Тақырыбы: Қазіргі олимпиадалық тұлғалар



бет6/7
Дата21.12.2022
өлшемі39,59 Kb.
#163539
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Дене 1 реферат-1
sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, sabaq-kz attachment modul1-4-synyp1-51b36ba1987d6, дәрістер, Плацента
Елдос Бахтыбайұлы Сметов ((9 қыркүйек1992 жыл Тараз Жамбыл облысы) – Қазақстандық дзюдошы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Рио де Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл),Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл). Ол Жапонияның Токио қаласында өткен 2020 жылғы Олимпиада ойындарындақола медаль жеңіп алды
Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Елдос Сметов финалда Беслан Мудрановты ұтқан болатын. Алайда ресейлік жаңартылған IJF рейтингінде алтыншы орында қалды.
Елдос Сметов халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтында 2017 жылдың қаңтарында жаңартылған дзюдо рейтингісіне қатарына кіреді. Ерлер ішіндегі 60 кг дейінгі салмақ санатына Қазақстаннан келген Елдос Сметов жетекшілік етті, ол өткен жылдың желтоқсан айында татами шеберлерінің тізімінде үшінші орынға ие болды. Оның үстінде Азербайжанның Орхан Сафаров (екінші орын) және корейлік Ким Вон Джин (бірінші орын) болды. Қазір жеңіл салмақта жаңа көшбасшы болып келеді. Сонымен қатар, дзюдошының танымалдығы жоғары деңгейде. Әлеуметтік желілерде Елдос Сметовтың 60-тан астам жалған парақшалары бар.


Ольга Рыпакова – Өскемен қаласының тумасы, бұған дейін үш Олимпиадаға қатысып, үшеуінен де жүлдемен оралған тәжірибелі спортшы. Ол үш қарғып секіру бойынша 2008 жылы Бейжің қаласында «күміс» медаль алған, 2012 жылы Лондонда – «алтын» және 2016 жылы Рио-де-Жанейрода – «қола» медаль алған. Одан бөлек, Ольганың еншісінде Универсиада «алтыны» және Азия ойындарының 6 алтын медалі бар. Сондай-ақ, ол әлем чемпионы және 2010 жылғы құрлықтық кубогтің иегері.


Қорытынды
Қорыта айтқанда,Спорттағы ең ірі жарыстардың бірі – Олимпиада ойындары. Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырылады. Осы күнге дейін пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Десе де тұңғыш рет ұйымдастырылған Олимпиада ойындарының алауы осыдан 119 жыл бұрын тұтанған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет