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! 
Ал, ендеше, балалар,

Бекер қарап тұрмаңдар. 


Жапырақ пен сиқырлы,

Ойынды тез ойнаңдар.

Ойын «Кім тез жапырақтарды жинайды?». 
Ойыннан соң Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! 
Тағы қандай өнер бар? 
Тәрбиеші: Алтын күз менің балаларым өнерлі олардың әндері, билері бар.

Алдымен кезекті әнге берейік.

«Күз» әні Орындайтындар: Қадырбек, Жанар

Тәрбиеші: Күзде өздері пісетін,

Тамаққа кеп түсетін 
Мақтанбақшы сендерге ,

Көкөністер сан түрлі.


( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар айтады). 

Пияз Гүлназ:

Асханадан шықпаймын, 
Атым - пияз, бұқпаймын. 
Көзден жасты шығарам, 
Тұмаудан бірақ сақтаймын! 

Қызанақ Назерке:

Тал шыбығым бұралып, 
Бақшаларда қызарып. 
Тұрған ол мен- қызанақ, 

Күнге қарап ұялып! 

Картоп Ақылбек:

Картоп-біздің атымыз, 


Жерастында жатырмыз. 
Бір тамырдан тараған, 
Ағайынбыз бәріміз! 

Сәбіз Әли:

Өсіретін бойыңды, 
Дамытатын ойыңды. 
Қоянға да азықпын, 
Сәбізбін мен жазықсыз! 

Тәрбиеші: Келесі тамашалайтындарыңыз

«Саңырауқұлақтар»  биі Орындайтындар: Мадина, Бекнұр, Айару, Мұхаммед, Айнаш, Қасым
Алтын күз: Бәрекелді, керемет! 
Тәрбиеші:Алтын күз, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесіз бе? 
Алтын күз: Білмейді екем... 
Тәрбиеші: Ендеше тамашалаңыз.

Ойын «Көкөністерді ажырат». 


Тәрбиешіші: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңіз бе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам. Олар сізге жапырақтармен би билеп бермекші. 
«Жапырақтар» биі. Орындайтындар: Айбибі, Гүлназ, Наргиза, Дильназ, Кәусар, Алина

Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар!  


Тәрбиеші: Алтын күз біздің балаларымыз сізге арнап тағы бір ән сыйламақшы

Ән «Алтын күз»

Орындайтындар: Айсана, Назерке, Айсұлу, Айнаш
Алтын күз: Керемет! Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар!

Келесі кездескенше! 


Тәрбиеші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді). 
Тәрбиеші: Алтын күздің сыйы-жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Тобымызға баруға жиналайық. Ал, келген қонақтарымызға Сауболыңыздар! дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. 
Каталог: uploads -> doc -> 07cd
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07cd -> Сабақ жоспары Сыныбы 11(Ж) сабақ реті: күні


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет