Тақырыбы: Қазіргі олимпиадалық тұлғалар


Олимпиада ойындарының ұраны



бет2/7
Дата21.12.2022
өлшемі39,59 Kb.
#163539
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене 1 реферат-1
sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, дәрістер, Плацента
Олимпиада ойындарының ұраны — Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".Ұлттық олимпиада комитеті тәуелсіздікке дейін, 1990 жылы 3 ақпанда құрылған. Содан бері қазақстандық спортшылардың олимпиада ойындарына қатысу мәселелерімен шұғылданып келеді. Тұңғыш президенті КСРО еңбегі сіңген спорт шебері, бессайыстан әлем чемпионы Тимур Досымбетов. Еліміздің олимпиада ойындарындағы тарихы сонау 1956 жылдан басталады. Австралияның қаласы Мельбурнде өткен додада Қазақ ССР-нің өкілі ретінде жеңіл атлет Евгений Кадяйкин қатысты. 3000 шақырымға қашықтықпен жүгіруден финалға өте алмады. Содан бергі уақытта Октябрь Жарылғапов, Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков, Нелли Ким, Анатолий Храпатый, Серік Қонақбаев, Серік Нұрғазов секілді саңлақтар халықаралық байрақты бәсекелерде қазақ жерінің абыройын үстем етті.


Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылданбастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Элладажерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыссияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет