Тақырыбы: Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Тексерген



бет4/6
Дата22.12.2022
өлшемі32,68 Kb.
#163946
түріПоэма
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-5021

Өздік жұмысы
Тақырыбы: Мемуарлық шығармалар.


Тексерген: Құрмамбаева Қ.С
Орындаған:Бауберікова Н.
Қ-213 топ

Семей,2015


Мемуарлық шығармалар.
Мемуар француз тілінен аударғанда «естелік» деген мағынаны білдіреді. Бірақ мемуарлық шығармалар жай ғана естелік немесе күнделік емес. Деректі шығарма мемуар деңгейіне көтерілу үшін оның авторы өз заманында қоғамдық –саяси өмірдің бел ортасында жүруі және туындысында белгілі бір өңірдің, кейде тұтас мемлекеттің тарихы үшін маңызды оқиғалар мен құбылыстар жайлы баяндауы. Әрі соларға қатысты өз ұстанымы мен бағасын жазуы қажет.
Қандай үлгіде жазылса да мемуарлық шығармалар көркем шығарманың санатына жатады және оның өмірбаяндық, күнделік, естелік ретінде жазылған үлгілері көркемдік тәсіл үлгілері болып қабылданады. Мемуарлық шығармаларда автор өмірде болған оқиғаларды негізге ала отырып, болған, өзінің басынан кешкен оқиғалары мен құбылыстарын нақтылы дерек, фактілерге жүгіне отырып, желі етеді. Сонымен қатар, мемуарлық көркем шығармаларда белгілі бір кезеңнің тарихи, саяси, әлеуметтік кезеңдері қамтылып, жинақталады. Жазушы өзі өмір сүрген кезеңдегі әртүрлі адамдарды өз көркем шығармасына арқау ете отырып, сол кейіпкерлердің іс-әрекетін, мінез-құлқын, жан-дүниесін бейнелеу арқылы сол кезеңнің әсері мен сипаттарын суреттеуге тырысады. Яғни, бұл мемуарлық шығармаларды сол кезеңнің уақыт тынысының әсері, өткен шындыққа авторлық бағаның берілуі басым түсіп жатады. Бұл түрінің басқа түрлерден артықшылығы - өткен, болған жайларға баға берушілік, баяндалып отырған оқиғалардың автордан басқа да куәгерлерінің бар екені. Демек, баяндалған оқиға, суреттелген іс-әрекеттер неғұлым деректі материалдар мен нақты фактілерге көбірек жүгініп жазылса, соғұрлым өмір шындығы да терең ашылғаны болып табылады. Шынтуайтында, мемуарлық шығармаларда деректілік пен нақтылық қатар жүрсе де автордың көзімен көріп, басы-қасында болған оқиғаларды баяндағанда автор өз түсінігі, өзінің сол оқиға немесе құбылыстарға жеке көзқарасы арқылы баға беру жағы басым болады, яғни, авторлық баға берушілікке көп мүмкіндік жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет