Тақырыбы: Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Тексерген



бет1/6
Дата22.12.2022
өлшемі32,68 Kb.
#163946
түріПоэма
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-5021


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Өздік жұмысы
Тақырыбы: Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні.

Тексерген: Құрмамбаева Қ.С
Орындаған:Бауберікова Н.
Қ-213 топ

Семей,2015


Тәуелсiздiк жылдары қазақ ақындары өлең өлкесiнiң өрелi жанры – поэмаға құлаш ұруын үдете түстi. Ел көгiнде желбiреген азаттық туы қазақ ақындарының шабытына шабыт қосты. Поэма жанрының әр дәуiрдегiдей, ең басты көркемдiк ерекшелiгi бұл жылдарда да айқын көзге шалынады. Ақын атаулының бәрi де өз туындысында өзi өмiр сүрген заманның ең үлкен де ауқымды мәселесiн жырлауды басты нысана етiп ұстайтыны аян. Тәуелсiздiк жылдарында да қазақ поэмаларында қазақ қоғамындағы ең өзектi, көкейтестi мәселелердiң көркем суретке айналғанын байқалады. Қазақ халқына тәуелсiздiктiң аса жеңiл жолмен, көктен оп-оңай түсе қалмағаны тарихи ақиқат. Тәуелсiздiкке ғасырлар бойғы ерлiк күреспен, шиеленiскен тартыспен халықтың әрең дегенде қолы жеттi. Мiне, бұл тарихи ақиқатты эпик ақындар өз шығармаларында басты көркемдiк нысана етiп ұстағаны бiрден көрiндi. Атап айтқанда, ХХ ғасырдың аяқ тұсындағы 1986 жылғы қазақ жастарының орыс империясының отаршылдық озбырлық саясатына қарсы қаһармандық күресiне арналған шығармалар эпикалық жанрда, соның iшiнде поэмада да пайда болды. Бұл ретте атап айтуға тұрарлық көркем туындылар: ақындар Асқар Егеубаевтың “Желтоқсан”, Зәбира Сүлейменқызының “Желтоқсан ызғары”, Несiпбек Айтұлының “Мұқағали–Желтоқсан” атты дастандары. Бұл поэмалар сюжеттi шығармалар емес. Олар жанрдың лирико-публицистикалық саласына жатады. Аталған поэмаларында ақындар сол жылғы (1986, 17-18 желтоқсан) қазақ халқының басынан кешкен қанды қырғынды айқын бейнелеп бердi. Азуы алты қарыс қарулы әскердiң қазақ жастарын аяусыз басып-жаншығанын шынайы шындыққа сәйкес дұрыс суреттедi. Қолында ешбiр қаруы жоқ жас жiгiт, жас қыздардың әдiлетсiздiкке, дүлей зұлымдыққа қарсы ерлiк күресiн биiк шабытпен толғады. Қазақ жастарының қаһармандық тұлғасы осы поэмалардан айқын көрiнедi. Сондықтан да, Асқар Егеубаев, Зәбира Сүлейменқызы, Несiпбек Айтұлының аталған туындыларын тәуелсiздiк жылдарындағы эпикалық жанрдың елеулi жетiстiстiгi деп таныған жөн.
Дәлірек айтқанда Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек», Серік Тұрғынбекұлының «Кейкі батыр», Есенғали Раушановтың «Айша бибі» , «Сары өзен», Бақыт Бәмішұлының «Зуқа батыр», «Тәңір сынағы», Күләш Ахметованың «Қыз-бота», «Үлбір сұлу», Зейнолла Тілеужановтың «Қабанбай» поэмаларының поэтикасы.
Фольклорлық үлгілердегі қиссалар үрдісін, сондай-ақ, дастан сарынын жа­ңаша қалыпта түрленткен ақын Есен­ғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы құрылымы, көркемдік-эстети­калық құндылығы мен өзек еткен оқи­ғасы тұрғысынан алғанда өз алдына ерек­ше көркем дүние. Қазіргі қазақ поэ­масының даму деңгейі, көркемдік-эсте­тикалық сапасы, поэма жанрының зор поэтикалық мүмкіндігі, тың ізденіс пен жаңашылдық төңірегінде ой өрбітсек, алдымен ойға оралып, назар аудартары – осы «Ғайша бибі» поэмасы. Мазмұндық, пішін­дік, стильдік тұрғыдан алғанда поэма жанрында көш бастарлықтай салмағы бар бұл туынды ақын Есенғали Раушановтың талантын жаңа қырынан та­ныт­қанын, оны таланты тегеурінді ұлт ақыны ретінде мойындатқанын ай­та кеткен абзал. Ең әуелі бұл поэманың романтикалық туынды екенін айтқан жөн. Романтизмге тән басты белгі ретінде ерекше жағдайда ерекше әрекет, мінездерімен танылатын ерекше қаһармандар екенін ескерсек, аталмыш поэмаға осы сипат тән. Сондай-ақ, әдебиеттанушы Е.Тілешев «романтизм әдебиеті … лиро-эпикалық поэмалардың өркендеуіне алып келді»– деп атап көрсеткендей, әдістік тұрғыдан ро­ман­тикалық туынды болып саналатын «Ғай­ша бибі» ұлттық әдебиетіміздегі поэма жанрының лиро-эпика деп аталатын сала­сының дүниесі. Ұлы ойшылдардың бірі Гегельдің романтикалық көркемөнердің не­­­­гізгі стихиялық белгісі – лиризм деген тұжырымына сүйенсек ойымыз­ды дәйектей түсеміз. Поэманың маз­мұн­дық-құрылымдық сипаты өте күрделі бол­ғандықтан, талдауды жекелеген бөлім­дер­ге ретпен жүргізгенді жөн көрдік.
«Ділім – қанағат, дінім – табиғат» деген түркі мақалын эпиграф еткен поэманың «Тізгін қағарында» алда айтылар оқиғаға барлау жасалып, түркілер тарихынан сыр тартылады. Таласты таласа емген екі елдің – түркілер мен түркі еместердің тұрмысы мен салты, атағы мен даңқы, салтанаты жырланады. Сонымен, ең әуелгі сөз поэманың «Тізгін қағары» туралы. Ауыз әдебиетіндегі жыршылық мәнерді жазба әдебиеттегі көркем сурет, айшықты тіл, бейнелілікпен ұштастыра жырлаған ақынның сөз кіріспесінің өзі оқырманды елең еткізерлік:
Ғалайкум-ассалаума бас қонаққа,
Сонан соң үлкен-кіші жас талапқа,
Ниетімді жырға бұрдым, жүзімді – елге,
Хиссасын Ғайша бибі бастамаққа [3; 318].
Фольклорлық үлгілерде көбіне тың­дарманға әсер ету басты назарға алынатынын ескерсек, ақынның бұлайша сөз бастауының өзі – шығарма мазмұнына оқыр­­манның назарын аударту мақсаты. Ауыз әдебиетіндегі қисса жанрының қыз­ғы­лықты да шым-шытырық оқиғасы болатыны белгілі. Оқиға желісіне өзек болған халық жадындағы аңыз ақын қолданысында мүлде жаңа қырымен танылып, басқаша бағытта тарқатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет